Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
03.11.2014
0
1067
0

7 санын қосу және азайту

Қазақстан, Қызылорда қаласы

№257 орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі

Шуменова Жанар Бигалиевна

Сабақтың мақсаты: 7 қосу және азайтудың әдістерімен танысу.
1. Білімділік: Оқушылардың білім, білік дағдыларының деңгейін есепке алу.
2. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау қабілетін, математикалық тілін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
3. Тәрбиелілік: Мақсатына жету ұмтылдыру, ұқыптылыққа, тапқырлыққа, өздігінен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Үлестірмелі қағаздар, active studio, фигуралар, ойындар.
Сабақтың әдісі: Топтастыру, сұрақ – жауап, ауызша есептеу.
Пәнаралық байланыс: Музыка, психология.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
«Көңіл ашар» (музыка әуенімен мұғалімнің оқушыларға деген лебізі, сабаққа назарын аудару, қызығушылығын аудару)
Тірек білімдерін жетілдіру. (ауызша)
Сұраққа жауап алу,
- Санды немен белгілейміз ? (цифрмен)
- Цифрды біз не істейміз? (көреміз, жазамыз)
- Кесіндіні немен өлшейміз? (см)
- Қандай геометриялық фигураны білесіңдер?
- Қосудың компоненттерін ата?
- Азайтудың компоненттерін ата?
- Қосудың ауыстырымдылық қасиеті жайлы не білесің?
«Сиқырлы сандар». Ауызша есептеу.

« Ғажайып жеті санына» саяхат жасау арқылы 7 санының киелі екенін айту.
Оқушыларды үш топқа бөлу.
1 – топ « Үшбұрыш»
2 – топ « Төртбұрыш»
3 – топ « Шеңбер»

ІІІ. Жаңа сабақ.
1 «Математикалық диктант» жүргізу арқылы, жаңа тақырып аты көрсетіледі.
10 мен 0-дің, 4 пен 5-тің, 1 мен 5-тің; қосындысын табу.
10 мен 5-тің, 9 бен 5-тің, 7 мен 4-тің; айырмасын табу.
ІV. Оқулықпен жұмыс. 1. Кестені жаз және жатта.
+ 7 = - 7 =
Барлығы 6 кәмпит бар еді. 2 кәмпит тәрелкенің ішінде, қалғандары сауыттың ішінде жатыр. Сауыт ішінде неше кәмпит бар?
Шешуі: 6 – 2 = 4 (к)
Жауабы: Сауыт ішінде 4 кәмпит бар.
V. Сергіту сәті.
Бір дегенім – байлық, бақыт бастауы,
Екі дегенім – еңбек,ұмтылыс дәл қасы.
Үш дегенім –үміт, үлгіге жетелеу,
Төрт дегенім – табиғат шынайылық мақсаты.
Бес дегенім – береке, бірлік, үйімде.
Алты дегенім – алатау асқар белінде,
Жеті дегенім – жоғары өрле биікке.

Топпен жұмыс.
Әр топ жеке қағаздар суырып, берілген тапсырманы орындаймыз.
1 – тапсырма: Қосылғыштарының бірі: 7 болатын қосындыны жазу, мәнін табу.
1+ 7
2 + 7
2 + 7
7 + 0
2– тапсырма: Азайғышы 7 болатын айырмаларды жазу, мәнін табу.
7 – 6
7 – 5
7 – 2
7 – 4
7 – 3
7 – 1
3– тапсырма: « Топ үйрек»
Бір топ үйрек ұшып барады.
Олардың барлығы бесеу.
Біреуі жерге қонса, нешеуі қалады? ( 5 – 1 = 4)
4 – тапсырма : «Салыстыру»
2+5*1+5
10-1*9-2+
4+3*3+4
8+2*5+5
5 – тапсырма: Сәйкестік тап.
5+1 ------5
7 – 3 ---- 2
4-2------- 6
7-2 ------4

V. Қорытындылау.
Шығырмақ болып кеше есеп,
Жиналды жеті есек.
Үшеуі ұйықтап отырды,
Ынталысы неше есек? (7-3=4)

Он асықтың үшеуін,
Досын сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі,
Өз қолында қалады? (10-3=7)

Бесбайда бар бес іні,
Елтайда бар екі іні.
Қоссаң бес пен екіні,
Нешеуі болар шешуі? (5+2=7)

Жетіден бірді алайық,
Қанша бала қарайық
Қарайық та санайық
Санайық та табайық. (7-1=6)

VI. «Жүректен жүрекке»

VII. Үйге тапсырма. №5. Кестені жатқа айту.
VIII. Бағалау.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения