Пользователь с логином raihan_2493 не найден.
02.02.2012
0
2938
0

Қара металлургия

Год: 2012

Страна: Казахстан
Класс: 9

 

Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған

№3 облыстық мектеп-интернаты

Байгожина Алмагуль Каримовна география пәнінің мұғалімі


«Қара металлургия» 

Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушыларды білім алуға белсендіру, оқу мақсатын қою арқылы олардың металдар жайлы білімдерін қалыптастыру, Қазақстанның пайдалы қазбалары мен металлургиясы туралы мәлімет беру.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Білім деңгейін арттыру арқылы пәнге қызығушылығын дамыту.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Туған жерге, елге деген және оның қара тасын ардақтаған ғалымдарға құрмет сезімін ояту.
Оқушылардың білімділік қасиеті:
1. Қазақстанның металлургиялық өндіріс орындарын атау.
2. Металдарды алудың өнеркәсіптік әдістері.
3. Металдардың жекелеген қасиеттері бойынша өндірісте, техникада, тұрмыста қолданылуы.
4. Металдардың химиялық қасиеттері.
5. Металдардың тірі ағзалар тіршілігіндегі маңызы.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын сұрау
а) металлургия өнеркәсібі қандай салалардан тұрады?
б) түсті металлургия зауытының орналасуында неге электр энергиясыбасты рөл атқарады?
в) республикамыздың қай ауданы түсті металлургия мәрмәрі деп аталады?
г) қола деген не? Жез деген не?
3. Жаңа сабақ
Мағынаны ажырату
1. Картаны пайдаланып, темір, марганец, хромит кен орындарының орналасуын анықтау.
2. Қара металлургияның негізгі базаларын атау.
3. Қара металлургияның шығаратын өнімдерін атау
I. «Соколов-Сарыбай» кен өндірістік бірлестігі (ААҚ) – темір кентасты концентратын, офлюстелген малта кентас, бөлшектелген шикі кентас, доломит, әктас пен қиыршық тас өндіреді (Қостанай облысы Рудный қаласы).
Құрамына Сарыбай, Соколов, Қашар, Қоржынкөл кеніштері, кентасты шахталар әдіспен өндіретін Соколов жер асты кеніші енеді. «Өркен» ЖШС темір кентасты концентратын өндіреді, бірегей шикізат базасына ие (Қостанай облысы Лисаков қаласы).
II. «Феррохром» ААҚ (Ақтөбе ферроқорытпа зауыты) феррохром, ферросиликохром өндіріледі. Кәсіпорынның жылдық жобалық қуаты 350 мың тонна ферроқорытпа (Ақтөбе қаласы)
III. «Ақсу ферроқорытпа зауыты» ААҚ – Оралдан келетін кварцитті пайдаланып жұмыс істейді. Ферросилиций, феррохром, ферросиликохром, ферросиликомарганец өндіріледі (Павлодар облысының Ақсу-5 қаласы).

Отын
Орналасу заңдылықтары Энергетика
Су

Картамен жұмыс:
1. Қазақстандағы металлургия өнеркәсібі дамыған аудандарды атаңыз?
2. Қазақтың тұңғыш академигі Қ.И.Сәтпаев ашқан өндіріс орындарын атаңыз?
3. ОҚО және Түлкібас ауданындағы кен орындарын атап, картадан көрсетіңіз?
Сабақты бекіту: Венн диаграммасы

Болат Шойын

Үйге: «Қара металлургия» тақырыбын оқып келу және кен орындарын кескін картаға түсіру, металдар туралы реферат жазу тапсырмасы беріледі.
Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения