Пользователь с логином Saule не найден.
22.01.2012
0
9770
3

Жақсы көңіл күй – жан шуағы

Год:2012

Предмет: Самопознание 

Страна: Казахстан


Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
Кусаинова Сауле Зикеновна

Ақмола облысы Көкшетау қаласы,(қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған

№3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты


Жақсы көңіл күй – жан шуағы


Мақсаты: жақсы көңіл күйдің адами-қарым-қатынаста алатын орны туралы оқушылардың түсініктерін кеңейту

Міндеттері:
• өзінің сезімдері мен әрекеттеріне талқылау жасай білуге үйрету;
• өз көңіл күйін, эмоцияларын және сезімдерін басқара білу қабілеттері мен дағдыларын дамыту;
• өз жақындарының ішкі сезімдерін түсіне білуге, адамдарға тек жақсылық нұрын себе білуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер, интерактивті тақта, суреттер

Сабақтың әдіс-тәсілдері: шаттық шеңбері, жаңа ақпарат, дәйексөз, пікірлесу,
сахналау, оқу


Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Шаттық шеңбері
• Адамды қуанышқа кенелтетін оқушылардың бір-біріне игі тілек айту

3. Дәйексөз
• Тапсырмаларды орындау

4 Ойын

5. Жаңа ақпарат
«Көңіл күй – адамның өзіне, өзгеге, қоршаған ортаға деген қатынасының көрінісі.
Махаббат, бауырмалдық,жанашырдық сияқты жақсы сезімдер адамның көңіл күйін көтереді, жанын шуаққа бөлейді, жүрегіне қуат береді»
Жақсы көңіл күй, адал ниет, ақ көңіл адам өмірінің нұрлы болуына, басқалармен тез тіл табыса білуге, сол арқылы өзін қоршаған ортамен жарқын жарастыққа, бауырмалдыққа, достыққа, тіпті бақытқа қол жеткізудің алғышарты

6. Сахналау
• Сыйлаған гүл шоғын қабылдау кезіндегі қуаныш.
• Достарыңмен қоштасу кезіндегі мұң.
• Жақын адамыңмен кездесу кезіндегі шаттық.
• Өз досыңның жеңісіне мақтаныш.
• Өзіңнің жіберіп алған қателігіңе реніш.

7. Ойын
1-2 топ , бір-бірлеріне өз ойларынан түрлі эмоциялар мен көңіл күйлерді бейнелеу. Қарсы топ мұқият қарап тұрып, қандай көңіл күй екенін табады. Қандай белгілер арқылы көңіл күйлерді ажыраттыңдар?

8. Шығармашылық жұмыс
• Қандай нәрселер адамды қуанышқа бөлейді?
• Өзіңді қай уақытта қуаныш сезімі билейді?
• Анаңды қуантқан кездерің болды ма?
• Досыңның қуанғанын қалай білдің?

9. Жағдаяттарды талқылау
«Қуаныш» мәтінің бірнеше бөлікке бөліп оқу, әр бөлігіне талқылау жасау,
сұрақтарға жауап алу
• Көңіліңді, бойыңды бұлақтай таза сақта дегенді қалай түсінуге болады?
• Адамның мінез-құлқындағы «шөп-шалам», «лай-қоқым» деп нені айтар едіңдер?
• Өз бойыңдағы жағымсыз қасиеттерден қалай арылуға болады?

10 Жүректен-жүрекке
« Ертегі сарай» әнін орындайық
Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения