Косымова Дарига Махсотовна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
28.10.2014
0
2325
2

"Құстар класына сипаттама" ашық сабақ

Косымова Дариға Махсотқызы, ЖББ№84 мектептің биология пәні мұғалімі, Алматы қаласы

Тақырыбы: Құстар класының сипаттамасы

       Білімділік: Құстар класын зерттейтін ғылым саласы, құстардың анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері (жылықандылық, қанаттары, ас қорыту, тыныс алу, қанайналым т.б.), құс жұмыртқасының құрылысы туралы түсінік қалыптастыру.

       Дамытушылық: құстардың құрылысы мен мүшелері және мүшелер жүйесінің  сипаты мен атқаратын қызметтерін жорғалаушылармен салыстыра отырып дамыту. Жануарлардың көптүрлілігі туралы бар түсініктерін молайту.   

       Тәрбиелілік: Қоршаған ортаға және оны мекен етуші жануарларға деген қамқорлық сезімін ояту. Пәнге деген және жалпы танымдық қызығушылықтарын арттыру.

       Сабақ түрі: ақпараттыық технологяларды қолдануға негізделген дамыту сабағы

       Сабақ әдісі: әңгімелесу, сұрақ-жауап, балалардың жеке шығармашылық және жазба жұмыстары.

       Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, сызбалар, жануарлардың тұлыптары, муляждар т.б.

       Пәнаралық байланыс: география, тарих.

       Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, олардың зейінін  сабаққа икемдеу.
  2. Үй тапсырмасын пысықтау

1)      Жорғалаушылар класының негізгі ерекшеліктері. (Олар құрылық жануарлары, терісі құрғақ, қанайналымы екі шеңберлі, жүрегі үш камералы, өкпемен ғана тыныс алады. Жыртқыштар, тістері үшкір. Олардың көбеюі мен дамуы сумен байланысты емес. Дене пішіні мен тұрқы әр түрлі. Құрлықта, суда, ағашта, топырақта мекендейді. Оларды зерттейтін ғылым саласын герпетология деп атайды)

2)      Жорғалаушылар класының жіктелуі. ( Төрт отрядқа жіктеледі: тұмсықбастылар, қабыршақтылар, тасбақалар, крокодилдер. Оқушылар оқулық бойынша оқығандарын кезекпен айтып шығады. Тақтадан АйгерімС, Әсем М, Мөлдір М қосымша өздері даярлап әкелген жұмыстарын баяндап, көрсетеді)

3)      Қазақстанда мекендейтін жорғалаушылар туралы көрсетілім. ( ҚР аумағында мекендейтін кесірткелердің 6 (30), жыланның 4 (19) түрлері туралы баяндау. Олар: шұбар батбат, зайсандық батбат, келес, сарлан, үлкен көз кесіртке, шұбар кесіртке. Жыландардан: жолақ, қызылжолақ, бауыр, төртжолақты абжыландар)

4)      Жорғалаушылардың денесінің бөліктері, қаңқасы ( Денесі төрт бөлімді – бас, мойын, көкірек, құйрық. Қаңқасы бес бөлімді – бассүйек, омыртқа жотасы (мойын, арқа-бел, сегізкөз, құйрық), иық белдеуі және алдыңғы аяқтары (жауырын, төссүйек, бұғана, тоқпан жілік, кәрі жілік, алақан сүйектері), жамбас белдеуі және артқы аяқтары (жамбас сүйектері, ортан жілік, асықты жілік, башпай сүйектері), кеуде қуысы (жыланнан басқаларда алғашқы 5 арқа-бел омыртқасы алдыңғы жағында төссүйекпен байланысады)

5)      Жорғалаушылардың ішкі құрылысы. (Тақтаға түсірілген суреттен көрсетеді)

6)      Жорғалаушылар класы бойынша өзін-өзі тексеруге арналған  «Сызықты диктант»

Сұрақтары:

1.      Бауырымен жорғалаушылар ежелгі қосмекенді - сауытбастылардан шықты  +

2.      Бауырымен жорғалаушылар алғашқы нағыз құрлық жануарлары +

3.      Қазіргі заманда жорғалаушылардың 6 отряды бар –

4.      Олардың денесі мүйізді қабыршақпен қапталған +

5.      Жорғалаушылардың терісінің сыртында көптеген бездері болады –

6.      Рептилиялардың мойын омыртқасының саны біреу –

7.      Жорғалаушылардың нағыз кеуде қуысы болады +

8.      Мишығы жетілген, алдыңғы ми сыңарларында қыртыстар пайда болды +

9.      Бауырымен жорғалаушылар өкпе және тері арқылы тыныс алады –

10.  Бауырымен жорғалаушылардың дене температурасы тұрақты –

  1. Жаңа сабақ (оқулықтағы мәтін бойынша жұмыс, оқушыларды отырған қатарларына байланысты үшке бөліп жүргізуге болады, жақша ішінде дұрыс жауап берілген).

1-топ

1)      Құстар класына жалпы сипаттама беру (8600 түрі бар, жылықанды, терісінде бездері жоқ десе де болатын, денесі қауырсынмен қапталған, алдыңғы аяқтары  ұшуға арналып бейімделген, Қазақстанда 500 түрі мекендейді. Құстар ежелгі ұсақ ағаш басында мекендеп, бір ағаштан екінші ағашқа секіре алатын жорғалаушылардан 180млн. жыл бұрын шықты дейді. Оларды көнеқұстар деп атайды. Құстарды зерттейтін биология ғылымының саласын – орнитология деп атайды)

 

2-топ

2)      Дене жамылғысымен таныстыру (Қауырсындар – денесін түгелдей жабын қауырсындар жабады және оның астында мамық қауырсындар орналасады, шетте орналасқан үлкен жабын қауырсындарды -  негізгі желпуіш, демеуші желпуіш, құйрық қауырсындары деп атайды. Қауырсынның теріге енетін бөлігін қаламша, ал өзегін сояу, шашақтарын пәрі дейді. Пәрінің өзі мұрт және мұртшалардан тұрады. Мамық қауырсындар екі түрлі болады: мамық және мамықты қауырсы. Мамықты қауырсынның жұқа сояуы бар, ал мамықта сояу өте қысқа келеді)

 

3-топ

3)      Сыртқы ерекшеліктерімен таныстыру ( Денесі – бас, мойын, тұлға, аяқтардан тұрады. Терісі құрғақ, тек су құстарының құйымшақ бездерінен май бөлініп қауырсындарын майлайды. Неге? Мүйізді астыңғы және үстіңгі тұмсықтары бар. Тістері жоқ. Неге? Тағам көзіне сәйкес құстардың тұмсық пішіндері әр алуан келеді)

 

 

4)      Құстардың қаңқа құрылысы (Экраннан көрсету)

5)      Құстардың ас қорыту жүйесі (Экраннан көрсету)

6)      Құстардың ұшуға байланысты тыныс алу ерекшеліктері

7)      Құстардың қанайналымы

8)      Құстардың жүйке жүйесі мен сезім мүшелері

9)      Құстардың зәр шығару жүйесі

10)  Құстар әлемінен қызықты мәліметтер «Ең, ең, ең ......» (Оқушыларға алдын-ала тапсырмалар беріледі)

  1. Бекіту

1)      Құстар класы өкілдерінің негізгі ерекшеліктері.

2)      Дене жамылғысы мен қанатының құрылысы.

3)      Денесінің сыртқы құрылыс ерекшеліктері.

4)      Құстардың қаңқасы.

5)      Құстардың мүшелер жүйесінің атқаратын қызметтері мен ерекшеліктері.

  1. Қорытынды

       Құстар – дене температурасы тұрақты, жұмыртқа арқылы көбейетін, қауырсынды жамылғысы бар, алдыңғы аяқтары ұшуға икемделген жоғары дәрежеде дамыған омыртқалы жануарлар. Қозғалыс ерекшеліктеріне байланысты құстарды үш топқа жіктейміз – ұшатын құстар немесе қыртөстілер, ұша алмайтын немесе қыртөссіздер және жүзгіш құстар. Жүрегі төрт бөлікті, екі қанайналым шеңберлі, қосралы тыныс алатын, жоғары жүйке жүйесі күрделі құрылымды, дара жынысты, іштей ұрықтанатын, тек ұрықтанған жұмыртқа арқылы ғана көбейетін тіршілік иелері.

 

  1. Рефлексия
  2. Оқушыларды бағалау
  3. Үй тапсырмасы
Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения