Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
20.10.2014
0
1875
0

Бейорганикалық жай және күрделі заттар

Казахстан, г. Кызылорда

Средняя школа №11

Учитель химии

Рекешова Гульнар Исламовна

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: жай заттар және оксидтер, қышқылдар,тұздар,негіздер,олардың аталулары туралы,  қолданылуы ,айырмашылығы,жіктелуі туралы  оқушыларға терең білім беру;

Дамытушылық: оқушылардың өзіндік ізденуін ұйымдастыру және танымдық іс - әрекеттерін жетілдіріп, білімдерін тиянақтап, дамыту;

Тәрбиелік: оқушылардың ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу; пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;

Сабақтың типі: Аралас,сыни ойлау арқылы жаңа тақырыпты ұжыммен меңгеру.

Сабақтың түрі: Ізденіс,жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: танымдық сұрақтар, тірек - сызба, сұрақ – жауап,тестілеу

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, бор, оқулық, тест тапсырмалары, тірек сызбалар,Менделеев кестесі,электронды оқулық,активоуд құрылғысы,бағалау шкаласы т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру: Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру

                              Сыныпты санау арқылы топқа бөлу:

                              Қышқылдар.Тұздар.Негіздер.Оксидтер.(алдарына аттары жазылған қағаз қою)

ІІ Негізгі бөлім:

1 - кезең: Үй тапсырмасын пысықтау (Әр топтан 2 оқушы жауап береді)

Судың табиғатта кездесуі

Судың маңызы

Судың формуласы

Судың құрамындағы сутек пен оттектің валенттілігі

Сутек пен оттектің электртерістілігі

Судың физикалық қасиеттері

Судың химиялық қасиеттері

Қүрамы бойынша су қандай зат

(оқушыларға бағалау жетоны беріледі)

2 - кезең:Қызығушылықты ояту- жаңа ақпаратқа шолу

Мұғалім:Жалпы табиғаттағы заттар нешеге бөлінеді?

 Жай зат пен күрделі заттың айырмашылығы?

Оқушыларға  заттың шар-өзекті моделі көрсетіледі(судың шар-өзекті моделі) және не түсінгендерін сұрау.

Оқушыларға «Бейорганикалық күрделі заттар» ұғымын қалай түсінесіздер? деген сұрақ қойылады.

Бұл сұрақ –оқушыларға білімді даяр бермей, олардың алдында белгілі проблемалы міндет қойып, соны өздері ізденіп шешуіне бағыттайды. Проблеманың болуының негізгі шарты –оқушыда даяр жауап немесе үлгі болмайды және оқушы өзінің білетіні мен білмейтінінің арасындағы қайшылықты, басқаша айтқанда, берілген проблеманы шешуге керекті білімнің немесе тәсілдің жетіспей тұрғанын сезінеді.

Оқушының өзінде бар іздену құралдарымен (білім, икемділік, іздену тәжірибесі, т.б.) шешуге болатын проблемалы жағдай туғызылады. Проблемалық оқыту тек проблемалық жағдай тудырып қана қоймай, оны дұрыс шеше білу тәсілдерін меңгертуді де қажет етеді. Ол үшін мұғалім оқушының материалда кездесетін ой, пікір қайшылықтарын дұрыс аңғаруына жағдай жасап, оны шешудің жолдары мен тәсілдерін меңгеруге, өздігінен ізденудің,зертеудің амалдарын үйретіп, бағыттайды.

 А. ОҚУШЫЛАРДЫҢ СҰРАНЫСТАРЫН БІЛУ.

Оқушыларға «Осы бейорганикалық заттар жөнінде не білгілеріңіз келеді?» деген сауал қойылады,оқушылар осы заттар туралы білгісі келетін нәрселерді алдын ала таратылған кестеге жазады.

Ә.ОҚУШЫЛАРДЫ  ПРОБЛЕМАЛЫҚ ЖАҒДАЙҒА КІРГІЗУ.

ЗАТТАР

             Органикалық                                                            Бейорганикалық

БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ЗАТТАР

(құрамына қарай)

 

                       Жай                                                                   Күрделі

 

Атомдардың бір түрінен                                    атомдардың әр түрінен тұрады

 

 

 

Химиялық реакцияларда бірнеше басқа заттар түзіп, айырыла алмайды

 Химиялық реакцияларда бірнеше басқа      заттар түзіп, айырылады

          О2, Н2, Feжәне т.б.                                          H2O, FeS, NaCl, CO2, KOH және т.б.

 

  Сонымен күрделі бейорганикалық заттарға –оксидтер, негіздер, қышқылдар және тұздар жатады.

Бұл тақырыптардағы жаңасөздер қандай?

Жаңа сөздер:               Оксидтер

                                             Негіздер

                                             Қышқылдар

                                             Тұздар

                             Б.ЖАЛПЫ ТАЛҚЫЛАУ

Бұл кезеңде оқушылар өз ұсыныстарын, пікірлерін ғылыми негізде қорғайды, яғни төрт топтағы  оқушылар өз жауаптарының негізінде бейорганикалық заттарды жоспар бойынша -формуласы,құрамы,анықтамасы,түсіндірме сызбасы,  жіктелуін, , қолданылуы тақтада дәлелдейді.(Тапсырманы әр топ  ватманға орындайды)

Осыдан кейін мұғалім көмегімен,сұрақ-жауап арқылы, оқушылар күрделі бейорганикалық заттарды бір жүйеге келтіріп,дәптерлеріне сызады.

Қышқылдық оксидтерді теріп жазыңдар:

                                               

                                                 Екі негізді қышқылдарды теріп жазыңдар:

                                                

 

                                                Суда ерітмейтін негіздерді теріп жазыңдар:

                                              

                                               Орта тұздарды теріп жазыңдар:

                                            

Қышқылдар

Оттекті

Оттексіз

Бір негізді

Екі негізді

Үш негізді

 

 

 

 

 

 

 

Оксидтер

Қышқылдар

Негіздік оксид

Екідайлы оксид

 

 

 

 

 

Негіздер

Суда еритін

Суда ерімейтін

Екідайлы оксид

 

 

 

 

 

Тұздар

Орта тұздар

Қышқыл тұздар

Негіздік тұздар

 

 

 

 

 

ІІІ Қорытынды:

1.Активоуд арқылы тест тапсыру-жаңа тақырыптан алған білімдерін бекіту.(Жаңа тақырып бойынша 12 сұрақтан тұратын,3 нұсқасы бар тест алынады)

2. «Сәйкесін тап» - Күрделі заттардың формуласын сәйкестендіріп табу

3.Есеп шығару.(Кім жылдам?)

Қышқылдар:  H2SO4-тің құрамындағы элементтердің массалық үлесін есептеңдер.

Тұздар:     NaCl –дегі элементтердің электртерістілігін,тотығу дәрежесін есептеңдер.

Негіздер:      Аl(Cl)3-дегі  алюминий неше валентті.

Оксидтер:        Р+О2→Р2О5  - тотығу-тотықсыздану реакциясын орындаңдар.

(барлық тапсырмада оқушыларға бағалау жетоны беріледі,оны бағалау шкаласына оқушы жапсырады ,сол бойынша сабақ соңында оқушылар бағаланады.)

4.Жеке тапсырма .(сабаққа белсенділігі төмен оқушыға беріледі) Таратпа материалмен жұмыс.

ІV.Сергіту сәті: Оқушыларға 1минуттық жаттығу жасату.

V.Үйге тапсырма: 1.Оқулықтағы 44,45,46,47,48-тақырыптарды оқу.

                                2.Кестелерді дәптерге сызу

                                3.Жаттығулар орындау.

VІ.Бағалау. Журналға , күнделіктеріне баға қою.

VІІ.Келесі сабаққа болжау.

Сабақ соңында оқушыларға парақшалар таратылады.Онда:

Сабақ ұнады ма?

 Не білдім?

Не білгім келеді?    деген сұрақтар жазылған.

Оқушылар сол сұрақтарға жауап жазып ,тақтаға жапсырып кетеді. Мұғалім келесі сабақтың жоспарын сол жауаптардың ретіне қарай құруына болады.

 

                                                Әдебиеттер

  1.       Н.Нұрахметов,    К.Сарманова «Химия 8 сынып», «Мектеп».Алматы.2004
  2.       Б.А.Бірімжанов.  «Жалпы химия»,Алматы.2001

Г.Е.Рудзитис,Ф.Г.Фельдман. «Химия 8 сынып», «Мектеп».Алматы.2001

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения