Искакова Дамежан Шаймурановна
Должность:учитель казахского языка и литературы
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Северо-Казахстанская область, района Магжана Жумабаева, г.Булаево
18.10.2014
0
4823
11

С. СЕЙФУЛЛИННІҢ «СЫР САНДЫК» ӨЛЕҢІ (7- сынып)





С. СЕЙФУЛЛИННІҢ «СЫР САНДЫК»

ӨЛЕҢІ

(7- сынып)

 

 

Мақсаты: С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңінің тақырыбын, идеясын, көркемдік шеберлігін ашуға үйрету.

Міндеттері: 1. Сәкеннің өмірі мен шығармашылығы жайлы түсініктерін кеңейту, тақырыбы мен идеясын ашу арқылы сөз өнерінің құпия сырын түсіндіру.

2. Шығармашылық ізденіске бағыттау. Сөз өнеріне қызығушылығын арттыру поэзияны түсінуге, сырына үңілуге шақыру.

3. Оқушылардың дүниетанымын, адамгершілік қаситеттірінің көзін аша отырып, рухани бағдар беру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: топтастыру, ойталқы, талдау, пікірталас.

Сабақтың барысы:

І. Психологиялық дайындық. (бір топ екінші топқа хормен жылы лебіздерін білдіреді. (1 топ-екінші топқа, екінші топ – 3 топқа, 3 топ – 4 топқа, 4- топ ұстаздарға, ұстаздар – 1 топқа, шар сыйлап отырады.)

ІІ. Оқушыларды топтастыру (оқушыларға «Дос, Жолдас, Сырлас, Ниеттес» сөздері таратылады және осы сөздер бойынша жаңа топ құрады

І топ – Дос, ІІ  топ – Жолдас, ІІІ  топ – Сырлас, ІV топ - Ниеттес)

- Балалар, қалай ойлайсыңдар бұл сөздер сендерге не айтады? – Неге мен сендерді осылай топқа бөлдім деп ойлайсыңдар?

ІІІ. Топтың ережесін хормен қайталау.

ІV. Жаңа тақырып. (Музыка тыңдай: Сәкен Сейфуллиннің өлеңі «Тау ішінде»)

- Балалар, жаңағы орындаған ән кімнің әні деп ойлайсыңдар?

- Жақсы, балалар, Бұл Сәкен Сейфуллиннің әні,. Балалар, мен сендерге өткен сабақта С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығын толық зерттеп, деректер жинақтап келіңдер деп, іздену жұмыстарын берген болатынмын.

- Кәне, олай болса Сәкен жайлы ойларымызды ортаға салайық. (Әр топқа кеспе таратылады)

1- топ - Сәкен Сейфуллиннің өмірбаяны туралы айтып беріңдер;

2-топ -  Ақын мұрасының зерттелуі

3-топ – Ақынның өлеңдері, поэмалары;

4- топ – романдары, повестері

(Оқушылар бір-екі минут дайындалады және талдау жұмысы басталады)

 

Өмірбаяны

Ақын мұрасының зерттелуі

Өлеңдері мен поэмалары,

пьесалары

Романдары мен повестері

-1984ж15.10  қазіргі Қарағанды облысы, Ақадыр ауданы, Қарашілік қыстағында дүниеге келген, шын аты- Сәдуақас, әкесі Сейфолла,саятшы, домбырашы, ашық адам, Анасы – Жамал әңгімешіл, өнерге жақын адам, Әйелі – Гүлбаһрам, қызы – Лаура, ұлы – Аян.

-1905-1908жж  Нілдідегі орыс-қазақ мектебі

- 1908-1910 Ақмоладағы бастауыш приход мектебін

- 1910-1913жж қалалық училищеде ;

- 1913-1916 жж Омбы мұғалімдер семинариясында оқыған;

- Сілеті-Бұғылы атындағы мектеп ашып, мұғалім болып қызмет етті.

-«Тіршілік» газетін шығаруға қатысады.

- Атаман Аннековтың азап вагонында қиындықтар кешеді;

- 1913 ж 3 сәуірде қашып шығады

1920ж Ақмолаға қайта оралады.

- «Еңбекші Қазақ» газетіні, «Қызыл Қазақстан», «Әдебиет майданы» журналының редакторы

- Оқу-ағарту ісінде сабақ береді;

 

Сәкен мұрасын зерттеуші, Сәкентанушылар: Е.Ысмайылов, С.Талжанов, С.Қирабаев, К.Садыққызы,

Ғ.Мүсірепов,

Г.Серебрякова,

Сәбит Мұқанов,

Т.Кәкішев және т.б.

Т.Кәкішев Сәкен өмірі туралы «Қызыл сұңқар» (1968ж)атты кітап жариялады, Кейін ол Москвада «Тамаша адамдар өмірі» сериясында «Сәкен Сейфуллин » деген атпен басылды (1972)

Өлеңдер жинағы:

- «Өткен күндер»1914 ж. Қазанда,

-«Асау тұлпар» 1922 Орынбор

-«Домбыра»,   1924ж

Орынбор.

- «Экспресс»;1926

Қызылорда.

-«Тұрмыс толқынында»

1928 , Қызылорда;

Поэмалары:

-«Көкшетау», 1929

Қызылорда

-«Альбатрос» 1933 Алматы

- «Қызыл ат», 1934

Алматы;

- «Социалистан»

1935, Алматы

Пьесалары:

«Бақыт жолында»; «Қызыл сұңқарлар»  пьесалары;

 

 

Романдары:

«Тар жол тайғақ кешу»; 1927 тарихи- мемуарлық

Повесттері:

«Жер қазғандар» 1928. Қызылорда

«Қазақ әдебиеті» 1932 Алматы

«Айша»1935, Алматы

«Жемістер»1935

 

«»

 

 

V. Естеліктер сыр шертеді ( слайд арқылы көрсетіледі)

-         Дұрыс, балалар, сендер Сәкен Сейфуллин туралы көп мәлімет жинапсыңдар,

-         Сонымен, Сәкен жайлы ой-пікірлерімізді тұжырымдай келсек, Сәкенді кім деп айтуға болады екен.

VІ.  Сәкен суреті, сұлулығы. (слайд, ) «Буденныйдың мұртындай қайырып тастаған мұрты, қара толқынды келген шашты, өзі аққұба, көз қиығы ерекше, денесі сом, ердің ішіндегі аса бір сымбаттысы, кісілігінде еш бір мін жоқ»

                                           Ғабит Мүсірепов «Ескірмейді естелік» кітабынан

 

    - Балалар, осындай қабілетімен қоса, ол кісінің сыртқы бітімі, кескін-келбеті қандай екен? (Өте, сұлу, көрікті, әдемі болған)

-          Дұрыс, айтасыңдар, осы жерде С.Мәуленовтың мына өлең жолдарын

-         айтпай кету мүмкін емес, өлең жолдары ерікісз тіл ұшына оралады.

Өмірде жан екенсің қия алмайтын

Өлеңнің құшағына сия алмайтын.

Қазақты көргің келсі, міне, осы деп

Көрсетсе жер жүзіне ұялмайтын.

VІІ. Сыр сандық өлеңі.

А) – Осындай сырты сұлу жанның іші де сұлу. Ішкі жан сұлулығынан шыққан өлеңдерінің бірі  - «»Сыр сандық

Балалар, жан сұлулығы дегенді қалай түсінесіңдер?

Өлеңнің тақырыбын ашайық. «Сыр сандық» деген сөздің мағынасын ашайық.

- «Сыр» деген не? ( әркімнің өзіне тән, өзгеге белгісіз  ойы, ішкі құпиясы)

- «Сандық деген » не? Оған қандай заттар саламыз?

- «Сыр сандық» дегендегі «сандық» сөзі қандай мағынада тұр.

Ал, адамның сыр сандығы дегенді қалай түсінесіңдер?

Олай болса, Сәкен ағаның айтайын деген сыр сандығы адамның ішкі құпиясы екен.

Ә) Мәтінмен жұмыс. / Өлең аудио жазбаға жазылған, соны қосамын, оқушылар тыңдайды/

Б) топқа бөліп оқыту.

- әр топ өз пікірлерін айтады.

В) Өлең қандай өлең? / лирикалық/

Лирикалық кейіпкер- өлеңдегі ішкі сезімін, көңіл-күйін білдіретін ақынның өз бейнесі, жиынтық образы.

-Лирикалық өлеңдегі кейіпкер кім? / ақынның өзі/ лирикалық кейіпкер – жаны таза адам.

- «Сыр сандық» өлеңін Сәкен ағаларың қандай жағдайда жазды деп ойлайсыңдар?

(Бұл «Сыр сандық» өлеңі 1926 жылы жазылған.Ақын өлеңін «Досқа жазылған хат» деп атаған.Ақын өміріндегі 1923 жылы Қызылжар қаласында болған жағдайға байланысты туған.Халық комиссары Сәкенді бір сапарында вокзалдан күткен досы Шәріпжан Тотоев аяғын сындырып алады.Бірақ кейінгі бір кездесуге Сәкенді танымайды,шақыртқанға келмепті.Сонда көңілі қалған Сәкен ақын: «Үлкен шенділерге табынғыш,жарамсақ.Былтыр күтіп,аяғын сындырған доссымағым ұлық болсам шырқ айналар соқыр тауық болғаныма?» дегенді ойлапты.Әрине,бұл дерек Сәкен туралы естеліктерде(фил.ғыл.докторы С.Талжанов) осылай сақталғанымен,Сәкен бұл өлеңінде шынайы адал достықты тілге тиек еткен.Өмір,достық туралы терең толғанған ақынның жаны таза,ешкімге қиянаты жоқ.Адалдық  пен  арамдық,мансап пен ар-ұждан,достық пен қастықтың ара жігін аша жазып,адам үшін құнды  байлық-достықты жырлайды.Дос көңілін шыңдағы қоймаға,алтын сарайға балайды.Лирикалық кейіпкер ақынның өзі достық сезімін құзды шыңға,нулы шатқалға,мөлдір суға,қымбат жасауға ұқсатады.Жанама,жағымсыз достарды қаламайды.Алтын сарай- шын достыққа нағыз дос ие болады дегенді айтады.Сұлу пернелер-адам бойындағы  жақсы,жағымды қасиеттер.Адамдағы асыл қасиеттер шын достыққа  жеткізетінін ақын тебірене жырлайды.

- Өлеңнің тақырыбы мен идеясы не екен?

-         Адал достықты дәріптеу,

Тақырыбы ше?

-         Адал дос болу үшін оның бойында қандай қасиеттер болу керек?

/ адалдық, әдептілік, мейірімділік, шыншылдық, сенімділік/

Ал, Бұл қасиеттерді бойына жинақтаған адам кім?

/адамгершілігі мол/

Ендеше өлеңнің тақырыбы не екен? / адамгершілік/

VІІІ. Топтық жұмыс.

1 топ - Өлең құрылысына талдау

Сыр| сан|дық|ты| а|шып| қа|ра|,       А

                                            А|шып| қа|ра|, сыр|ла|сым|,        Б

                                            Сым| пер|не|ні| ба|сып| қа|ра|,    А

                                            Ба|сып| қа|ра|, жыр|ла|сын|!        Б

Өлең тармақтан, бунақ, шумақтан тұрады.

4 тармақты,2 бунақты,7-8 буындық, шалыс ұйқасқа жатады.

 

2 топ – Эпитетті табу

Эпитет – белгілі бір құбылысты көз алдына елестету үшін бейнелеп айтылатын сөздер.

(нағыз дос, сымбатты тау, құзды шат, аққан су, сылдыраған бұлақ, шың басы, алтын жазу, қымбат жасау, сыр перне, алтын арай, сұлу сым.т.б.)

3 топ -  Эйлер дөңгелегі арқылы адал және арам  достыққа  байланысты мақал-мәтелдер жазу.

 

 

 

 

 

 

 

1. Жақсымен дос болсаң, жетерсің мұратқа, .... жаманмен дос болсаң, қаларсың ұятқа

2. Досты берік сақта, Дос сенімін ақта.

3.Болмасын амал достық, Болсыншы адал достық.

4.Шын достықты жасайық, Дұшпандықтан қашайық.

4 топ – «Адал дос» тақырыбына шағын ойтолғау жазыңдар.

 

ІХ Сабақты қорытындылау.

- «Сыр сандық» өлеңі қандай толғаныстан шыққан шығарма? («Сыр сандық» өлеңі ой мен сезім терең қабысқан,өмір, достық, адам тағдыры туралы үлкен толғаныстан шыққан шығарма.)

- Ақын тек қана өз жайын, өз мұңын ғана айтып отыр ма? (Ақын тек өз жайын, өз басының мұңын, өзінің арманын ғана айтып отырған жоқ, жалпы адамзатты ғана толғандыратын, жалпы адам баласын ойландыратын құндылықтарды жырлап отыр.)

 

Бірақ, бір нәрсе анық. Нақақтан күйіп кеткен Сәкендей асыл ағаларымыздың обалы – опасыз суайттарда, екі жүзді көлгірлерде, «басыңа бұлт төнсе» іздеп таба алмайтын «көлеңке-доссымақтарда». Олардың бойында оянбай қалған адамдық қасиеттеріне тамызық болып ояту – біздің адамзат алдындағы борышымыз.

Рефлексия:

Сабақта қандай сезімде болдыңыз, қандай әсер алдыңыз?

                   

Х. Үйге тапсырма: «Сыр сандық» өлеңінен үзінділер жаттау, «Досқа айтылар сыр» ішкі толғаныстарын монолог түрінде жазу.

ХІ Бағалау.

Бағалау парағы

 

Оқушының аты

Ауызша сұрақтар

Ақынның өмірбаяны және шығармашылығы

Мәтінмен жұмыс

Топтық жұмыс

Баллдар жинағы

1

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

 

4

 

 

 

 

 

 

 

 С. СЕЙФУЛЛИННІҢ «СЫР САНДЫК»

ӨЛЕҢІ

(7- сынып)

 

 

Мақсаты: С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңінің тақырыбын, идеясын, көркемдік шеберлігін ашуға үйрету.

Міндеттері: 1. Сәкеннің өмірі мен шығармашылығы жайлы түсініктерін кеңейту, тақырыбы мен идеясын ашу арқылы сөз өнерінің құпия сырын түсіндіру.

2. Шығармашылық ізденіске бағыттау. Сөз өнеріне қызығушылығын арттыру поэзияны түсінуге, сырына үңілуге шақыру.

3. Оқушылардың дүниетанымын, адамгершілік қаситеттірінің көзін аша отырып, рухани бағдар беру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: топтастыру, ойталқы, талдау, пікірталас.

Сабақтың барысы:

І. Психологиялық дайындық. (бір топ екінші топқа хормен жылы лебіздерін білдіреді. (1 топ-екінші топқа, екінші топ – 3 топқа, 3 топ – 4 топқа, 4- топ ұстаздарға, ұстаздар – 1 топқа, шар сыйлап отырады.)

ІІ. Оқушыларды топтастыру (оқушыларға «Дос, Жолдас, Сырлас, Ниеттес» сөздері таратылады және осы сөздер бойынша жаңа топ құрады

І топ – Дос, ІІ  топ – Жолдас, ІІІ  топ – Сырлас, ІV топ - Ниеттес)

- Балалар, қалай ойлайсыңдар бұл сөздер сендерге не айтады? – Неге мен сендерді осылай топқа бөлдім деп ойлайсыңдар?

ІІІ. Топтың ережесін хормен қайталау.

ІV. Жаңа тақырып. (Музыка тыңдай: Сәкен Сейфуллиннің өлеңі «Тау ішінде»)

- Балалар, жаңағы орындаған ән кімнің әні деп ойлайсыңдар?

- Жақсы, балалар, Бұл

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения