Сауле Жақайқызы
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
18.10.2014
0
508
0

«Бастауышым балбұлағым»





Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы
М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі Жақайқызы Сауле



 

 

Тақырыбы: «Бастауышым балбұлағым»

   Мақсаты: 1. Білім негізі бастауыштан қанаттанатын оқушылық өмірдің бастапқы баспалдағын аяқтаған бүлдіршіндердің аяулы ұстазы мен қоштасу рәсімін жасау.

                     2.Өз мектебіне ата-анасына, ұстазына, жолдасына деген жауапкершілік сезімін

дамытуға жағдай жасау.

                     3.Отанын, елін, мектебін құрметтеуге, сүюге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: «Бастауышым балбұлағым»  сөзі жазылып тұрады,нақыл сөздер, мақал-мәтелдер. Шарлармен гүл-ленталармен безендірілген.

 

Мұғалім:           Құрметті қонақтар! Қымбатты ұстаздар, аяулы ата – аналар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр. Сонымен «Бастауышым балбұлағым» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз
Бесіктегі баланың, күлгенін көрген - бір бақыт.
Алдына түсіп ананың, жүргенін көрген – бір бақыт! – дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектеріміз бүгін сіздер үшін бар өнерлерін көрсетіп, тағы да бір бақытқа кенелтпекші!
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық
4 «г» сыныбын ортамызға!
Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.

(Әсем әуен ойналады, ортаға түлектер келеді)

Оқушыларды марапаттаулар арқылы шақыру.

Аудандық «Зерде» ғылыми жұмысының 2-орын иегері Қаршығаева Айнұр.

Халықаралық «Пони» конкурсының сертификатының Иса Рүстем және Балмұхан Райымбек.

Ауыл әкімінің алғыс хаты иегері және  Айғалиқызы Нұрдана

«Көктем аруы» сайысының 3 орын, әрі «Король и королева письма» конкурсының 1 орын иегері Берікбаева Раулана.

Мектепішілік олимпиаданың дүниетану пәні бойынша 2 орын, Аудандық топтық олимпиаданың 2 орын иегері Нұраш Ақторғын.

Жас ақындар мүшәйрасының 3 орын иегері Ходжаназарова Ақжүніс.

Мектепішілік шығарма сайысының 3 орын иегері Бітмалиева Әсемай

-                               Осында тұрған әрбір оқушыны қолынан ұстап, партаға отырғызып, әріп танытқан ұстазыда осында. Ендеше Арна апай бүгінгі шәкірттеріңіздің өнерін тамашалаңыз.

-                               «Есте қалар бір сәт!» видео роликті тамашалаймыз.

-                               Ендеше оқушылар бүгінгі

Нұрдана.        Есігіңді алғаш ашқан балаңа,

                       Құшақ жайдың мектебім сен қуана

                       Сол бір сәтті мәңгі ұмыта алам ба?

                       Сенен артық дүниені табам ба?

 

Бақытбек.     Бірдей біздің ойымыз да, сырымыз,

                       Бір мектептің ұлы менен қызымыз.

                       Бірдей өстік оқуда да, еңбекте,

                       Күліп –ойнап бірімізбен-біріміз.

 

Ақторғын .    Мектебімде шырқалмаған жыр бар ма?

                       Мектебімде айтылмаған сыр бар ма?

                       Мектебімде алаулаған жас жалын,

                       Кетер мәңгі сөнбей талай жылдарға

                       Мектеп,мектеп- ашық жарқын көңілім

                       Мектеп,мектеп- шаттық толы өмірім

                       Мектеп,мектеп әнім болып төгілдің,

                       Мектеп,мектеп жан анам боп көріндің.

 

Сабыржан.  Өткіздім мұнда балғын жасымды мен

                      Жаныма сіңді сенің асыл киең.

                      Сарқылмас бастаусың ұлылықтың,

                      Мектебім саған мәңгі басымды ием.

Хор: Мектебіме мың алғыс

Саясат.   Шәкірттердің тыңдап жауап сұрағын,

              Жас санаға төгіп білім шуағын.

              Хат танытып жол сілтеген өмірге,

               Барша жанға құрметті жан-мұғалім.

 

Райымбек.  Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім,,
Басталған ақ батаңнан жас талабым.
Ұғындым ұлылықтың, даналықтың,
Ұстаздың ұлағатынан басталарын

.

Өмірге жол бір өзіңнен бастадым

Алфавитті алғаш сенде жаттадым.

Ұстаз- ана естен кетпес мәңгілік,

Мейіріміммен арқамыздан қаққаның.

 

Ақбота .   Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,

                Бар асылын бізге жиып, мол береді.

                 Қанатымен су себелеп асыл жан,

                  Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.

 

                  Байсалды мінезіңнен бір қалыпты,

                  Менің де көкейімде із қалыпты

                  Ұстаттың қағаз , қалам қолыма өзің,

                  Ерінбей үйреттің де дер әріпті.,

 

Ақбидай. Көңілін бар шәкірттің таба алатын,

                Кеуделерге намыс отын жаға алатын,

                Өзіңдей болса, шіркін барлық ұстаз,

                Жез таңдай, күміс көмей, сөзі алтын.

Хор: Ұстазым

 Мұғалім: «Жақсы мұғалім - мектептің жүрегі» -  деп бекер  айтылмаған. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі.  Ендеше 4 жыл  бойы ұстаздарымыздан   алған  білімдерімізді көрсетейік.

Бастауышта түрлі пәнді оқыдық,

Ойға білім тоқыдық.

Көрсетеміз сіздерге,

 «Не үйрендік , не білдік?» деп келесі «Білім» орталығына көшеміз.

Ана тілі:

Математика:

Қазақ тілі:

Дүниетану:

Әдебиет орталығы:

Рүстем:

Кемшілікті кезінде,

Кесіп айтар  өзіне.

Өнеге  мол өзінде,

Өсиет көп  сөзінде.

Көңілінің  хошын-ай

Көп шәкірттің  досындай,

Сәуле  апай  осындай.

Ақжүніс:

Үйренеміз жалықпай,

Орыс тілін шарықтай.

Тіл сындырып,ән айтып,

Шаттанамыз қалықтай,

Аманбибі  апай тәлімі

Сәулелісін шашқан жарықтай.

Қадір:

 Сөз сөйлесе  жарқын-ақ,

Күніміздей  жарқылдап.

Қызық  өтіп  сабағы,

Өсіреді  ой  сананы.

Біздермен  ойнап – күледі,

Сырымызды біледі.

Ақбала  апай  қашанда,

Қамқор болып  жүреді.

 

Әсемай:

Баулыған әрбір  өренді,

Гүлбану апай өнерлі.

Өз  ісінің  шебері,

Әр сөзі  мәнерлі.

Қызықтырып өмірге,

Әнді  үйретіп  келеді.

Мінезі  сондай  сабырлы,

Сізге ұқсағым  келеді.

                              Мінезі жайлы, жайдарлы  қызығасың,

                                       Кейде ашусыз мінезіне табынасың.

Күліп жүрер үнемі Нағима апай

Бейнелеудің қыр-сырын ұғынарсың!

                             

 

Раулана.                              Білімнің байыбына барып терең,

Арна апай бастап еді әліппеден.

Жаны асыл ұстазымызға  мың бір алғыс,

Бастаған тәрбиесін алып келем.

                              Көрмеген артық күліп, артық жүріп,

Шәкіртіңді баулыдың тәртіпті ғып.

Қоштасамыз біз бүгін, өзіңізбен

Шәкірттердің алғысын айтып тұрып.

 

Айнұр:

Оқытты ұстаз – анамыз

Өсті  білім  санамыз,

Білгіш ер  боп  өсетін,

Біз  бақытты  баламыз.

Бойымызда   бұлан  күш,

Еркін  өскен  ұланбыз.

Оқу-білім  үйреткен,

Ұстаздарға  мың  алғыс!

Хор :Ұстаздарға  мың  алғыс!

-          Ендеше сөз кезегін оқушыларымызға алғаш қалам ұстап , әріп танытқан алғашқы ұстазымыз Арна апайымызға береміз.

«Ғылым»  орталығы

-          Сыныбымызда 2013-2014 оқу жылында «Мал жүнінен жасалатын бұйымдардың танымдық тағылымы» тақырыбында Қаршығаева Айнұр аудандық көлемінде ғылыми жұмыс қорғап, 2 орынды иеленді. Айнұрдың сол тақырыпқа зерттеу жүргізу сәтін көрелік.

-          Ендеше осы Айнұрды ғылыми жұмыс қорғауына үлкен үлес қосқан, мен қайда барайық десем сонда барған Айнұрдың ата-анасына алғыс хат табыс етуге рұқсат етіңздер!

-          Жақсы балалар, бәріңде білімді екенсіңдер! Ұстаздарыңның үмітін ақтадыңдар! Ендеше сендерде қандай өнер бар , соны көрелік»\

«Өнер» орталығы

Қазақ биі: Орындайтын Ақбидай, Нұрдана,Ақрыс

Ән: Анашым. Орындайтын Ақторғын

Би; Үнді биі

КВН

Ән : Раулана

Би; Өзбек биі

Ән: Райымбек пен Бауыржанның орындауында

 

Тайыр. Аналарды сүйеміз,

               Ақылын ойға туйеміз

               Әкені де ардақтап,

               Әдеппен бас иеміз.

 

               Ел жатқанда жатпаған,

               Мен деп тыным таппаған.

               Бақытты үшін баланың,

               Аман – сау бол ақ мамам.

 

Құралай . Кір түсірмей жағаға,

                Шашымды да тарайсың.

               Мектебіме барарда,

               Мейірлене қарайсың.

              

              Тау қопарып тасты ұрып,

              Тұрғыздың сен не қала.

              Саған қандай жақсылық,

              Жасай алам мен ана!

Саяхат:

 

-          Бүгінгі мерекемізге өздерінің әлпештеп өсірген балаларының мерекелерін қызықтауға ата-аналарымызда келіп отыр екен. Ендеше сөз кезегін ата-аналарымызға берейік.

-          Сонымен бірге осы үнемі мектепте оқушылардың жанында бірге жүріп, оларға және маған әрдайым керек кезде қасымызда табылған Жолдасбаева Қанбибіге алғыс хат тапсырамын.

-          Күндіз түні ойладыңыз бала қамын

Тынымсыз атып жатыр әрбір таңын

Басқарып меңгеруші  боп осы ұжымды

Баршаны аялаған алақанын – дей келе келесі сөз кезегін мектебіміздегі бастауыш сыныптар бойынша оқу ісінің меңгерушісі Үмбетқалиева Заря апайға сөз береміз.

Ұстаз тілегі:

Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,

Сенімдердің айналыңдар серперіне.

Ұстаздық ақ жүректен  мен тілеймін,

Тек сәттілік – шәкірттерім ертеңіңе.

Айналайын жап- жарқын жүздеріңнен,

Аластайтын жаныңды күз көңілден.

Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,

Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.

Бастауыш сыныптан естелік ретінде оқушыларға винеткі тапсырылады.

Мұғалім:

Осымен «Бастауышым - балбұлағым» атты кешіміз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.

 

 

«Бастауышым балбұлағым»
Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения