Султанова Анара Базарбаевна
Должность:учитель начальных классов
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Актюбинская область, Муголжарский район, город Эмба
16.10.2014
0
380
0

Кластан тыс сағаты "Ғажайып жетілік" 1- класс

 

Сабақтың тақырыбы: «Ғажайып жетілік» кластан тыс сағаты

 

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жеті пән бойынша білім деңгейін анықтау;           шығармашылық қабілеттерін байқау; топ болып жұмыс жасау іскерліктерін қарау; өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру; логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, ізденушілікке, тапқырлыққа, дұрыс шапшаң жауап беруге баулу.

Сабақтың көрнекіліктері: кеспе қағаздар, бояулар, тапсырмалар, ямаха т.б.

Сабақтың түрі: жарыс сабағы

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі

М:  Балалар бүгінгі өтетін сабағымыз өзгеше болады. Бүгінгі күнге дейін алған білімдерімізді ортаға салып, өздерінің білім деңгейлерін қаншалықты жоғары екенін дәлелдейтін сәт келді. Сабақ жарыс түрінде өтеді. Класс екі топқа бөлінді. Олар: «Қайрат» тобы және «Ұлан» тобы.

Жарысымыздың шартымен таныстырып өтемін:

  1. Әр топ өзін таныстырады.
  2. Әр топтың топ басшылары кезекпен тапсырмаларды алып ,  әр топ тапсырмаларға жауап береді.

Әр тапсырманың артында пән атаулары жасырулы тұр. Тапсырмалар сол сабаққа қатысты қойылады.

1-тапсырма «Бас қатырғы» деп аталады. Бұл математика пәні.

А) Суретте барлығы неше үшбұрыш

 

( үшбұрыштың суреттері беріледі)

ә) Ойлан, тап!

    (11     2)           =3

 

 

        Б) Тез есепте:

              9+5                      12-5

              16+5                      13-4

               28+4                     25-5           

               37+5                     12-3

 

 

2- тапсырма «Білгенге маржан»-  қазақ тілі пәні

Жұмбақтарға жауап беріп, орыс және ағылшын тілдеріне аудару.

1-жұмбақ  «Қабат-қабат қаттама,

                     Ақылын болса аттама.»

 

2-жұмбақ  «Мүйізі айдай иілген

                   Мұрның көкке шүйірген»

 

3-жұмбақ «Өзі ширақ, өзі қу,

                     Жүрген жері айқай-шу.»

 

4-жұмбақ «Адассаң , ал қолына,

                     Бағыт берер жолыңа»

5-жұмбақ «Таңмен көзін ашады,

                    Әлемге нұрын шашады»

6-жұмбақ «Тонын кие туған,

                     Жалап бетін жуған»

 

 

3-тапсырма «Шабытты шәкірт» - ана тілі пәні

              Жалғасын тап:

1) Маң-маң басқан,маң басқан,

Шудаларын шаң басқан.

( Төрт аяғын тең басқан,

Екі өркешін қом басқан)

2) Бір Аллаға сиынып,

     Кел, балалар, оқылық.

( Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық!)

3) Саған білім жемісін

Оқулығын береді.

( Талай адам сол үшін

  Маңдай терін төгеді)

4)Сәбилік көңілден

Арналды бұл әнім,

( Баулитын өмірге

Ақылшым –мұғалім)

5) Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

     Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан

( Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.)

6) Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем.

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.

(Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем)

 

4- тапсырма «Әуенінтап» - музыка пәні

  Әр топқа 5 өлеңін әуені ойналады балалар нотаға қарап, өлеңді табу керек.

  Музыка пәнінін мұғалімі Мажитова Айгүл дайындайды.

 

 

5-тапсырма «Топ басшысының өнері» - бейнелеу пәні

    Топ басшысына сурет көрсетіледі, балалар сол суретте не бейнеленгенін ыммен түсіндіруі  қажет

 Олар:  Коньки, доп, кітар, қолшатыр.

 

 

6- тапсырма: «Кім тапқыр» - еңбекке баулу

  Әр топ 2 минуттың ішінде конструктордан бір заттың бейнесін ойлап табуы керек.

 

7- тапсырма «Сыр сандық» - дүниетану пәні

Тест сұрақтарына жауап беру.

<!-- [if !supportLists]-->1.      <!--[endif]-->Адамға не қажет?

А) ауа, жер, нан, су

ә) ауа, су, жарық, жылу, тамақ.

2. Адам бір сағат бойы тыныс алмауға шыдайды.

А) иә

ә) жоқ

3. Ауаның негізгі қасиеті:

А) иіссіз, дәмсіз, түссіз, көзге көрінеді

ә) көзге көрінбейді, түссіз, иіссіз, дәмсіз

4. Топырақта не бар?

А) су, ауа, саз, құм, шірінді

ә) су, құрттар, шірінділер

5. Жапырақтың қызметі

А) тыныс алады, буландырады

ә) сарғаяды, оттегін бөліп шығарады.

5.Сабақты қорытындылау:

Әр топтың  жинаған фишкілері есептеліп, женген топ анықталады.

 Жарыс сабағымыз өз мәресіне жетті!

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения