Султанова Анара Базарбаевна
Должность:учитель начальных классов
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Актюбинская область, Муголжарский район, город Эмба
15.10.2014
0
643
0

Дүниетану пәнінен ашық сабақ "Құлақ" 1-класс





 Класы: 1 класс

Пәні: дүниетану

 Сабақтың тақырыбы: Құлақ – есту мүшесі.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың есту қабілеті туралы білімдерін қалыптастыру, есту гигиенасы туралы түсініктерін қалыптастыру; ойлау қабілетін дамыту; тазалыққа, мейірімділікке, ұқыпталыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекіліктері: оқулық, заттық суреттер, дыбыстар, «құлақ құрылысы» сызбанұсқасы, сөзжұмбақ.

Сабақта қолданылатын әдістер: түсіндіру, көрнекілік, сұрақ-жауап, әңгімелеу, баяндау.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі
  2. Үй тапсырмасын тексеру
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру
  4. Жаңа тақырыпты бекіту
  5. Бағалау
  6. Сабақты қорытындылау.

1.Ұйымдастыру бөлімі.

Мұғалім: Балалар, біз бүгін «Денсаулық» еліне сапар шегеміз. Ол жақта тек дені сау адамдар тұрады.Сол елге барған адамдардың денсаулықтары мықты, жақсы болады.

Денсаулық еліне бару үшін жолда аялдамаларға тоқталып әр қайсысының тапсырмаларын орындасақ біздер «Денсаулық» еліне келеміз. Алдымен денсаулықтың не екендігін білуіміз керек.

Денсаулық- организмнің талапқа сай аман саулығы. Барлық мүшелердің ( қол, бас, өкпе, жүрек, бауыр, бүйрек) қалыпты жұмыс істеуі.

Жүрер алдында мына өлең шумақтарын айтамыз.

Жүріп келем,

Құлағымды түріп келем.

Кездессе егер кедергілер,

Не істерімді біліп келем.

Арықтардан аттап өтем

Денсаулық еліне тезірек жетем.

Тақтаға назар аударамыз.

«Денсаулық» елінің картасымен танысамыз.

№1 аялдама. «Кім білгіш? Кім айтқыш?» деп аталады.

Балалар, кәне денсаулық туралы қандай мақал-мәтелдер білетіндігіміз туралы айтайық.

( балалар жаттап келген мақалдарын айтады)

Енді тақтадағы мақалдарды оқып шығайық.

Сонымен ең басты байлық не?

Дұрыс ол – денсаулық.

Жолымызды ары қарай жалғастырамыз.

Жүріп келем,

Құлағымды түріп келем.

Кездессе егер кедергілер,

Не істерімді біліп келем.

Арықтардан аттап өтем

Денсаулық еліне тезірек жетем.

№2 аялдама Үй тапсырмасын тексеру

«Көз –көру мүшесі» мәнерлеп оқу. Оқулықтың 104-105 беттер.

№3 аялдама «Ойлан, тап!» 

Суретте не жетіспейді?

Ойлан және суретін сал.

( балалар ойланып, суретін салады)

Көзілдірікті көзге киеміз, ал домбыраның үнін құлақпен тындаймыз.

Жарайсындар!

Жүріп келем,

Құлағымды түріп келем.

Кездессе егер кедергілер,

Не істерімді біліп келем.

Арықтардан аттап өтем

Денсаулық еліне тезірек жетем.

№4 аялдама. «Кім тапқыр?» Сөзжұмбақ шешу.

  1. Қимылдаса қос шебер,

Қыруар-қыруар іс өнер.

(қол)

2.Қыз сөзіне қарама қарсы сөз.

(ұл)

3.Онсыз адам сөйлей алмайды.

(тіл)

4.Ананың сүті тәтті,

Ананың несі жұмсақ?

( алақаны)

5. Қойда бар тұяқ,

Ал адамда бар не?

(аяқ)

Сонда қандай сөз шықты?

-Құлақ.

№5 аялдама. Біліп ал!

Бұл аялдамада біздер «Құлақ –есту мүшесі» деген тақырыппен танысамыз.

Мынау- құлақ. Құлақ- есту мүшесі. Ол барлық дыбысты естиді. Құлағынды алақанымен басып көр. Не сездің?

Оқушылар: еш нәрсе естілмейді.

Мұғалім: дұрыс.Құлақтың қажеттілігін осыдан кейін түсінесін.

Біздің айналамыз дыбысқа толы. Сен көптеген дыбыстарды: адамның сөзін, иттің үргенін, мысықтың мияулағанын, құстың сайрағанын естисің. Құлақ сыртқы, ортаңғы және ішкі болып бөлінеді.  

 Мәтінмен танысу.

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.

  1. Құлақ қандай мүше?
  2. Орманда қандай дыбыстарды естисің?
  3. Құлағынды ақырын бассан, не сезесің?
  4. Өзің жануарлардың даусын сала аласың ба?

Дыбыстарды естіп, не екенін анықтайық.

 Дәрігерлердің кеңестеріне құлақ салып, есіңе сақта!

*      Құлағынды дұрыс тазала

*      Құлағынды күн сайын жу

*      Құлағына су кіргізіп алма

*      Құлағынды желден қорға

*      Құлақты қаламмен, шырпымен, үшкір, қатты заттармен тазалауға болмайды.

 Көп теген жаңа ұғымдармен танысып, «Денсаулық» еліне де жеттік.

4.Жаңа тақырыпты бекіту

«Денсаулық» елі

Міне,  бұл елде дендері жақсы, мықты адамдар тұрады. Біздерде сол денсаулығы мықты адамдардың қатарына қосылайық.

Мақсатымызға жеттік. Енді денсаулық елінің тұрғындары Тест сұрақтарын дайындап қойған.

Тест сұрақтарына жауап берейік.

*      Ақыл - ойдың иесі кім?

   а) жануарлар                      ә) адам

*      Көз қандай мүше?

    а) есту                                 ә) көру

*      Нені үшкір, қатты заттармен тазалауға болмайды?

   а) құлақты                           ә) тісті

*      Құлақ қандай мүше?

    а) дыбыстау                      ә) есту

*      Жылқы қалай дыбыстайды?

   а) маңырайды                   ә) кісінейді

 

*      Жауаптары: ә, ә, а, ә, ә.

  1. Бағалау.
  2. Үйге тапсырма: 106-107 бет оқу, мазмұндау.

 

                                                                                  

                Орындаған:      Султанова А.Б.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения