Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
15.10.2014
0
894
2

Күшік пен мысық

Қазақстан,ШҚО,Семей қаласы

«Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 ЖОББМ» КММ

Шағын орталық топ тәрбиешісі

Мухамадиева Каламкас Ерназаровна

Әрекет кезеңдері: Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Іздену ұйымдастырушы
Рефлексивті кооррекциялаушы
Достық шеңбері

Біз кішкентай баламыз,
Өсіп - өніп толамыз
Тату - тәтті дос болып,
Достық шебін құрамыз.

Жарайсыңдар балалар, сендер өздеріңнің бір - біріңмен жақсы дос екендеріңе сендіре білдіңдер. Біздің тағы да достарымыз бар оны сендер кешегі серуен кезінде бақыладыңдар.
Ендеше теледидарға көңіл аударайықшы
. Балалар не көріп тұрсыңдар?
Ит үй жануары, жеті қазынаның бірі.
Үй иесі қыдырып кеткенде ит үйді күзетіп қалады, және үй жануарларын бағуға да үй иесіне көмектеседі екен.
Ит қалай дыбыстайды?
Оның құлағы нешеу, аяқтары ше?
Балалар ит адамның досы, оны жәбірлеп ұруға болмайды.
Иттің баласын «күшік» деп атаймыз, Көбіне иттер немен ойнағанды ұнатады?
Ол не жегенді ұнатады?
итті немесе күшікті тамақтандырған соң, ойнатып болған соң қолымызды жуып отыруымыз керек. Қолымызды жумайтын болсақ түрлі ауыруларды жұқтырып алуымыз мүмкін.
Ит үйде тұра ма, әлде аулада ма?
Ит - орыс тілінде собака
Ал тобымызда қандай жануарды бақыладық?
Балалар мысық та адамның досы. Иесіне әбден бауыр басқан мысық оның ауырып тұрған жерін тауып сол ауырған жерге жайғасып бар жылуын беріп пырылдаған күйде ұйықтайды екен.
Мысықтың баласын біз «мысықай» деп атаймыз.
Балалар, мысық қайда тұрады?
Ол немен ойнағанды ұнатады?
Мысықтың кұлағы нешеу?
Көзі қандай?
Мысықтың ұзын мұртшасы бар ол иісті дәл сезіп табуға көмектеседі.
Құйрығы ұзын ба, қысқа ма?
Мысыққа не ұнайды?
Мысық - орыс тілінде кошка немесе кот деп атаймыз
Балалар мен бір дыбыс естіп тұрған сияқтымын(кішкентай күшік үйшігінен шығады)
Ой! Қандай сүйкімді күшік!
Күшігімізге ат қояйықшы.
Күшік туралы қандай тақпақ білесіңдер?
Күшігімізге сүйікті асын берейікші.
Ал мынау пырылдап ұйықтап жатқан аппақ мысыққа да ат қояйықшы.
Мысық туралы қандай тақпақ білесіңдер?
Мысық не ішкенді ұнатушы еді?
Сүтін берейік ұйқыдан оянған соң ішеді(ыдысына сүт құйып береді)
Балалар мен сендермен «Көлеңке» ойынын ойнағым келіп тұр
Көлбең көлбең көлеңкем
Көлбеңдеген көлеңкем
Күшігім қалай жүреді
Кім көрсете біледі?
Көлбең көлбең көлеңкем
Көлбеңдеген көлеңкем
Күшігім былай жүреді.

Көлбең көлбең көлеңкем
Көлбеңдеген көлеңкем
Мысығым қалай жүреді
Кім көрсете біледі?
Көлбең көлбең көлеңкем
Көлбеңдеген көлеңкем
Мысығым былай жүреді.

Жарайсыңдар балалар!
Бүгін біз мысық пен ит туралы біраз мағлұматтар білдік. енді осы уй жануарларының немен ойнағанды ұнататынын, суреттегі бейнесінің қасына өздерінің ойыншықтарын желімдеп жапсырайық.
Балалар сендерге өз жұмыстарын ұнай ма?
Балалардың жұмысына тоқталып марапаттау.
Мысық пен күшікпен ойнап болған соң не істеуіміз керек еді?

Жарайсыңдар балалар мұны естен шығармауымыз керек
Ендеше «Мысық пен күшік» туралы әнімізбен тамамдайық.

Ала мысық паңданады мяу мяу мяу
Әлденеге қамданады мяу мяу мяу
Ала мысық айлалы
жан - жағына қарады мяу мяу мяу
Айналаны корағыштап ав, ав, ав,
Ұзын тілі салағыштап ав, ав, ав
Қос құлағы салбырап
Достық жайлы ән шырқайды ав, ав, ав, мяу, мяу мяу.
Жарайсыңдар балалар бүгінгі оқу - іс әрекетіне барлықтарың да жақсы қатыса білдің

күтілетін нәтиже
Біледі: Үй жануарлары күшік пен мысық туралы біледі
Меңгереді: Берілген тапсырма бойынша жапсыруды меңгереді
Жасай алады: ойын арқылы жануарлардың қимылын жасауды үйренеді.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения