Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
15.10.2014
0
644
0

4-ті қосу және азайту кестесі

Қазақстан,ШҚО,Семей қаласы

«Қайрат Рысқұлбеков атындағы  №33 ЖОББМ» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Семизбаева Айман Манарбековна

Математика

Сабақтың тақырыбы:   4-ті қосу және азайту кестесі.

Сабақтың мақсаттары: 4-ті қосу және азайтуды тиянақтай түсу барысында 4-ті қосу кестесін құрастыру, қосылғыштардың біреуі 4 болып келген жағдайдағы санның құрамы жайлы оқушылардың білімдерін бекіту.

Сабақтың дамытушылығы: Тез есептеу, ауызша есептеп есте сақтау логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік мәні: Есептеу әдістерін күнделікті өмірде қолдана білуге, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ.

Сабақтың түрі: Ойын сабақ.

Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, өзіндік жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Ақ көгершін суреті, сандар қатары, кесте.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқу құралдарын алғызып, оқушыларды түгендеу.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту. 4-ті қосу кестесін құрастыру. 4-ті басқа санға қосу және азайтуды үйрету.

Психологиялық дайындық.

Бір үйде нешеуміз,

Санап көрейік екеуміз.

Бас бармағым әкем,

Балан үйрек анам,

Ортан терек терек ағам,

Шылдыр шүмек әпкем.

Кішкене бөбек мен

Бір үйде біз нешеуміз,

Санап шықтық еекуміз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 161-беттегі №4 есепті шығару.

Үш сан айта отырып, алдымен өсу ретімен, содан кейін кему ретімен жазу.

1, 3, 5         3, 6, 9         2, 4, 8

 

5, 3, 1           9, 6, 3                 5, 4, 2

Барлық жағдай талданады.

ІІІ. Жаңа сабақ

-Балалар бейбітшілік құсы қандай құс? (Көгершін)

-Міне, сол көгершін құсы бізге қонаққа келіп отыр екен.

-Ең жақсы баға қандай баға? (5)

-Міне бізгеде бес көгершін өздерінің тапсырмаларын ала келіпті.

1-көгершіннің тапсырмасы:

161-беттегі 1-есепке қарап орындаймыз.

Балалар ауызша қосылғыштарының бірі 4 болатын қосындылар, соссын, айырмалар айтады. Мәндерін табады.

0+4=4                   4-4=0

1+4=5                   5-4=1

2+4=6                   6-4=2

3+4=7                   7-4=3

4+4=8                   8-4=4

5+4=9                   9-4=5

6+4=10        10-4=6

2-көгершіннің тапсырмасы.

Ол үшін 2-тапсырманы орындаймыз. Тақтада кесте сызылған. Сол кестені толтырамыз.

 

4

5

6

 

                  +4

 

 

 

 

 

ІV. Сергіту сәті.

3-көгершіннің тапсырмасы.

Бір бала есепті оқиды, тақтаға шығарады.

-Есепте не туралы айтылған, бірінші ыдыста неше алма, екінші ыдыста ше? Есепте нені тап дейді? Қандай амалмен шығарамыз? (+)

Берілгені:

1-ыдыста 4 алма

2-ыдыста сонша

Сұрағы: Екінші-?

Шешуі: 4+4=8

Жауабы: 8 алма.

4-көгершіннің тапсырмасы.

Сендер оқулықтан қай кесінді ұзын, қай кесінді қысқа екенін өлшеп, қысқа кесіндіден 4 см ұзын, ұзын кесіндіден 5 см қысқа кесінді сызамыз.

6см+4см=10см

10см-5см=5см

V. Шығармашылық тапсырма. 4 санының құрамын табу, перфокарта үлестіру.

 

 

 

 

 

 

 

 

Математикалық тест.

10 6 8                    8 6 0           7 9 10         5 9 8

4+2              5-5              6+4             7+2

 

5-көгершіннің тапсырмасы.

Логикалық есеп.

Әсел мен Нұрайдың бантиктерінің түсі бірдей. Арай мен Нұрайдың юпкаларының түсі бірдеу. Қыздардың есімдерін тап.

(Бірінші қыз Арай, екінші қыз Әсел, үшінші қыз Нұрай)

 

Барлық көгершіннің тапсырмаларын бірлесе отырып орындадыңдар. Ақ көгершін әнін орындап сабақты қорытындылау.

VІ. Үйге: 4-ті қосы кестесін жаттау.

Бағалау. Балаларды жауап бергеніне қарай бағалау.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения