Гулжан Ботанова
Должность:Учитель казахского языка и литературы
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Республика Казахстан, Актюбинская область, Мартукский район, село Мартук
14.10.2014
0
1772
9

Қазақ тілінен ашық сабақ жоспары "Наурыз мерекесі"





5 класс. Қазақ тілі.

Тақырыбы : «Наурыз мерекесі»

Міндеттері:

1.    Білімділік: оқушылардың Наурыз туралы түсінігін кеңейту, сөздік қорларын молайту, жаңа сөздерді пайдаланып ауызекі сөйлеуге үйрету.

2.    Дамытушылық: оқушылардың танымдық ықыласын молайту, қызығушылығын, белсенділігін арттыру. Оқиғаға сыни көзқараспен қарап, өз ой пікірлерін еркін жеткізу дағдыларын дамыту.

3.    Тәрбиелік: оқушыларға төл мерекеміз Наурызды насихаттау, еліміздің салт-дәстүріне деген сүйіспеншілігін арттыру және құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес, жаңа білім беру сабағы, той сабақ.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар.

Сабақтың барысы.

     I.          Ұйымдастыру сәті

Психологиялық дайындық: Мен сіздерді көргеніме қуаныштымын (балалармен бірге)

Арайланып таң атты
Алтын шапақ  таратты
Қайырлы таң, балалар!
Аман Отан – панамыз,
Аман ата – анамыз
Қайырлы таң, балалар!

 

Кезекшінің мәліметі

  II.          Үй тапсырмасын тексеру

Өткенді қайталау (дәптермен жұмыс)

Наурыздың он алтысы
Класс жұмысы
Сандық диктант

1 Қазір жылдың қай мезгілі?

2 Көктем айларын ата

3 Көктемде ауа райы  қандай болады?

4 Құстар қайда ұшып келеді?

5 Көктемде не гүлдейді?

6 Үстеу деген не?

7 Үстеудің түрлерін ата.

8 Мезгіл үстеуді тап.

9 Мекен үстеуді тап.

10 Сын – қимыл үстеуді тап.

(жауабын сәйкестендіріп, санмен жазу)

 

1 Бәйшешек 10

2 Заттың іс – қимылының мезгілін, мекенін,жай – күйін білдіретін сөздер 9

3 Наурыз, сәуір, мамыр 8

4 Көктем 7

5 Жылынады, қар ериді 6

6 Жылы жаққа 5

7 Мезгіл, мекен, сын – қимыл 4

8 Жоғары, мұнда, артқа, төмен 3

9 Тез, ауызша, жазбаша, жақсы, жаман 2

10 Кеше, бүгін, ерте, кеш, қазір 1

Жауабы:

1 топ

4, 3, 5, 6, 1 ,2, 7, 10, 8, 9

2 топ

7, 8, 6, 5, 10, 9, 4, 1, 3, 2

Бағалау:

«5» -  9,10 ұпай

«4» – 7,8 ұпай

 «3» – 5,6 ұпай

Бірін-бірі бағалау (өзара тексеру)

Балалар, енді мына жұмбаққа назар аударыңдар:

Қар еріп, су ағады,

Сарқырап сайға толады.

Күн ұзарып жылиды,

Бұл қай кезде болады?

 Балалар: -көктемде (суреті)

-Көктем туралы кім тақпақ біледі? (оқушылардың жауабы)

Психологиялық ортаны қалыптастыру (ортаға шеңбер құрып көктем туралы ән айту)

 

 

III.          Сабақтың мақсатын қою

-Балалар, наурызда қандай мерекелер бар?

-Наурыз қандай мейрам?

-Наурыз мерекесінде адамдар не істейді?

-Ендеше біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Наурыз мерекесі».

Біз сабақта жаңа мәтінмен танысамыз. Мәтінді толық түсіну үшін жаңа сөздермен және сөз тіркестерімен танысамыз. Өзіміз үйренген сын тұрғысынан ойлау тәсілдері бойынша бірнеше стратегиялық тапсырмалар орындаймыз.

IV.          Жаңа сабақ.

Жаңа сөздермен жұмыс (оқу, көшіріп жазу, фонетикалық жаттығу)

теңелу – приравниваться

парсы - персидское

көже – коже

жариялану – быть объявленным

өткізу – проводить

сыйлық сыйлау – дарить подарки

шақыру - пригласить

 

Стратегиямен жұмыс.

«Наурыз» сөзін естігенде нені елестетесіңдер?

1-стратегия. «Наурыз» сөзіне бес шумақ өлең жазу

1.    Наурыз

2.    Жаңа, көңілді

3.    Тойлайды, тілейді, теңеледі

4.    22 – наурыз – Наурыз мерекесі

5.    Жаңа жыл

Әр топтың өлеңдерін тыңдап, талдау.

Мәтінмен жұмыс.

А) Оқылым

Бейнетаспадан көктемнің құбылыстарын тамашалай отырып, «Наурыз мерекесі» мәтінін мәнерлеп оқытып, мәтін бойынша әңгімелесу.

Ә) Тыңдалым

Бейнетаспадан наурыз көжеге салынатын тағамдар туралы тыңдату.

Стратегиямен жұмыс.

2-стратегия. «Наурыз» тақырыбы бойынша кластер құрату.

 

 

<!-- [if gte vml 1]>

Наурыз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

<!-- [if !vml]-->

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылардың кластерлерін тексеріп, пікір таласу.

Тақырып бойынша тапсырмалар орындату.

1 – тапсырма:

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жаз.

 Күн мен түн .................................... .

 Әр үйде наурыз көже ....................... .

 Наурызда адамдар бір – біріне ......................... .

Керекті сөздер : пісіріледі,теңеледі,бақыт тілейді

 

 

2 – тапсырма
Сөздерді сәйкестендір

Наурыз

Қар

Күн мен түн

Наурыз көже

Жеті түрлі

Бұл күн

теңеледі

тағам

демалыс күні

мереке

ериді

әзірлейді

 

Венн диаграммасын құрастыру

 
  Овал: 22-наурыз

 

 

 

 

 

 

 

Наурыз мерекесі мен жаңа жылдың айырмашылықтарын және ортақ құбылыстарын анықтайды, әр топ бірін-бірі тексеріп, толықтырады, қателерін түзетеді.

   V.          Қорытынды.

Сұхбаттасу арқылы қорытындылау.

Бағалау.

Наурызда адамдар бір-бірімен құшақтасып көріседі. (оқушылар тұрып, үш рет құшақтасып, көріседі)

Халық наурызға арнап өлең-жыр шығарған. Ол наурыз жырлары деп аталады. Әдебиеттен жаттаған өлеңді бірге айтып, бір-бірімізді құттықтайық.

Наурыз батасы

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын,

Қайда барсаң жол болсын!

Ұлыс ақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын,

Ұлыс береке берсін,

Пәле – жала жерге енсін!

Сөйтіп, адамдар бір-бірінің қатесін кешіріп, татуласады, оның аяғы ойын-сауық, ән-күйге жалғасады.

VI.          Үйге тапсырма.

«Наурыз мерекесі» тақырыбына коллаж жасау.

Құтты  болсын Ұлыстың ұлы күні,

Ылғи толсын құшаққа шаттық гүлі!

Жаңа жыл алып келсін мол жақсылық,

Тек естілсін елімнің бақытты үні.

 

 5 класс. Қазақ тілі.

Тақырыбы : «Наурыз мерекесі»

Міндеттері:

1.    Білімділік: оқушылардың Наурыз туралы түсінігін кеңейту, сөздік қорларын молайту, жаңа сөздерді пайдаланып ауызекі сөйлеуге үйрету.

2.    Дамытушылық: оқушылардың танымдық ықыласын молайту, қызығушылығын, белсенділігін арттыру. Оқиғаға сыни көзқараспен қарап, өз ой пікірлерін еркін жеткізу дағдыларын дамыту.

3.    Тәрбиелік: оқушыларға төл мерекеміз Наурызды насихаттау, еліміздің салт-дәстүріне деген сүйіспеншілігін арттыру және құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес, жаңа білім беру сабағы, той сабақ.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар.

Сабақтың барысы.

     I.          Ұйымдастыру сәті

Психологиялық дайындық: Мен сіздерді көргеніме қуаныштымын (балалармен бірге)

Арайланып таң атты
Алтын шапақ  таратты
Қайырлы таң, балалар!
Аман Отан – панамыз,
Аман ата – анамыз
Қайырлы таң, балалар!

 

Кезекшінің мәліметі

  II.          Үй тапсырмасын тексеру

Өткенді қайталау (дәптермен жұмыс)

Наурыздың он алтысы
Класс жұмысы
Сандық диктант

1 Қазір жылдың қай мезгілі?

2 Көктем айларын ата

3 Көктемде ауа райы  қандай болады?

4 Құстар қайда ұшып келеді?

5 Көктемде не гүлдейді?

6 Үстеу деген не?

7 Үстеудің түрлерін ат

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения