Досатова Күлшат Джамбуловна
Должность:Воспитатель
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Костанай Костанайская обл
12.10.2014
0
1679
0

"Аққу-қаздар "ертегі әлеміне саяхат

Аққу- қаздар ертегі әлеміне саяхат

 

«Аққу- қаздар»  ертегісіне саяхат

 

Таңғы жиын.

 

-Балалар мына суреттерге қарандаршы. Күліңдер күннің көзі сияқты, бұлттар сияқты түнеріңдер, көпір үстіндегі қойлар сияқты ашуланыңдар, қу түлкі сияқты болайық, қорқақ қоянды көрсетіңдер. Балалар біз бүгін ертегілер әлеміне саяхат жасаймыз. Бірақта ол әлемге бару үшін, бізге сиқыршы керек, бүгін сиқыршы мен боламын, өйткені, менде сиқырлы таяқша бар. Сол таяқша арқылы біз ертегілер әлеміне саяхат жасаймыз. Енді балалар, бір-біріміздің қолдарымыздан ұстайық, көзімізді жұмайық, орындықтарға отырайық, біз қазір ұшамыз. Бір, екі, үш, таяқша көмектес (балалар тұрып көздерін ашады), сиқырлы таяқша бізді  «Сиқырлы сөздер» әлеміне апарады.

 

Музыка жүреді

 

-Балалар сендер не естіп тұрсыңдар? Балалар сиқырлы сөздер естіп тұрмыз деп жауап береді. Бұл сөздер бізге өмір сүруге көмектеседі. Ал енді балалар, біз балабақшаға оралуымыз керек. Бір, екі, үш сиқырлы таяқша бізді балабақшаға апарады.

 

-Балалар, біз балабақшада  көптеген сиқырлы сөздер естідік, ол сөздерді бүгінгі сабақта қолданамыз. Ал қандай орталықтарда  сабақтар болатынын білгілерің келсе, сендер мына жұмбақтарға  жауап беру керексіңдер.

 

Екі балапан жолдың үстінде

 

Нанның қоқымын шоқыды

 

Келді оларға үлкен балапан,

 

Шиқылдады бәрі қосылып.

 

Барлығы нешеу болды?  (үшеу)

 

 

 

Дұрыс балалар, біз қай орталықта санаймыз?

Математика орталығында санаймыз.

Анамызды күттік сүт әкеледі деп.

Бұл қай ертегіде кездеседі?   (Қасқыр мен жеті лақ)

 

  Біз қай орталықта ертегілерді, өлеңдерді, әңгімелерді оқимыз? (Кітап орталығында).

Менің саусақтарым бәрін айтып береді.

Бәрін біледі, бәрін көрсетеді.

Бір қолымда бесеу, суретті де салады

Мүсіндеп те береді.

 

-Балалар біз қай орталықтарда сурет саламыз?

Мүсіндейміз? (Өнер орталығында)

 

-Балалар сендер жұмбақты жақсы шешеді екенсіндер.

 

Бүгін сол орталықтарда сабақтар өтеді.

 

Балаларға қоңырау соғу. Орталықтарға бөліп отырғызу.

 

 

 

Математика орталығы.

 Тақырыбы: «Аққу- қаздар» ертегісіне саяхат жасау.

Мақсаты: Балаларды бес көлеміндегі сандардың құрамын анықтауға, сандарды табуға,  заттарды санауға, апта күндерін ажыратуға, геометриялық пішіндерді атауға үйрету. Сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.

 

Көрнекілігі: Сандар, геометриялық пішіндер, сюжеттік суреттер, ертегіге байланысты суреттер.

 

Әдіс-тәсілдері: Әңгімелеу, Сұрақ жауап, түсіндіру, көрнекілік, ойын.

Барысы:

 

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

 

      Балаларды орталықтарға бөліп отырғызу.

 

      Назарларын сабаққа аудару.

 

2 Негізгі бөлім.

 

Тәрбиеші: Балалар, біз бүгінгі сабақта «Аққу-қаздар» ертегісіне саяхат жасаймыз. Тосын жағдай. (Аленушка кіреді)

 

Аленушка: Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен қайда келдім? Бұл балабақша қалай аталады?

 

Тәрбиеші: Не болды саған Аленушка?

 

Аленушка: Балалар, Маған көмектесіңдерші. Менің інімді Аққу – қаздар алып кетті. (ренжіп тұрады.)

 

Тәрбиеші: Балалар Аленушкаға көмектесеміз бе? Ал ендеше жолға шығайық. (Алдында пеш тұрады)

 

Балалар: Пеш-пеш бізге көмектесші, Иванушканы Аққу-қаздар қайда алып кетті?

 

Пеш: Көмектесемін, сендер ол үшін, сандарды ретімен қойыңдар 1-ден бастап 10-ға дейін.

 

Содан соң, мынадай ойын ойнаймыз. «Шатасып кетпе»

 

Мысықта 5 аяқ, ал құстарда 3 қанат.

 

Дұрыс па?

 

Пеш : Дұрыс балалар. Аққу қаздар алма ағашына қарай ұшып кетіп бара жатқан. Алма ағашы сендерге көмектеседі.

 

Балалар: Алма-алма ағашы, бізге көмектесші, Иванушканы Аққу-қаздар қайда алып кетті?

 

Алма: Менің тапсырмамды орындаңдар.

 

Бір аптада неше күн бар?

 

Бүгін аптаның қай күні?

 

Кеше аптаның қай күн болды?

 

Сендердің сүйікті күндерің қай күн?

 

Ең бірінші сәрсенбі, әлде бейсенбі келеді ме?

 

Ойын. «Аптаның қай күні жетіспейді?»

 

Алма: Өте жақсы балалар. Менің тапсырмамды жақсы орындадыңдар. Аққу-қаздар өзен жағына қарай ұшып өтті. Өзеннен барып сұраңдар.

 

Балалар: Өзен-өзен бізге көмектесші, Иванушканы Аққу қаздар қайда алып кетті?

 

Өзен: Менің тапсырмамды орындандар. Мына жерде неше құмырсқа үй салып жатыр?

 

Неше кейіпкерлер шалқанды алып шықты?

 

Соңғысы не болды? Немеренің алдында кім тұрды? Жучканың артында кім тұрды? Тышқан қалай дыбыстады? Жучка қалай ырылдады?

 

Өзен: Өте жақсы балалар.

 

Тапсырмамды өте жақсы орындадыңдар. Міне, сендерге жіп, ол сендерді Иванушкаға алып барады. (Балалар бі-біріне  жіпті береді, ол жіп Иванушка отырған үйге апарады.) Балалар Иванушканы алып кейін қарай қашады.

 

Сергіту сәтті:

 

 Далада жел тұрады.

 

Күн жарқылдайды

 

Жаңбыр жауады.

 

Жаңбыр басылады.

 

Күн ашылады.

 

Тәрбиеші: Балалар, Иванушканы алып кеткенімізді біліп,

 

                   Жалмауыз-кемпір соңымыздан Аққу-қаздарды

 

                    жіберіпті.

 

Тәрбиеші: Балалар Аққу- қаздар жетіп  қалды, өзенге барып

 

                   көмек сұрайық.

 

Балалар: Өзен-өзен бізге көмектесші, Иванушкамен бізді Аққу қаздардан жасыршы.

 

Өзен: Менің тапсырмамды орындандар.

 

Таяқшалардан үш бұрышты геометриялық пішін құрастырыңдар.

 

Мына пішін қандай? Мына пішіндерден маған үй құрастырып беріндер. Олардың түстері қандай?

 

Өзен: Өте жақсы балалар. Тапсырмамды өте жақсы орындадыңдар. Аққу- қаздар сендерді байқамай қалды.

 

Балалар: Өзен саған көп рахмет!

 

Тәрбиеші: Балалар, Аққу қаздар жетіп қалды, алма ағашына барып көмек сұрайық.

 

Балалар: Алма ағашы бізге көмектесші, Иванушкамен бізді Аққу қаздардан жасыршы.

 

Алма ағашы: Менің тапсырмамды орындаңдар. Мен сендерге көмектесемін.

 

 

 

Балалар «Бұл қай кезде болады?»

 

ойынын ойнаңдар.

 

 

 

Бу ұшадыжоғары                              Көбелек те, гүл де бір,

 

Сайларға су толады                          Қызыл, жасыл күлді өңір

 

Дүрілдейді трактор,                          Аспан төрі ақша бұлт,

 

Түрленеді қырат-қыр.                       Бау-бақшада барша жұр

 

Жұпары аңқып даланың,                  Саңқылдаған саз әні,

 

Иісі мұрынын жарады.                      Көлде құстың базары.

 

Жылы самал соғады,                        Жидек пісіп толады,

 

Бұл қай кезде болады?                      Бұл қай кезде болады?

 

(Көктемде)                                          (Жазда)

 

 

 

Көлдің беті кілегей,                          Аяз қысып, өрнек сызып,

 

Жер сап-сары бірегей.                     Терезені торлайды.

 

Тырау-тырау тырналар,        Қарға омбығып, бет домбығып,

 

Түстікке бетті бұрды олар.          Сырғанап балалар ойнайды.

 

Қара суық жел есті,        Кейде ұлып, кейде ысқырлып,

 

Күннің көзі көмексі.                 Ұйтқып боран соғады.

 

Колхоз егін орады,                     Балаларым айтындаршы!

 

Бұл қай кезде болады?                Бұл қай кезде болады?

 

(Күзде)                                          (Қыста)

 

 

 

Алма ағашы: Өте жақсы балалар. Тапсырмамды өте жақсы орындадыңдар. Аққу- қаздар сендерді байқамай қалды.

 

Тәрбиеші:  Пеш-пеш бізге көмектесші, Иванушкамен бізді аққу- қаздардан жасыршы.

 

Пеш: Менің тапсырмамды орындаңдар. Мен сендерге көмектесемін. Карточкалармен жұмыс жүргізу.

 

Пеш: Өте жақсы балалар. Тапсырмамды өте жақсы орындадындар. Аққу- қаздар сендерді байқамай Жалмауыз кемпірге қарай ұшып кетті. Енді қорықпай үйлеріне бара берулеріңе болады.

 

Аленушка: Балаларға алғысын білдіреді.

 

Қорытынды: Сабақты-сұрақ жауап арқылы қорыту.

 

 

Бағалау: Балаларды мадақтап жеке-жеке бағалау. 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения