АЙЖАН КАБЫЛОВА
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:
Регион:не указан
10.10.2014
0
1627
1

Қазақ тілінен ашық сабақ "Өскемен экологиясы"

Менің қаламның экологиясы

Сабақтың мақсаты:

1) «Менің қаламның экологиясы» тақырыбы бойынша сұхбаттасу. Тақырыпқа байланысты сөздерді меңгертіп, жаттығуларды орындау.

2)Тілдік қорларын байыту.Есте сақтау қабілеттерін дамыту.Қойылған сұраққа дұрыс жауап беруге, сөйлемді дұрыс құрауға үйрету.Тілге қызығушылықтарын арттыру.

3) Өз қаласының экологиясын жақсартуға ат салысуға  тәрбиелеу

Сабақтың түрі   аралас сабақ

Көрнекіліктер: сұрақтар,Өскемен қаласы туралы мәтін, сұхбат, райлар жазылған карточка

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

А)Сәлемдесу

Б) Үй тапсырмасы

Халқымыз табиғатты анаға теңеген.

Ол өзіндегі барды адамдарға, жан- жануарға, өсімдікке береді.

Табиғатта басы артық ештеңе жоқ.

Бүкіл әлем алдында экология мәселелері тұр.

 Адам табиғатты ұқыпты пайдалануы керек.

Алғаш рет экология деген ұғымды Эрнест Геккель енгізген.

Ол бізді қоршаған орта, біз өмір сүретін айнала деген ұғымды білдіреді.

 Табиғатты қорғау деген- жастарды табиғатты аялауға, сүюге, тиімді пайдалануға үйрету.

Экологиялық тәрбие отбасынан басталады.

Табиғатсыз өмір жоқ.

 Табиғат -тіршіліктің көзі.

Кореяда еш уақытта орманды кеспейді.

Себебі, орман- ауаны тазартушы.

Ол көмірқышқыл газын жұтып, оттек шығарып тұрады.

 Сондықтан К.А . Тимирязев: «Өсімдік жақсы өссе, адам да жақсы өмір сүреді», деген.

  1. Алматы мемлекеттік қорығы (Іле Алатауы)
  2. Ақсу- Жабағылы мемлекеттік қорығы (Талас Алатауы)
  3. Барсакелмес мемлекеттік қорығы (Арал теңізінің солтүстік батыс бөлігіндегі Барсакелмес аралы)
  4. Қорғалжын мемлекеттік қорығы (Ақмола облысы)
  5. Наурызым мемлекеттік қорығы (Қостанай)
  6. Марқакөл мемлекеттік қорығы (Оңтүстік Алтай)
  7. Үстүрт қорығы (Маңғыстау)
  8. Батыс Алтай қорығы (Шығыс Қазақстан)
  9. Алакөл қорығы (Алматы облысы, Талдықорған)

 

Ғарышқа тұңғыш жол қазақ жерінен салынды.

Айлақтың аты – Байқоңыр.

Неліктен осы жерді таңдап алды?

Мұнда небәрі 3-4 рет қана жаңбыр жауады.

Ал ғарышқа ұшыру осындай метеорологиялық жағдайды ғана қажет етеді.

Экваторға жақындығы есепке алынды.

Адам аз қоныстанған.

Елімізде табиғат байлығын: ормандар мен өсімдіктерді, жануарлар мен аң- құстарды қорғап, сақтайтын қорықтар көп.

Соның бірі – Алматы мемлекеттік қорығы. Алматы қаласы маңындағы Алатау тауларының табиғи байлықтарын қорғау үшін құрылған

Жаңа сабақ

Жаңа сөздер: өнеркәсіп- промышленность,нашар- плохой,жағдай -положение, лас- загрязненный, өндіру -производить

Менің қаламның экологиясы

          Шығыс Қазақстан облысының табиғаты өте көркем. Біздің өлкеміз өзендер, көлдер , тауларға бай. Қаламыздан Үлбі, Ертіс өзендері ағып өтеді.Марқакөл – Шығыс Қазақстан облысында орналасқан әдемі көлдердің бірі.Марқакөл көлінің суы  өте тұщы.  Марқакөлде көптеген балық түрлері бар. Марқакөл көлі  көктемде де, жазда да,  күзде де әдемі.

 Шығыс Қазақстанның орталығы- Өскемен қаласы..Менің қалам әдемі. Өскемен- өнеркәсіпті қала.Қаламызда әр түрлі зауыттар мен фабрикалар жұмыс істейді.  Өскемен – түсті металлургия орталығы. Аймақта түсті металл өндіріледі . Қаланың өнеркәсібі күннен –күнге дамуда. Бірақ,өнеркәсіп орындарының әсерінен қаламыздың экологиялық жағдайы нашарлауда. Өскемен- Қазақстандағы ауасы лас қалалар қатарына жатады.

А)Мәтінді мәнерлеп оқу, аудару.

Б) Топтық жұмыс. Сұрақтар құрастыру.Сұрақты дұрыс құрастыруға үйрету.Жалғауларға мән беру.

Мысалы:

Сен қай қалада тұрасың?

Өскемен ненің орталығы?

Өскемен қандай қала?

Өскемен ненің орталығы?

Аймақтың жетекші салалары не?

Қаламыздың экологиялық жағдайы қандай?

Өскемен қандай қалалардың қатарына жатады?

Жаттығу жұмыстары

Ойын. Сергіту сәті.

Жаңада жоқ,ескіде бар,танада жоқ,ешкіде бар

Ләззатта бар,Жанатта жоқ,Азатта бар,Қанатта жоқ

Нанда бар,етте жоқ,айранда бар,сүтте жоқ

Тарақта бар,шашта жоқ,тамақта бар,аста жоқ

Жазуда бар,сызуда жоқ,жылуда бар,қызуда жоқ

Өмірде жоқ,өңірде бар,ауырда жоқ,жеңілде бар

 «Өскемен» сөзінің басқы әріптерінен басталатын сөздерді кім көп, жылдам айтады?

Мысалы: Ө-өзен, өзім, өнеркәсіп, өкпе, өс, өтірік....

С-сағат, сен, сөмке, сызғыш, сан.....

К-көрме, керек, кесте, көйлек.....

Е- есік, емен, екі, ерік.......

М- мен, мектеп, маған, мұз......

Н- нан, наурыз, не, нүкте, наубайхана.....

1)Жаңа сөздерді қатыстырып сөйлем құрастырыңдар

2) Жұптық жұмыс

Мәтінді пайдалана отырып сұхбат құрастыр

-Сен қай қалада тудың?

-

-Өскемен қандай қала?

-

Өскемен ненің орталығы?

-

Өскеменде не өндіріледі

?

-

Қаламыздың экологиялық жағдайы қандай?

-

-Саған қалаң ұнай ма?

-

3) Етістіктің райларын қайталау

Етістік райлары

 

Шақ түрі

Жасалу жолы

Мысал

 

ашық рай

Өткен шақ

Келер шақ

Осы шақ

 

Мен келдім

Мен келемін

Ол жейтін

 

бұйрық рай

Етістіктің бұйрықты түрде жіктелуі арқылы жасалады

Мен келейін, барайын

Сен кел, бар

Сіз келіңіз, барыңыз

Ол келсін, барсын

Біз келейік, барайық

Сендер келіңдер, барыңдар

Сіздер келіңіздер, барыңыздар

Олар келсін, барсын

 

шартты рай

(-са,-се) + жіктік жалғау

Сабақ оқысам, бес аламын

 

қалау рай

А) етістік (-ғы, гі, -қы, кі) тәуелдік жалғ/ «кел» етістіг

 

і

Біздің сабақ оқығымыз келеді (келген, келді)

 

 

 

 

 

1)      Мына етістіктерді 4 бағанға бөліп жаз

Жаз, жазамын, жазғым келеді, жазса, оқығым келеді, оқыса, оқимын, оқысын, барсын, барса, барғым келеді, бардым, көрейін, көремін, көрсем, көргісі келеді, қайталаймын, қайталасын, қайталаса, қайталағым келеді

5) Тест шығару

1.«Барсакелмес» қорығы қайда орналасқанын көрсетіңіз.

A)Алматы қаласында.

B)Оңтүстік Қазақстан облысында.

C)Торғай облысында.

D)Арал теңізінің қасында.

E)Семей облысында.

2.Өскемен  Қазақстанның қай бөлігінде орналасқанын анықтаңыз.

A)Оңтүстік Қазақстан.

B)Солтүстік Қазақстан.

C)Шығыс Қазақстан.

D)Батыс Қазақстан.

E)Орталық Қазақстан.

3.«Наурызым» қорығы қайда орналасқанын көрсетіңіз.

A)Алматы қаласында.

B)Оңтүстік Қазақстан облысында.

C)Торғай облысында.

D)Арал теңізінің қасында.

E)Семей облысында.

4.Алакөл  Қазақстанның қай өңірінде орналасқанын белгілеңіз.

A)Көкшетау өңірінде.

B)Ақмола өңірінде.

C)Қарағанды өңірінде.

D) Шығыс Қазақстан өңірінде.

E)Алматы өңірінде.

5.Марқакөл  Қазақстанның қай өңірінде орналасқанын белгілеңіз.

A)Көкшетау өңірінде.

B)Ақмола өңірінде.

C)Қарағанды өңірінде.

D) Шығыс Қазақстан өңірінде.

E)Алматы өңірінде.

6.Ең терең  көлді  анықтаңыз.

A)Марқакөл.

B)Баянауыл.

C)Алатау.

D)Қарқаралы.

E) Алакөл

7. Қалау райлы етістікті табыңыз

А) оқысаңыз

В) алғым келеді

С) айтсаңшы

Д) көрген

Е) оқыса

8.Бұйрық райдың 3 жағын табыңыз

А)келіңдер

В)түсініңіздер

С) оқығысы келеді

Д) жеңді

Е) барсын

9. Шартты райлы етістікті табыңыз

А) Ертең мектепке кел

В) Содан кейін мені сына.

С) Бір көрсем, арманым болмас еді.

Д) Жүкті шешпе, үйді әуре қыласың.

Е) Өзің білесің, біз момын шаруамыз.

10. Қалау райды табыңыз

А) қөргім келеді

В) менікі емес

С) көрдім

Д) кездесетін болдық

Е) бара жатыр

 

Қорытындылау (Сұрақ –жауап)

Қаланың экологиясын шешу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?

Қандай зауыттарды білесің?

Бекіту.қандай сөздерді меңгердік?

Үй тапсырмасы: Сұрақтарға жауап. Бағалау.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения