Абдразакова Жанар Сандибековна
Должность:Учитель
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Казахстан г.Байконур
10.10.2014
1
496
1

Открытый урок по технологии "Этапы моделирования одежды. Художественное моделирование"

 

 

 

Мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесі

 

№14  Қ.Қ.Тоқмұхамедов атындағы қазақ орта мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көркем модельдеу

 

11 сынып

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                             Пән мұғалімі  Абдразақова Жанар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныбы: 11 «В»

 

Күні

 

Тақырыбы: Модельдеудің мақсаты.Көркем модельдеу

 

Мақсаты

 

 Білімділік: киімнің көркемдік сәндеу жұмыстарымен танысу,көркемдік сәндеуді

 

                     үйрену,киім эскиздерін жасай білуді меңгерту;

 

Дамытушылық: сән үлгілерін жасау барысында шығармашылық қабілеттерін,эстетикалық

 

                           талғамдарын дамыту;

 

Тәрбиелілік: ұқыптылыққа, әсемдік – әдемілікке тәрбиелеу.

 

Сабақтың типі:жаңа білімді меңгерту

 

Сабақтың түрі:дәстүрлі

 

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі – көрнекілік, сарамандық жұмыс,репродуктивтік,

 

                              әңгімелеу

 

Көрнекіліктер:әртүрлі сән журналдары,мультимедиа проектор

 

Сабақтың жоспары: І.Ұйымдастыру кезеңі

 

ІІ. Өткен тақырыпты қайталау

 

Үй тапсырмасын бекіту

 

ІV.  Жаңа сабақты түсіндіру

 

1.Модельдеудің мақсаты

 

2.Көркем модельдеу,киімнің эскизін жасау үшін нені білу қажет?

 

3.Киім бөліктерін бейнелеудің тиімді әдістері

 

V .  Сарамандық жұмыс

 

V І. Жаңа сабақты бекіту

 

V ІІ. Сабақты қорытындылау,үйге тапсырма беру

 

Сабақтың барысы

 

І.Ұйымдастыру кезеңі.

 

   Оқушылармен амандасу,сабақта жоқ оқушыларды белгілеу

 

ІІ.Өткен тақырыпты қайталау

 

   Үйге берілген тапсырма «Модельдеу жұмысының кезеңдері.Сән,стиль,костюм туралы түсінік».

 

  Сұралатын сұрақтар:

 

1.Модельдеу жұмысының кезеңдері

 

2.Сән,стиль,костюм ұғымдары

 

3.Стиль түрлеріне анықтамалар 

 

Үлестірме бойынша екі оқушыға тапсырма: Киімге сипаттама беру.

 

Сипаттаманы тексеру үшін суреттерді көрсету (слаайд №1,слайд №2)

 

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту

 

     Сұрақ – жауап әдісімен (слайд №3)

 

          1.Модельдеудің кезеңдері

 

І.Көркем модельдеу

 

ІІ.Конструкциялау

 

ІІІ.Техникалық модельдеу

 

          2.Сән,стиль,костюм ұғымдары туралы (слайд №4 )

 

Өмірдің барлық жағдайлары үшін ыңғайлы _______________________________

 

Қолөнердің көптеген түрлері кеңінен қолданылатын________________________

 

Дәуірдің мәдениетін,сұлулық туралы түсінігін,ерекшелігін сипаттайтын__________

 

Қоғаммен бірге өзгеретін, әр дәуірдің эстетикалық талғамын бейнелейтін___________

 

Басты ерекшелігі желбірлер,қатпарлар,шілтерлер,банттар __________________________

 

            

 

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

 

    Мұғалім сөзі (түсіндірулер)

 

Киім тігу – бұл тігін өнері.Технология пәнінде басқа да қолөнердің түрлерімен бірге тігін өнерін де меңгереміз.Бұл өнер күнділікті тұрмыста жеңіл тігілетін киімдерді тігу,жөндеу,әсемдеуге үйретеді.(Слайд №3 ашу,модельдеу кезеңдеріне тоқталып өту).

 

Конструкциялау кезеңіне тоқталу,бұл жұмыстарды жеңілдету үшін қолданылатын әдістер:журналдар,дискілер туралы айта кету.Яғни, І ,ІІ кезеңдерді сабақта орындап үйренеміз.Сонымен жаңа сабағымыздың тақырыбы «Көркем модельдеу.Модельдеудің мақсаты»  (дәптерге тақырыпты жаздырту)

 

Сабағымыздың мақсаты: модельдеу жұмыстарының мақсатын анықтау,киімнің сұлбасын салып үйрену.

 

Мұғалім сөзі.  Техникалық шығармашылық бағыттары тақырыбында : шығармашылық

 

процесс – техниканың дамуына адамның қатысуының бір формасы.Осыдан бірнеше мәселелер шешіледі.Мысалы: (оқушылардан сұрау). Киімді өндіру саласы да еліміздің экономикасының дамуына көп үлес қосады.Тұтынушы халық өзі ұнатқан киім үлгілерін алуға ұмтылады.Осы жерде әр түрлі киімдер туындату үшін модельдеу,яғни киімнің жаңа сән үлгілерін жасау,сәндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыдан модельдеу жұмысының мақсаты туындайды.

 

Модельдеудің мақсаты (слайд №5)

 

(Дәптермен жұмыс)

 

     Ыңғайлы,сәнді әрі әдемі киімдермен әр түрлі жастағы адамдардың талғамын қанағаттатандыратындай киімдер туындату,жаңа сән үлгілерін енгізу.

 

Мұғалім сөзі (түсіндірулер)

 

     Жаңа сән үлгілерін енгізу арқылы өндіріске,еліміздің экономикасына көппайда келтіріледі.Осы жердегі маман иелерінен шығармашылықпен жұмыс жасауды талап етеді.

 

(мысал келтіру)

 

     Киімнің көркемдік жобасын жасау үшін (слайд №6)

 

1.Дене пропорциясын білу керек

 

2.Жаңа сән бағытын білу керек

 

3.Киім сұлбасын сала білу керек

 

4.Сипаттама  бере білу керек 

 

      Дене пропорциясының салыну ережесін оқушылармен бірге еске түсіру          

 

Оқушылардан сұрау арқылы жауаптар алу.

 

       Киім  сұлбасын,нобайын жасау үшін мына жайттарды ескеру керек.Оқушылардан сұрау арқылы жауаптар алу.Мысалы: киім қандай болуы керек? Ыңғайлы,әдемі,қолайлы т.б.)

 

    Адамның дене бітімі,талғамы,талабы әр түрлі болғандықтан сән таңдау да күрделі,жауапты жұмыстардың бірі.Дене бітімнің кем кетігін жасыратындай етіп ойластырғанымыз жөн.Оның бірнеше эскиздерін сызған дұрыс.Киім эскизін жасағанда

 

Немесе таңдағанда киімнің арналуы (жұмысқа,мейрамға т.б.) қандай маусымда киілетіні,дене мүсіннің толық,жіңішке және ұзынбойлы,жіңішке және аласабойлы екені және жасы ескерілуі керек. (Толық ,егде,аласа бойлы,кеуделі әйелдер туралы айта кету).Сән үлгілерін жасағанда суретші – модельер түстерге де мән беруі керек.Түстердің үйлесімін тек костюм композияцын сақтау үшін ғана емес,түстердің адамның мінез құлқына да әсер ететінін ескеру керек.Мысалы қызыл түстер шабыттандырады,ал көк,жасыл түстер тынышталдырады.Жастар ашық түстерді,егде адамдар бірқалыпты түстерді ұнатады.Түстер дұрыс таңдалса адам денесінің кемшіліктерін де жасыруға болады.Тігінен түскен жолақтар,сызықтар денемүсінді жіңішкерте түседі,ал көлденең түскен жолақтар толықтыра түседі (слайд №7).

 

Және де мойынды ұзартып,иықты кішірейтіп,бел,мықын сызықтарын өзгертулер арқылы

 

пропорцияны өзгертуге болады (слайд №8)

 

        Киімді көркемдік сәндеу – ол сән коллекциясын шығарудағы шығармашылық процесс.   

 

     Осы жаңа киімдер шығаруда көптеген жаңашыл технологиялар бар.Олар сән журналдары «Бурда», «Моден», т.б. Арнайы дискілер де бар.

 

     Осы шығармашылық процесті сабақта орындап көреміз.

 

Киімнің кейбір жекелеген бөліктерін эскизде былай етіп көрсетеміз (тақтаға сызып көрсету)

 

І V.Сарамандық жұмыс

 

Тақырыбы : «Сипаттама бойынша киімэскизін салу»

 

Оқушыларды топқа бөліп тапсырмаларын слайдтан көрсету.Дене мүсіннің 1:4 масштабтағы шаблонын тарату.Осы тапсырмалар бойынша оқушылар эскиздерін орындайды.

 

Сабақты бекіту мақсатында оқушыларға өзіндік жұмыс беру.Өздерінің жасындағы адамдарға лайықтап киім сұлбасын салу.Сипаттамада жыл мезгілін,киімнің аталуын көрсету.Дене ерекшеліктері,түстер үйлесімі,барлық ескертулерді ескеру.

 

Оқушылар қолынан шыққан киімдер топтамасымен,соңғы үлгідегі киімдер топтамасын көрсету.Novia.p1atia.RU. сайтынан алынған қысқы көйлектер топтамасын көрсету.

 

Жұмысқа 5-7 минут уақыт беру.Компьютерге орындатуға да болады.

 

V.Жаңа сабақты бекіту үшін 1-2 оқушыдан жасаған жұмыстарын көрсетіп,сипаттап беруін сұрау.Слайд арқылы көркем модельдеудіорындау үшін нені білу керектігін пысықтау.

 

Бағалау,үйге тапсрма беру:түрлі – түсті  қағаздар,желім,кайшы.Әр топқа үй киімдер,күнделікті киімдер топтамасын салып келуді тапсыру.   

 

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Комментарии пользователей /1/
Rashaeva61 | 23 августа 2015 07:56
Әр адамның киімі өзіне лайықты ,қонымды болуы керек. Киімнің кейбір жекеленген бөлігін эскизбен көрсетіп, оны компьютерде орындату үлкен жұмыс. Шығармашылық жұмыстарың ұнады. Талабың таудай болсын.
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения