Меден Тілеужан
Должность:воспитатель
Группа:Посетители
Страна:казахстан
Регион:костанай, костанай
07.10.2014
0
788
0

Баяндама:" Бала және теледидар"

 

Бала және теледидар 

 

Бала тәрбиесі – аса күрделі, әрі ұзақ процесс. Олардың мінез-құлықтары мен жеке қасиеттерінің қалыптасуына отбасы мен жақындары, бөбекжай - бақшасы мен мектеп, қоршаған орта мен көше әсер етеді. Соңғы он жылда оған теледидардың да әсері қосылып отыр. Балалардың кітап оқуға деген құмарлықтары жыл өткен сайын төмендеп келеді, соның салдарынан телефильмдердің көптеген кейіпкерлері олар еліктейтін, ең беделді тұлғаларға айналды. Сонымен, отбасы мүшесіне айналған теледидар, балалардың тәрбиешілері қатарына қосылды.

Балаға ұсынылған бейнелер оны «бала болу» міндетінен айырмаса, онда теледидардан еш қауіп жоқ» деген екен ағылшын психосарапшысы Дональд Винникотт. Бұдан шығар қорытынды, мәселе  — баланың экраннан не көретінінде емес, сол көрген нәрсесін ол қалай қабылдайтындығында. Демек, сіздің балаңыз теледидар мен достасып үлгерсе, сіз енді оның көрген жайларын дұрыс қабылдауын қадағалауыңыз шарт. Балаңыз әзірге телекейіпкерлердің қимылын ғана қызықтайтын жаста. Кейіпкерге еліктеу әдетте балаларда төрт жастан басталады.

Теледидар пайда болғаннан бастап ғалымдар оның адамдарға беретін пайдасы мен зияны ту­ралы бір пікірге келе алмай, тар­тысып келеді. Сарапшылардың бір жағы теледидар пайдалы десе, екінші жағы пайдасынан зияны көп дегенді айтады. Сонымен, көгілдір экран жөнінде ғалымдардың не айтатынына құлақ салайық. Теледидардың әрбір үйдің төрінен орын алғанына ондаған жыл болды, бірақ оның адамдар үшін үлкен қатер әкелетінін ешкім айтпайды. Біз компьютер, мик­ро­тол­қынды пеш, электр пойызда­ры, күшті радиолокациялық стан­са­­лар, байланыс тораптары, қалта теле­фон­дары болмаған кезде кө­гілдір эк­ранмен таныстық. Ол кез­де пла­нета жоғары вольттық же­лілер, ұялы телефондардың ра­дио­тран­слятор­лары сияқты ғаламат күші бар жү­йелермен бүгінгідей оралып тас­тал­ған жоқ болатын. Қазір осының бар­­лығы адамдардың жұмысын бір жа­ғы­нан жеңілдетті, ал екінші жа­ғы­нан денсаулығын құртып жатыр.

Теледидарды алысырақ оты­рып көретін болғандықтан ден­саулыққа әсер етуі компьютерге қа­рағанда аздау, бірақ оның ал­дында біз көп уақытымызды өткі­земіз, сондықтан көгілдір экран­нан келетін кесел көп болмақ. Электрлік магнит өрістерінің әсе­рінен тез шаршау, ашушаңдық, ұмытшақтық, ұйқының бұзылуы деген кеселдер шығады. «Бұлар теледидардың әсерінен болады» деп адамдар ойламайды, өйткені көгілдір экранның әсері білдіртпей бойды алады. Америкалық зертханалар­дың біріндегі көртышқандар ұстайтын көрші бөлмеге теледидар қойып, ғалымдар бақылауға алған. Әдетте, орта есеппен 12 баладан табатын көртышқандар теледидар пайда болғаннан кейін бір-екі баламен ғана шектелген, олардың өзі өліп қала берген. «Сұйық кристалды немесе плазмалық экраны бар те­ледидарлардың денсаулыққа еш­қандай әсері болмайды» деген қате пікір екен. Клиникалық зерт­теу­лердің нәтижесі бұл экрандар­дың адам ағзасына әсері бұрынғылар­дан 2 есе көп екендігін көрсетті. Электромагниттік қауіпсіздік ор­талығының 1996 жылғы ком­пью­терді пайдаланушының қызмет­тік жағдайын зерттеу нәтижесінде, тіпті аз уақыт (1 сағат) жұмыс іс­теген адамда монитордың элек­тро­магниттік сәулесінің әсері­нен гармоналдық жағдайы әлсіреге­ні және ми биотоктарының бірша­ма өзгеретіні анықталған. Қанның құ­­рамы онкологиялық ауруға шал­дық­қандардың қанына ұқсайды. Ғылыми-зерттеулер электрлік сәулелердің адам ағзасына жүздеген әсері бар екенін дәлелдеп отыр. Олардың әрбір клетканы қалай тесіп өтіп, бүкіл органдар мен жүйенің қызметтік жағдайын қалай өзгертетінін көзбен кө­ре­тіндей жасап, адамдарға көр­сететін болса, қазіргі кеңседегілер жұ­мысқа барудан бас тартар еді. «Қысқатолқынды пештің адам ағзасына қандай зиян екенін көрген адам оны лақтырып тастар еді» деп ескертеді неміс ғалым­дары. Венадағы пациенттердің мүд­десін қорғау жөніндегі ха­лықаралық қауымдастықтың пре­зиденті, профессор Томас Тиль осы қысқатолқынды пештің зия­нын алғаш шыққан кезден бастап зерттеп, өткен ғасырдың сек­се­нінші жылдары оны қолдануға қарсы пікірлер айтқан. Қысқа­тол­қынды пештің сәулесі көкө­ніс­тің құрылымдағы өсімдік алколои­дын өзгертеді екен. Химиялық өзге­ріске түскен тағамнан лимфа­тия­лық жүйенің қызметі бұзылады, оның арты ағзаның иммунитет жүйесін төмендетуге соқтырады. Ең бастысы, қысқатолқынды пештен сәулеге малынып шыққан тағамды жеу – ісік клеткаларының көбеюіне және қанның ұюына ықпал етеді екен. Статистикаға қарағанда, қысқатолқынды пешті көп пайдаланатын адамдардың асқазанында, өңешінде ісіктер пайда болған.

Қазіргі кезде теледидар үйі­міз­дің әр бөлмесінде, тіпті ас іше­тін бөлмеде де, автокөлікте де тұрады. Гастроэнтерологтардың мәлім­деуінше, көгілдір экранның ал­дын­да отырып тамақ ішу, әсіресе, балалардың денсаулығына өте зиян. Бұл асқазан жарасын, гас­трит ауруларын қоздырады екен. Тамақтанып отырып теледидар көр­ген кезде асқазан секрециясы аз бөлінеді, ал бұл көптеген ау­руларға себеп болады. Германия­лық ғалым Манфред Спицердің зерт­теулері теледидарға үнемі те­сіліп отыратындардың көбі жү­регін май басып, қайтыс бола­тын­дығын дәлелдепті. Оларда диабет, жоғары қан қысымы, қанда хо­лес­териннің көбеюі пайда бола­ды. Ғалымның мәлімдеуінше, көгіл­дір экранның алдынан шықпай, қат­ты берілудің нәтижесінде жылы­на 20 мың неміс жоғарыда атал­ған аурулардан қайтыс болады екен.

Көгілдір эк­ранның әсері ең алдымен көру мүшесіне емес, есту қабілетіне зиянын тигізеді. Ғалымдардың зерттеулерінше, бала теледидарды қарамай-ақ, маңында ойнап жүр­ген күннің өзінде назар аудару, принциптік ойды жұмылдыру қабі­леті нашарлап, оның миында кереғар реакция жүреді. Тіпті те­ледидар басқа бөлмеде қосулы тұрса да бала оны естиді, сөйтіп ойнап жүрген, кітап оқып, үй жұ­мысын жасап отырған баланың миы тұрақты режимде керексіз ақпараттарды қабылдап, оны алаңдатады. «Көгілдір экран үйде күніне 90 минуттан артық қосыл­мауы тиіс» деген кеңес береді ғалымдар.

Әрине, бұл көгілдір экранға мүлде жоламау деген әңгіме емес, оны орнымен пайдалануда. Теле­дидар – адамзаттың ұлы жетіс­тіктерінің бірі. Көпшілік жұмыс­тан кейін үйге келіп таңдаған бағ­дарламаларын, сериалдарын рақаттанып көреді. Бір жаман жері – ол адамдарды үйге жіпсіз бай­­лап қояды. Уақытының бәрін ала­ды, онымен қоймай, денсау­лы­ғына залал келтіреді екен. Соның арқасында біз «Наурыз» сияқты жаппай тойланатын мерекелерге қатысуды ұмытып барамыз, қо­ғамдық, саяси, спорттық, мәдени шаралардың қайнаған ортасын­да жүре алмаймыз. Айналамызда болып жатқан барлық жаңалық­тар мен әртүрлі оқиғалардың барлы­ғын теледидар арқылы үйімізге әкеліп бергенін қалаймыз. Бірақ одан бізге зиянынан басқа, еш­қандай пайда жоқ екенін де тү­сінуіміз керек.

Ересек адамдарға пайдалы кеңес беру болмаса, үйреншікті әдеттерінен айыру қиын екендігін ғалымдар жақсы түсінеді. Алайда, өздерінің денсаулықтарын ойла­маса да балаларының денсаулы­ғы­на көңіл бөліп, көгілдір экраннан келетін кеселдердің алдын алған жөн. Ол үшін оның пайдасы мен зияндарына зерттеулер жүргізген ғалымдардың беретін кеңесіне көңіл аударайық:

1. Кейбіреулер үйіне келе са­лып, теледидарды қосуды әдетке айналдырған немесе оны жарық үшін (фон) пайдаланады, теле­ди­дарды қажеті болмаса қоспаңыз;

2. Көретін бағдарламаны мұ­қият таңдаңыз. Егер өзіңіздің көңіл күйіңіз қаламайтын болса, ашу-ыза шақыратын бағдарла­маларды қарамаңыз. Балалары­ңыз көріп отырған фильмдер мен бағ­дарламаларды және олардың кө­гілдір экран алдында қанша уақыт отыратынын қадағалаңыз;

3. Белгілі бір жасқа келгенше жасөспірімдер теледидар экра­нында болып жатқан оқиғаларды түсіндіруді қажет етеді. Теледидар­ға тегін тәрбиеші деп қарамау керек, баланы оның алдына жал­ғыз отырғызып қоюға болмайды. Балалар үшін тәрбиелік мағына­дағы отбасылық бағдарламалар­ды таңдап көрсету керек. Егер бала тәулігіне екі сағаттай теледидар қараса, одан ешқандай зиян кел­мейді. Керісінше, ол бұдан өзіне пайдалы мағлұматтар алады, өзіне жаңалықтар ашады. Ал енді кө­гілдір экран оның жалғыз ғана до­­сына айналса, одан келер қауіп бар. Оның кері әсерін көп ұза­май өзіңіз де байқайтын боласыз.

 

 

 

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения