Нариманова Гауһар Нариманқызы
Должность:педагог
Группа:Посетители
Страна:Қазақстан
Регион:Атырау облысы Индер ауданы
02.10.2014
0
2401
7

Мәңгілік Ел – ұлт мұратының ұйытқысы





Тақырыбы:  Мәңгілік Ел – ұлт мұратының ұйытқысы

Мақсаты:

Оқушыларға Елбасы жолдауының мақсат-міндеттерін түсіндіру. Жолдау туралы түсінік бере отырып, жан - жақты талқылап, ой бөлісу. «Мәңгілік Ел» идеясының елді ымыраға ұйыстыратын, ірі мақсатқа жету жолында жұдырықтай жұмылдыратын ұлттық идеология екендігін ұғындыру; Оқушылардың ойлау, саралау, пікірлерін еркін жеткізе білу қабілеттерін арттыру. Жолдаудың мақсат-міндеттерін жүзеге асыратын білікті, келешегі кемел азамат етіп тәрбиелеу.  

Түрі: семинар

Көрнекілігі: бейнероликтер, слайд, «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» кітапшасы,

Жүру барысы:

(«Мәңгілік Ел-1» бейнеролигі жүріп тұрады)

Мұғалім:

 Қайырлы күн құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар!

Еліміз тәуелсіздік алғалы бері, ел болып есімізді жинап, жоғын жоқтап, барын базарлаған, асылын ардақтаған Ұлы елге айналдық. Еліміздегі тыныштық пен тұрақтылық, экономикалық даму, ұлтаралық татулықтың бәрі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының сындарлы саясатының жемісі деп білеміз.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қа­зақ­стан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты биылғы Жолдауы –- егемен еліміздің тұрақты дамуын қамтитын, мемлекетіміздің барлық саласына серпін беретін, халқымыздың игілігін көздейтін шынайы іс – жоспарға құрылған шын мәніндегі тарихи құжат. Жолдау қазіргі уақытта қо­ғамда қызу талқылану үстінде.  Қазақстан халқына арналған Жол­дау ұлттық идеология мен кемел­денген ел болу жолында атқарар игі бас­тамаларға толы. Мемлекет бас­шы­сының әрбір Жолдауы бір-бірімен астасып, байланысып жататыны белгілі. «Қазақстан-2030» Стратегиялық даму бағдарламасын ұсынған уақыттан бері Қазақстан әлемдік деңгейге өзіндік ұстанымы мен пікірі бар мемлекет ретінде танылып, Елбасы ұсынған даму белестерін батыл қадамдар жасай отырып бағындыра білді. Ал биылғы Жолдаудың басты ерекшелігі – оның мазмұнында қамтылған тың идеялар мен инновациялық ұсыныстардың басын біріктіретін, бір мақсат пен бір мүддеге тоғыстыратын «Мәңгілік Қазақстан» жобасының ұсынылуы.

Бүгінгі семинар жұмысын бастау үшін сөз аудандық «Жас Отан» жастар қанатының хатшысы Сарғойшина Асель Жұбанғалиқызына беріледі.

Мұғалім:

«Мәңгілік Қазақстан» жобасының астары тым әріде жатыр. Елбасымыздың «Қазақстан – 2050» Стратегиясының даму бағдарламасын алғаш жария еткен кезде «Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық деген болатын. Сондай-ақ, былтыр, 2013 жылы Тәуелсіздік күні мерекесінде сөйлеген құттықтау сөзінде де «Басты игілігіміз – біздің қасиетті де лайықты еліміз – Мәңгілік Ел», - деп ендігі мақсатымыз сол Мәңгілік Елдігімізді XXI ғасырдың биік белесіне шығару керек екендігін айтқан болатын.

Оқушылар қалай ойлайсыздар? «Қазақстан – 2050» Стратегиясының жаңа логотипі нені білдіреді?

Бұл сұрақтың жауабын бізге 11-сынып оқушысы Мұқашева Жанаргүл түсіндіріп бермек.

Слайд бойынша түсіндіреді.

<!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml]--><!--[endif]-->- «Мәңгілік Ел» логотипінде біздің мемлекеттілігіміздің негізгі әрі түпкі нышандары көрсетілген. Олар: Мемлекеттік Елтаңба, тұңғиық теңіздің тереңдігі, туысқан адамдардың және елдің барлық тұрғындарының бір-бірінің қолын қысуы. Яғни, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығарып, бірлесіп, жұдырықтай жұмылып еңбек етуге үндейді. Логотипке негіз болған басты нәрсе – шаңырақ. Оның кескінін Елтаңбадан көре аламыз. Шаңырақ бейнесі – елімізді мекендейтін халықтардың ортақ қонысының, біртұтас Отанының символы. Бір аспан мен күннің астында татулық пен бірлікті ту етіп өмір сүріп жатырған қазақстандықтардың бірлік белгісі деп түсінемін. Және жаңа логотипте керегені де көруге болады. Біздің міндетіміз – бірлесе отырып, еліміздің өркендеуіне өз үлесімізді қосу, Елбасы Жолдауына қолдау білдіріп, жұмыла еңбек ету.

Мұғалім:

(«Мәңгілік Ел-2» бейнеролигі жүреді)

Ендігі белес – 2050 жылға дейін Қазақстанды дамыған 30 мемлекеттің қатарынан Мәңгілік Ел ретінде таныту. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай елордасы Астана қаласында «Мәң­гілік Ел» салтанатты қақпасы ашылды. Тұңғыш Президенттің бастамасымен бой көтерген қақпа – жаңа белестің, жаңа дүниенің есігі, өткен мен келе­шекті байланыстырушы дәнекер. Міне, сол Мәңгілік Елдің қақпасы салы­нып, бүгінгі күні 2050 жылға дейін әлем мемлекеттері санасатын, үні басым, болмысы айқын, дамыған мемлекетке айналу – аса биік мәртебелі меже. Демек, Елбасы айтқандай,

«Қа­зақстан-2050» Стратегиялық бағдар­ламасында «Бабалардың ерлігі, бүгін­гі буынның ерен істері және жас ұр­пақ­тың жа­сам­паздығы арасында сабақ­тас­тық болса ғана, біз «Мәңгілік Ел» боламыз».

         - Шынында да әр Жолдаудың өз сүйкімі, өз ерекшелігі бар. Әсіресе, индустриялық - инновациялық даму, шағын және орта бизнесті дамыту, агроөнеркәсіптік кешен, білім-ғылым салалары осы Жолдаудың ең салмақты тұстары екені сөзсіз. Мысалы, биылғы Жолдаудан іріктеп-іріктеп жілікті 10 жаңалыққа тоқталу үшін экранға зер салайық! («Жолдаудағы 10 жаңалық» бейнеролигі жүреді)

         - Ғасырлар бойы бабаларымыз аңсаған Тәуелсіз ел мәртебесін мәңгілік ету, дамыған 30 елдің қатарынан көріну үшін қоғамның әр саласына маңызды міндеттер жүктеді. Осы орайда маған ерекше әсер еткені – үлгілі педагогикалық университеттер құру идеясы. Президент өз сөзінде «Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеруге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі – сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс» деп қадап айтты. Ғылыми ізденістерге құштарлықты ояту мектеп қабырғасынан басталып, жоғары оқу орындарында жалғасын таппақ.Осы орайда жолдау аясында ғылыми жұмыспен айналысуға бел буған мектебіміздің 8-сынып оқушысы Сайлауова Айымгүлге зерттейтін тақырыбының мақсат-міндеттерін айту үшін сөз бергім келіп отыр.

(Слайд бойынша түсіндіреді)

Айымгүлдің жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Тұңғатов Марсель Құралұлына сөз берейік:

         - Елбасы Жолдауының негізгі мақсаты – Қазақстанды Мәңгілік Ел ету, дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылу, орта мектептердегі білім беру жүйесін Назарбаев зияткерлік мектептерінің деңгейіне жеткізу, оқушылардың үш тілді еркін меңгеруіне жағдай жасау. Осы жүктелген міндеттерді орындау біздің мектебімізде де жоспарлы іске асыырылып келеді. Оның бір көрінісі ретінде өздеріңіздің сыныптастарыңыз Бақытжанова Бақытгүлдің Назарбаев зияткерлік мектебінде оқуын жалғастыруы, күні кеше Астана қаласында өткен «Тіл білгірлері» республикалық сайысында Сәрсенғалиев Амандықтың үшінші орын алуы – үлкен жетістік дер едім. Міне, сіздер болашақ студенттер, ел қамқоры болар азаматтарсыздар. Елбасымыздың Жолдауында айтылған тапсырмаларды іске асыру үшін қазірден бастап еңбектенулеріңіз керек.

Мұғалім:

Сөз қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Серікбаева Ақтолқын Жолдасқызына беріледі:

                «Мәңгілік Қазақстанның» әлемге естілер үні мен айтылар сөзі қазақ тілінде естілетіні қуантады. Қазақ тілі ғылымның, білімнің, техниканың, интернеттің тіліне айналғанын дүйім жұртқа жеткізуі анық шындықты көп­ші­ліктің есіне тағы бір мәрте түсірді. «Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақи­қат бар. Ана тіліміз Мәңгілік Елі­мізбен бірге Мәңгілік тіл болды! Оны даудың тақырыбы емес, ұлт­тың ұйытқысы ете білгеніміз жөн» деді Мемлекет басшысы. Қазақстан же­рінде бейбіт шаңырақтың астында өмір сүріп жатқан көптеген ұлттарды ұйыстырушы бірден-бір фактор – қазақ тілі. Үш тұғырлы тіл саясатын ұстануда қазақ тілі орыс және ағылшын тілдерінің көлеңкесінде қалып қояды деген күдік пен күмәннің сейіліп, бұл күнде ақпарат қазақ тілінде таралып, әлем және қазақ әдебиеттері топтастырылған қазақ тілді сайттар мен порталдардың жұмыс істеуі, қазақ тілді оқу-құралдарының, әсіресе, балалар әдебиетінің көркемдік сапасының артуы, қоғамдық орындарда, халыққа қызмет көрсететін мекемелердің жұмыс барысының қазақ тілінде жүргізілуі мемлекеттік тілдің деңгейінің өсіп, қолданыс аясының кеңейгендігін бек байқатады.

Мұғалім:

- Сондай-ақ, Елбасымыз үнемі біз – жастарға қолдау көрсетіп келеді. Ұлт көшбасшысы осы жолға Жолдауында да Жастарға: «Бұл стратегия сіздерге арналған. Оны жүзеге асыратын да, жемісін көретін де сіздер. Өз жұмыс орындарыңызда отырып, осы жұмысқа әрқайсыңыз атсалысыңыздар. Немқұрайлылық танытпаңыздар. Елдің болашағын барша халықпен бірге жасаңыздар» деген қанатты сөздері бойымызға рух беріп жауапкершілікті одан сайын сезіндіре түсті. Жастардың күшін біріктіру үшін маңызды бағдарламалар қабылданды. Ауылды мектептердің кадрлық біліктілігін жаңарту үшін «Дипломмен ауылға» бағдарламасы жоспарлы әрі нәтижелі жүзеге асырылып келеді. Осындай игі істің шарапатын көріп отырған жас мамандардың бірі Шанғалиева Эльмираға сөз берейік:

- Елбасының «Әсіресе, жастарымызға мынаны айтамын. Бұл Стратегия сіздерге  арналған. Елдің болашағын барша халықпен бірге жасаңыздар» деуі бізді одан сайын шыңдай түсіп, талабымызға қанат бітіріп, құлшынып жұмыс істеуімізге жігер берді десем артық айтқандық болмас. Қазақ не орыс тілді мектепті бітірген оқушы бір ғана тілді емес, үш тілді меңгеретіндей сапалы біліммен қамтамасыз етілуі, оқушыларды сындарлы ойлауға, ғылыммен шұғылдануға баулу – педагог мамандарды даярлайтын оқу орындарының жұмысына берілген жүктеме деп айтар едім. Себебі, кәсіби деңгейі жоғары маман ғана заман ағымына қарай бейімделіп, жаңа технологияларды жетік меңгеріп, сабақ берудің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып оқушының қызығушылығын оята білетіндігі сөзсіз. Сөз соңында айтарым, Елбасымыздың Жолдауына қолдау көрсетіп, ізденіп, нәтижеге бағытталып еңбек етеміз деген сенімдемін.

Оқушылар атынан сөз сөйлеу үшін мектебіміздің 11-сынып оқушысы, оқу озаты Құрал Жәнібекке сөз берейік:

- Осы Жолдауда Елбасымыз Қазақстанның бүкіл жетістіктерін айтты. Біз жас мемлекетпіз. Осы уақытқа шейін Қазақстан әлемнің мықты мемлекеттердіңқұрамына кіріп, көптеген елдермен тұрақты байланыс орнатты. Бұл – Елбасының Жолдауда көрініс тапқан сарабдал саясатының нәтижесі деп ойлаймын. Лондонда өткен жазғы олимпиадада 200-ден астам ел қатысып, 12 орынға ие болумыз, «ЭКСПО- 2017» халықаралық көрмесін өзіміздіңЕлордамыз – Астана қаласындаөткізу мәртебесін жеңіп алуымыз – жас Қазақстан үшін зор жетістік.  Қазақстанның осы дәрежеге жеткеніне мен қуаныштымын.Біз де мектепті сәтті бітіріп, қалаған мамандығымыздың иесі болып, еліміздің Мәңгілік Ел болуы үшін жемісті, нәтижелі еңбек етеміз деп ойлаймын және сенімдімін.

Мұғалім:

- Әрбір салаға жіті тоқталып, 10 іл­кімді идеяғажіктеген Елбасының бас­ты мақсаты – ата-баба арманындағы «Мәңгілік Қазақстан» жобасын жүзеге асыру. Түркі қағандарының, Қазақ хандарының қалауы, Абайдың арманы, Алаш қайраткерлерінің діт­теген мақсаты ХХ ғасырдың аяғында Қазақ елінің басына қонған бақ – Тәуелсіздікпен орындалды. Әрбір аза­мат­тың қолда бар ең асыл қазынасы, байлығы осы дербестік екендігін Ел­басы әрбір сөзінде қадап айтып келе­ді. Осы Тәуелсіздікті уысымыздан шығарып алмай, басымызға тәж, астымызға тақ ете білуіміз үшін «Қазақстан-2050» Стратегиясында көр­сетілген бағыттар бойынша жүрер жо­лымыздың айқын бағдарын жасап алғанымыз тиімді. «Төртеу түгел бол­са, төбедегі келеді» немесе төрдегі иіледі. Сондықтан, ұлтты ынтымаққа ұйыс­тыратын, бір шаңырақтың астын­да бейбіт өмірін жалғастыруға мол мүмкіндік беретін – «Мәңгілік Ел» идеясы ұлттық мұрат болып, «Мәң­гілік Қазақстан» жобасы ұлттық идео­ло­гиямыздың негізіне айналуына қа­зірден бастап күш салуымыз керек. Бұл арманға толы аңызды ақиқатқа ай­налдырудың нақты тетігі болмақ.

        Семинар жұмысына атсылысып, белсенділікпен қатынасқандырыңыз үшін және өздеріңіздің тұщымды ойларыңызды білдіргендеріңіз үшін алғысымды білдіремін.

 

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения