Нариманова Гауһар Нариманқызы
Должность:педагог
Группа:Посетители
Страна:Қазақстан
Регион:Атырау облысы Индер ауданы
01.10.2014
0
3787
3

30-тамыз - Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай «Ата Заң – елдігіміздің еңсесі» атты зияткерлік сайысы

30-тамыз - Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай «Ата Заң – елдігіміздің еңсесі» атты зияткерлік сайысы «Біздің басты жетістіктеріміз - 1995 жылы бүкіл халқымыз қабылдаған Конституциямыздың жемісі» ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Мақсаты: Конституцияның сипаты, маңызы туралы түсінік беру. Ата заңның қалыптасу тарихының кезеңдері және оның ерекшеліктері туралы білімдерін тереңдету. Ұлттық болмысымызды бейнелеген заңдық қағидалар мен өркениеттік Заңдық ережелерді жастардың бойларына сіңіру және Ата заңымызды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу. Көрнекілігі: «Ата заң – елдігіміздің еңсесі» тақырыбы бойынша бейнеролик, слайд-шоу. ҚР Конституциясы кітабы, Мемлекеттік Ту, Елтаңба. Жүру барысы: Ата заңым – ар-намысым, айбарым, Болашағым, тектілігім, қайнарым, Ата заңның аясында көш бастап, Ел көгінде желбірей бер, байрағым! Қазақстан – егеменді, байрақты ел, Жердің жүзін мойындатқан қайратты ел. Ата заң – елдігімнің еңсесі, Заңы барда қазақ елі айбатты ел. Заңым барда зайырлы елмен теңестір, Қай кезде де заңды біліп кеңес құр. - Қайырлы күн құрметті қонақтар, жастар, сайысқа қатысушылар! 30-тамыз Конституция күніне орай өткелі отырған «Ата Заң – елдігіміздің еңсесі» атты сайысқа қош келдіңіздер! Ертең, яғни 30 тамызда тәуелсіз Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 19 жыл толғалы отыр. Бұл жылдар ішінде мемлекетіміз демократиялық даму жолымен жүріп келеді, экономикада, әлеуметтік салада зор жетістіктерге жеттік. Қазақстанның Конституциялық тарихына көз салсақ, мемлекетіміздің бірнеше жазба Конституциясы болған екен. Соның біріншісі – 1926 жылғы 18 ақпандағы Қырғыз Советтік Социалисттік Республикасының Конституциясы (Негізгі заңы); ол кезде қазақтарды қырғыз деп атағаны тарихтан мәлім. Ал одан кейінгі Конституция 1937 жылғы 26 наурыздағы Қазақ ССР-нің Конституциясы болып табылады. Үшіншісі – 1978 жылғы 20 сәуірдегі Қазақ ССР-ның Конституциясы болса, төртіншісі 1993 жылғы ҚР Конституциясы екендігі белгілі. Қазір қолданыстағы 1995 жылғы 30 тамыздағы ҚР Конституциясы Ата Заң ретінде тарихқа нық еніп отыр. Ендеше Конституция күніне арналған сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер! Сайыс ережелерімен таныстырып өтейін. Сайысқа 3 топтан тұратын 9 жас қатысады. Алдымен сайысқа қатынасатын жастарды көрермендерге әр түрлі тақырыптағы сұрақтар қою арқылы анықтайтын боламыз. Қазір сіздерге 9 сұрақ қоямын. Әр сұраққа жылдам әрі дұрыс жауап берген 9 көрермен сайыстың қатысушысы атанады. Олай болса бастайық! 1. «Конституция» термині қандай мағынаны білдіреді? (Құрылым) 2. «Жеті Жарғы» Заңдар жинағының авторы – Тәуке хан 3. Қазақ хандығының негізін салушы? Керей хан 4. Қазақтың тұңғыш шешені кім? Жиренше (15ғ.) 5. «Яса» («Жасақ») заңдар жинағының авторы? Шыңғысхан 6. 2011 жылы 1- желтоқсанда ашылған Қазақстан бойынша алғашқы,Орталық Азия бойынша 2-ші (Ташкент) метрополитен Қазақстанның қай қаласында орналасқан? Алматы 7. 2012 жылы жазғы олимпиада қайда болды ? Лондон 8. Өмілдірік дегеніміз? Ер-тоқым әбзелдерінің бірі. 9. Ешкі малы тартылатын ұлттық ойын - Көкпар Енді қатысушыларды топқа бөлу үшін түстерді таңдап, бірдей түс таңдағандар бір топтың мүшелері болып танылады және топ басшыларын өздері сайлайды. (сары, қызыл, жасыл түстерін таңдайды). Олай болса топтармен таныс болыңыздар! «Өжет» тобы: «Қайсар» тобы: «Әділет» тобы: Сайысымызға баға беретін әділ-қазы алқаларымен таныс болыңыздар: Мурзин Артур Табылдыұлы – аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Сарғойшина Асель Жұбанғалиқызы – аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Құспанова Айгерім Сәбитқызы – «Дендер» ЖҚБ төрағасы Сайыскерлерге сәттілік тілейміз! Сайыс 4 кезеңнен тұрады: 1-кезең. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар». Топ басшылары сайысы. Әр дұрыс жауап – 1 ұпаймен бағаланады. «Өжет» тобы: 1. Абайдың шын есімі Ибрахим 2. Қазақстанның бірінші астанасы: Орынбор 3. ҚР-ның жаңа Әнұраны «Менің Қазақстаным» әні ресми түрде орындалған уақыт. 2006 жылы 10 қаңтарда ҚР Президентінің ұлықтау рәсімінде 4. Шыңғыс хан енгізген заңдар жинағы – Яссы 5. 2009ж. 25 ақпан мен 6 наурыз аралығында Қазақстанда болған тарихи оқиға : Халық санағы 6. Қазақстан Республикасына сіңген еңбегі үшін, оның тәуелсіздік жолында күресі үшін берілетін орден: Халық Қаһарманы 7. Астана қаласының бұрынғы атауы: Целиноград 8. Қазақтың соңғы ханы – Кенесары 9. « Көшпенділер» триллогиясының авторы: І.Есенберлин 10. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі – Тамара Дүйсенова «Қайсар» тобы: 1. Абылай ханның шын есімі : Әбілмансұр 2. 1993 жылы 15 қарашада болған тарихи оқиға : Валюта енгізілді 3. 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен 100 жылдық мерейтойы тойланған ғұлама, Жезқазған мыс кенін ашқан ғалым – Қ.Сәтбаев 4. Торғайда ең алғаш мектеп ашқан - Ыбырай Алтынсарин 5. Қызылорданың ескі атауы Ақмешіт 6. Қазақстанның ең биік шыңы Хантәңірі 7. ҰОС-ғы атақты қазақ партизаны, кейін Халық Қаһарманы атағын алған: Қасым Қайсенов 8. Қазақтың тұңғыш ғарышкері – Тоқтар Әубәкіров 9. «Абай жолы» роман-эпопеясының авторы. М.Әуезов 10. ҚР Қорғаныс министрі – Серік Ахметов «Әділет» тобы: 1. Ш.Уәлихановтың шыны есімі – Мұхаммед Қанапия 2. ҚР Мемлекеттік Рәміздері қашан қабылданды? 1992 жылы 4 маусым 3. М.Өтемісұлының 200 жылдығы ЮНЕСКОт көлемінде қай жылы атап өтілді? 2003 жылы 4. 1723-1727 ж.ж. – «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жылдары дүниеге келген ән: «Елім-ай» әні 5. «Алтын адам» табылған жер: Алматы облысы Есік қорғаны 6. «Қазақтың бас ақыны» кім? А.Құнанбаев 7. Биыл, яғни 2014 жылы Индер ауданына қанша жыл толды? 85 жыл 8. VII Қысқы Азия Ойындары (2011 жылы 30 қаңтар мен 7 ақпан арасында) Қазақстанның қай қаласында өтті? Алматы, Астана 9. Тарихтың атасы: Геродот 10. ҚР Білім және ғылым министрі – Аслан Сәрінжіпов 2-кезең: Еліне арналатын тілегі шың, Ей, ұлым, Отанымның түлегісің! Іргесін туған елдің тіреп тұрған, Қадірін Ата заңның білемісің?!, Жазушы Ғ.Мұстафин: «Ата Заңды білген – өз құқығын қорғай білер» деген екен. Олай болса, «Ата Заңым – айбыным» деп аталатын 2-кезеңнің шарттарымен таныстырып өтейін: Бұнда топ мүшелерінің әрқайсысына Конституция баптары бойынша сұрақтар қойылады. Әр дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады. 2-кезеңнің шарты түсінікті болса бастайық! «Өжет» тобы: 1. ҚР Конституциясы бойынша мәслихат депутаттығына қанша жасқа толғандар сайлана алады? 20 жас 2. Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі – 5 жыл 3. ҚР Конституциясының қай бабында әркімнің өмір сүруге құқығы бар екендігі туралы айтылған? 15-бабында «Қайсар» тобы: 1. Конституцияның 1-бөлімі қалай аталады? Жалпы ережелер 2. Сенат депуаттарының өкілеттік мерзімі – 6жыл 3. Конституциясының қай бабында қоғамдық бірлестіктер туралы айтылады? 5-бап «Әділет» тобы: 1. Конституция неше бөлім, неше баптан тұрады? 9 бөлім, 98 бап 2. ҚР Президентінің өкілеттік мерзімі 5 жыл 3. Конституциясының қай бабында мемлекеттік тіл туралы айтылған? 7-бап Жүргізуші: Ата заңым-егемендік, теңдігім, Қанат жайып көкке өрлеген кеңдігім. Ата заңмен іргелімін мен бүгін, Ата заңым еңселеген елдігім! –дей отырып сайысымыздың келесі кезеңіне қадам басайық! 3-кезең. Шарты: сіздер Қазақстанның маңызды тарихи оқиғалары бойынша дайындалған сұрақтарға кеңінен тоқталып өз ойларыңызды білдірулеріңіз керек. Мұнда сіздердің тарихи оқиғаны қаншалықты білетіндіктеріңіз, сөз саптауларыңыз және ой ұшқырлықтарыңызға мән беріледі. Дайындалуға 7 минут,жауап беруге 2 минут уақыт беріледі. Тақырыпты өзара талқылап біреуіңіз жауап бересіз. (сайыскерлерге 4 тақырып ұсынылады. Топ басшысы таңдаған тақырыпқа жауап береді.) 1. Еуроодақ – Қазақстанның әлеуетті әріптесі. 2. ЭКСПО-2017 көрмесі 3. Ұлттық идея – мәңгілік ел 4. «Жасыл ел» бағдарламасы Соңғы кезең – шешуші кезеңге келдік. Бұл кезең қазақ кинотуындыларынан және логикалық сұрақтардан тұрады. Алдымен сіздерге қазақ кинолары бойынша 4 сұрақ қойылады. Шарты: фильмнен үзінді көрсетіледі. Содан соң фильм бойынша сұрақ қойылады. Сұраққа қай топ бірінші болып қолдарын көтерсе, сол топ жауап береді. Жүргізуші сұрақты толығымен оқып болған соң ғана жауап берілуі керек, бірінші жауап берген топтың жауабы дұрыс болмаса келесі топ жауап бере алады. Дұрыс әрі нақты жауап 20 ұпаймен бағаланады) 1. Фильм 1963 жылы Бердібек Соқпақбаевтің повесінің желісі бойынша түсірілген. Картинаның режиссері — қазақ кино өнерінің майталманы, «Балалар киносының атасы» аталған атақты кинорежиссер . Хас шебердің қолынан шыққан теңдесі жоқ кинотуынды сан жылдар өтсе де, өз құндылығын жоғалтпай, әлі де көгілдір экран арқылы өз көрермендерін қуантып келед. Бұл фильм 1967 жылы Франциядағы Канн фестивалiнiң арнайы жүлдесiне ие болған. Сұрақ: Фильмнің аты және режиссерін ата? Ж.: «Менің атым – Қожа», реж.:Абдолла Қарсақбаев 2. Бұл фильмді Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген. 2011 жылы қалың телекөрерменге жол тартты. Сұрақ: Фильм қалай аталады, кім туралы түсірілген және режиссері кім? Ж.: «Балалық шағымның аспаны», Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың балалық шағы туралы, Реж.: Рустем Абдрашов 3. 2012 жылы жарық көрген бұл фильм қазақ халқы жоңғар шапқыншылығына қарсы ерлікпен күрескен XVIII ғасырдың бірінші жартысын қамтиды. Фильм сюжетінің негізіне жоңғарларға қарсы күресте ересек сарбаздармен бірге кең-байтақ жері мен елін қорғауға бел буған өжет те жас жауынгерлер туралы аңыз желісі алынған. Францияның Канн қаласында 65-ші мерейтойлық кинофестивалінде «Алтын пальма бұтағы» бас жүлдесімен марапатталды. Сұрақ: Фильм қалай аталады? Режиссері кім? Ж.: «Жаужүрек мың бала», реж.: Ақан Сатаев 4. 1968-1970 жылдары түсірілген көркем фильмінің тұсауы 1970 жылы Алматы қаласындағы «Целинный» кинотеатрында кесілген болатын. Бүкілодақтық тұсау кесері 1971 жылы Мәскеу қаласында өтті. Фильм сценарийін жазған Ғабит Мүсірепов. Фильм музыкасын саз сайыпқыраны Нұрғиса Тілендиев ұлттық нақышқа келтірсе, ән өлеңдерін Қадыр Мырза Әлі жазған. Аңыз бойынша жауласқан екі әулеттен шыққан қыз бен жігіттің сүйіспеншілігі мен махаббатымен қатар, фильмде ұлт біріктілігі мен берекесін аңсаған қарапайым көшпелі қазақтың тұрмысы мен болмысы айқын көрініс тапқан. 1972 жылы Тбилиси қаласындағы (Грузия) V БКФ-де фильм көркемдік безендірілуі жағынан ең үздік болып танылып, диплом мен сыйлықты жеңіп алды. Сұрақ: Фильм қалай аталады, және режиссері кім? Ж.: «Қыз Жібек», Фильм режиссері Сұлтан Қожықов Кинотуындылардан құралған сұрақтар осымен аяқталды. Енді логикалық сұрақтарға жауап беріп көрейік! Бұнда да қай топ шапшаң әрі дұрыс тапса сол топ жауап береді. Логикалық сұрақтар: 1. Қазақтар жайлауға көшкенде мал мен көшті жанып тұрған екі оттың ортасынан өткізген.Тек бір түлік от ортасынан өтпеген. Ол қай түлік? ( жылқы, оны таза деп есептеген) 2. Қазақтар мүшелік жыл санаудың бір жылында жұт болатынын байқаған. Ол қай жыл?( Қоян жылы) 3. Қазақтар төрт түлік малдың қайсысын тағаламады? (Түйе. Себебі, майтабан тағалауға келмейді) 4. Жазда көшпелі қазақтар торсықта су мен сүтті, ал ұзақ сақтау үшін торсыққа не салған?( күміс теңге) 5. Жасы жүзге келген бір қарт болыпты. Бүкіл өмір бойы ол өзінің туған күнін тек 25 рет қана атап өтіпті. Бұлай болу мүмкін бе? (Мүмкін, өйткені қарт 29 ақпанда туылға) 6. Геродот скифтердің ешбір қазансыз ет асып, сорпасын ішетінін жазған. Бұл мүмкін бе? (Мүмкін. Қой мен жылқының етін өз қарнына салып, қамыстан бу шығатын түтік жасап, жерге көміп, үстіне от жағып пісірген) Жүргізуші: Осымен біздің сайысымыздың кезеңдері өз мәресіне жетті. Құттықтау сөз аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Мурзин Артур Табылдыұлына беріледі. Жеңімпаздарды анықтау үшін, ұпай сандарын білу үшін сөз кезегін қазылар алқасына береміз. Қазылар алқасы жауабы дайын болғанша көрермен жастар арасында құттықтау сөз сөйлемін деушілер болса мархаббат! (Марапаттау, құттықтау) Жүргізуші: Бастайтын болашаққа бақ-кемені, Осы жол халықтың да нақ сенері! «Халқыма адалмын» деп Ата заңға Елбасы қолын қойып ант береді. Нұр шашқан жас ұрпақтың ұғымына, Тікелей әсер еткен ғұмырына, Айналды Ата заңым мызғымайтын, Тәуелсіз мемлекеттің тұғырына! Өмірде әділдік пен бақ табатын Құқығым қорғалды деп шаттанатын Өзіңдей жас өркендер келеді өсіп «Бұл біздің – Ата заң» деп мақтанатын! Өркендеп өз қолына алған ісі Биікке қазағымның самға, құсы! Халық боп қадір тұтып, қастерлеген Ата заң – азат елдің ар-намысы! Құрметті қонақтар, жастар, көрермендер, сайысқа қатысушылар! Ертеңгі 30 тамыз - Конституция күні құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Әрдайым басымыздан бақ кетпей, Көк туымыз көкте желбіресін! Келгендеріңізге, сайыстың өз дәрежесінде өтуіне белсенділік танытып атсалысқандарыңыз үшін көп рахмет айтамыз! Сау болыңыздар!

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения