Нариманова Гауһар Нариманқызы
Должность:педагог
Группа:Посетители
Страна:Қазақстан
Регион:Атырау облысы Индер ауданы
01.10.2014
0
6037
8

"Елі сүйген, елін сүйген Елбасы" (тәрбие сағаты)

Тақырыбы: Елі сүйген, елін сүйген Елбасы Мақсаты: Оқушыларды 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күнімен құттықтау, Елбасы өмірбаянымен, еңбек жолымен, шығармаларымен таныстыру. Оқушылардың бойында ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, өз Отанын, елін сүюге, мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, мемлекеттік тілін құрметтеуге, өз ұлтын жанындай сүйетін саналы, білімді, іскер азамат қалыптастыру. Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Рәміздері, ҚР картасы, кітап көрмесі, Н.Ә. Назарбаевтың портреті, патриоттық үлгідегі бейнематериалдар мен әндер, мультимедиада дайындалған слайдтар. Жүру барысы: Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар! 1 – желтоқсан – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні, бүкіл халықтық мереке. Өздеріңізді осы айтулы мерекемен құттықтаймын. Құттықтай отырып Тұңғыш Президент күніне арналған «Елі сүйген, елін сүйген елбасы» тақырыбында өткізгелі отырған 8 «а», «б» сынып оқушыларының дайындаған портреттік кешін бастауға рұқсат етіңіздер! Ел тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесі қарсаңында, нақтырақ айтсақ, 2011жылы 10желтоқсанда Қазақстан Парламентінің Сенаты «1 –желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мемлекеттік мерекеесін бекіткен Заңын қабылдағаны баршамызға мәлім. Бұл еліміздің жаңа тарихындағы ерекше күн. ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің бірлігін, конституциясын, адам мен адамзаттың құқықтарын және бостандықтарын қорғауды қамтамасыз еткен жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы болып табылады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жетістіктері Қазақстан халқының орасан зор шынайы құрметі мен сеніміне ие болды. Осыған орай аталған Заңның қабылдануы арқылы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Республикаға сіңірген зор ғаламат еңбегі танылды. Заңды қабылдау мемлекетіміздің азаматтарының отаншылдық рухын арттыра түсті. Елбасымыз туралы жақынырақ танысу үшін назарымызды экранға аударайық: (видеоролик) Келесі кезекте 8 сынып оқушылары Елбасымыз жүріп өткен жолдарға шолу жасап өтпек: Ортада слайд бойынша мәлімет айтады. 1. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қаскелең ауданының Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. 2. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бітірді. Экономика ғылымының докторы. 3. 1960—69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді. 1969—73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды. 4. 1973-1977 жылдары Қарметкомбинаттың партком хатшысы. 1977-79 ж.ж. Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы, 2- хатшысы. 5. 1979-1984 жылдары Қазақстан КП Орталық комитетеінің хатшысы. 1984-89 ж.ж. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы. 6. 1989-1991 ж.ж. Қазақстан КП ОК 1-хатшысы, 1990 жылғы ақпан-сәуір аралығында Қазақс КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды. 1990 жылы сәуірінен Қазақстан Республикасының президенті. 7. 1991 жылы 1- желтоқсанда тұңғыш рет Қазақстан Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Н.Ә.и Назарбаев басым дауыспен (98,7) жеңіске жетті. 8. 1995 жыл 29 сәуірінде жалпыхалықтық референдум нәтижесінде ҚР Президенті Н.Назарбаевтың өкілеттіг 2000м жылға дейін ұзартылды. 9. 1999 жылыдың 10- қаңтарында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесінде Н.Назарбаев 79,78 дауыс алып ҚР ПРезиденті болып қайта сайланды. 10. 2005 жылдың 4-желтоқсанында сайлаушылардын 91,5 дауыс алып, ҚР Президенті болып қайта сайланды. Жүргізуші: Болашағым Қазақстанның алдағы, Орындалсын қазағымның арманы. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев, Халқымыздың сеніп алған таңдауы. Асқақ болып еліміздің жалауы, Мәнгі жансын тәуелсіздік алауы. Еңбек, достық, бейбітшілік, береке, Қазақстан Республикасының қалауы. Назарбаев тек мықты Президент қана емес, ол сонымен қатар дана тұлға және ұлағатты ұстаз. Мұндай саясаткерлер әлемде аз кездеседі. Тіпті, Түркия президенті Абдолла Гүл мырза Н.Назарбаевқа «Түркі әлемінің көшбасшысы» деген атақ берді және Елбасымызға арнап Түркия астанасы Анкараға ескерткіш тұрғызды. Бұдан оның жүзеге асқан идеялары мен жобалары әлемде жоғары бағалануда екенін көре аламыз. Ақын Маралтай Ыбыраев Н.Назарбаев туралы «Кие» атты поэма жазған болатын. Поэмадан үзінді оқу үшін ортаға 8-сынып оқушыларын шақырайық. Қабыл алыңыздар! Жүргізуші : Серпігенде бодандықтың тұманын, Жетті әлемге ұраным мен жыр-әнім. Өзің болдың көшбасшысы елімнің, Өзің болдың биік ұшқан қыраным. Хор. «Нұр-аға» әні. Сөзі: Ермек Жұматаевтікі. Әні: Ибрагим Дәрібаевтікі. Жүргізуші: Елбасымыздың ұлы істерге сергек кірісуіне себепкер - оның бос уақытында салауатты да сүйікті істермен айналысуы. Жан дүниенің байлығына қоса дене сергектігіне көп көңіл бөлетін Ел ағасы теннис, гольф ойнағанды, саясаткерлікпен айналысқанды ұнатады. Шымбұлақтың таза ауасы да жанына шипадай тиеді. Сонымен қатар, қазақтың домбырасын дыңылдатып, әуезді әндерді де сүйіп тыңдайды. Елбасымыз еліне деген сүйіспеншілігін тек азаматтық істермен ғана емес, ән, жыр жолдарымен де білдіргенін жақсы білеміз. Соның дәлелі – еліміздің Әнұранындағы Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі мақсат-мұратын айқындайтын өлең жолдары. Елбасы Н.Назарбаев «Үшқоңыр», «Жерім менің», «Қазақстан» әндерінің авторы. Сөзіміздің дәлелі ретінде назарымызды экранға аударайық! (видео көрсетіледі). - Рахмет! - Секілді заңғардағы тау барысы, Нұрсұлтан – ел тірегі, ел намысы! Адамның бұл өмірде арманы жоқ Халқының бола берсе қорғанышы, - дей отырып, ендігі кезекті мектеп кітапханашысы Азербаева Зауреш апайға арнайы осы тақырыпта ұйымдастырылған кітап көрмесімен таныстыру үшін сөз кезегін берейік! - Табынған ата-бабаң көкбөріге, Алысып ат үстінде өтпеді ме?! Шығарды Нұрсұлтаның тайсалмастан Тәкаппар Еуропаның қақ төріне! Хор. «Қазақ елі» әні. Әні мен сөзін жазған: Руслан Мамытов. «Атамекен» әні. - Бүгінгі тәрбиелік шарамызда Президентіміздің өмірбаяны мен басынан кешкен оқиғаларын, елі үшін істеген азаматтық істерін түгел қамту мүмкін емес. Дегенмен аз ғана уақыттың ішінде біз Елбасымыздың азаматтық тұлғасын тағы бір таныдық деп ойлаймын. Ғасырлар тоғысуында ел басқарып қарапайым елін дүниежүзіне танытқан Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Ғасыр адамы» деп айтуға тұрарлық. Ақын Бейбіт Құсанбектің келесі өлең жолдарымен бүгінгі «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» атты портреттік кешімізді түйіндесек дейміз: Жаңылып жүрер жолдың жүлгесінен, Өрт шықты талай елдің іргесінен. Дауысы сайыпқыран Нұр ағамның Әлемнің саңқылдайды мінбесінен. Елбасы – төбеңдегі бақ жұлдызың, Қаратты өз аузына жердің жүзін. Сұңғыла саясатпен сара тіліп, Ерітті тарихтағы тоңның мұзын. Ұлт барда ынтымағы бұзылмаған, Тарихтың өшіре алмас ізін заман. Жел ескен айдарынан ел-жұртымды, Тіл-көзден аман сақта, Қызыр бабам!

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения