» ---
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
01.10.2014
0
653
0

Дауыссыз дыбыстар: қатаң

Қазақстан  Республикасы, Павлодар  облысы, Ертіс  ауданы, Қараағаш ауылы

«Ертіс  ауданының  Қараағаш  жалпы  орта  білім  беру  мектебі» мемлекеттік  мекемесі

Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәні  мұғалімі

Аушенова  С.Қ.

Сабақтың  мақсаты:

Білімділік: оқушыларға  дауыссыз  дыбыстар  туралы білім  беру, жаттығу  жұмыстары  мен  қосымша  тапсырмалар  арқылы  білімдерін  шындау.

Тәрбиелік: оқушыларды  адамгершілікке, елжандылыққа, өз  ана  тілін  ардақтауға  тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушылардың  ойлау  қабілеттерін  дамыта  отырып, дауыссыз  дыбыстардың   түрлерін  ажырата  білуге  дағдыландыру, дүниетанымын  кеңейту, пәнге  деген  қызығушылығын  арттыру.

Сабақтың  түрі:  жаңа  сабақты  түсіндіру

Сабақтың  әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жеке  жұмыс, жаттығу.

Сабақтың  көрнекілігі: интербелсенді  тақта.

Пәнаралық  байланыс: қазақ  әдебиеті

Сабақтың  барысы:

Ұйымдастыру  кезеңі: 3 мин.

  1.      Оқушылармен  амандасу;
  2.      Оқушыларды  түгендеу:
  3.      Зейіндерін  сабаққа  аудару;
  4.      Сыныптың  тазалығына  назар  аудару.

Үй  тапсырмасын  тексеру: 5 мин.

  1.      Жұмбақтарды  шешу;
  2.      Жауаптағы  дыбыстарға  сипаттама  беру.

Жаңа  сабақты түсіндіру. 15 мин.

-Балалар  біз  бүгін  дауыссыз  дыбыстармен  танысамыз. Ендеше  алдымен  осы  дыбыстардың  пайда  болуы  туралы  аңыз  тыңдайық. Аңыздан  түсінгендерін  сұрау.

Бекіту: 10 мин.

  1.      262 – жаттығу. (тақтамен  жұмыс)5 мин.
  2.      Қатаң  дауыссыздан  басталатын  сөз  жазыңдар.  (дәптермен  жұмыс).5 мин.
  3.      Сергіту  сәті.5 мин.Әр суреттің артында сұрақтар бар. Сол сұрақтарға қатаң дауыссыз дыбыстан басталатын жауап айт. (тақтамен  жұмыс).

Қорытынды: сұрақ-жауап 3 мин

Бағалау: 2 мин

Үй  тапсырмасы: әр  сөзі  дауыссыз  дыбыстан  басталатын  әңгіме  құрастыру. 2мин

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения