Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
26.09.2014
0
1712
0

Ауылым – алтын бесігім

Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы

"Көкжайық орта мектебі" КММ-нің

Бастауыш сынып мұғалімі

Жакашбаева А.Ә.

Мақсаты: 1. Оқушылар ауылдың мәдени ортасы, тарихы және табиғи ортасы, шаруашылығы, экономикасы туралы білім алады.

2. Логикалық ойлау қабілетін өз ой, пікір тұжырымдарын байланыстырып сөйлеуін, сөйлеу мәдениетін  дамытады.

3. Шығармашылық қабілеті дамыған, ұлттық сана-сезімі жоғары, білімге құштар, азаматтық  ұстанымы берік, Отансүйгіштікке және адамгершілікке тәрбиеленеді.

Сабақ түрі:

Жаңа технология: Сын тұрғысынан ойлау.

Көрнекілігі:

1. «Ауылыма саяхат » тақырып;

2. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ауыл жайлы сөзі;

«Ауылдың  даласыз күні жоқ,

 Даланың ауылсыз құны жоқ»

3. ҚР картасы;

4. Суретті ребус;

5. Сабақта пайдаланылатын тақырыпшалар:

- Тарих тіл қатқанда...

- Елге еңбегі сіңген.

- Оқу-ағарту саласында.

- Болашақ жастардың қолында.

6. Бейнетаспа «Ауылым»;

7.Кітап көрмесі;

8. Кесте «Мал шаруашылығы», «Көгалдандыру».

Шығармашылық жұмыс түрі:

І топ «Ақындар» тобы; (ауыл, туған жер туралы шығармашылық жұмыстары)

ІІ топ «Жасыл ел» тобы; (ауыл және мектеп маңына егілген ағаштар саны туралы мәлімет береді)

Ауызша журнал:

1-ші беті: Білім ордасы.

2-ші беті: Мектеп тарихы

3-ші беті: Айналайын топырағыңнан, туған жер!

4-ші беті: Мектебім менің, мектебім! (поэзия беті)

Кіріспе: «Қазақ деген мал баққан елміз,

                 Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз,

                 Жерімізді жау баспасын деп,

                 Елімізден құт – береке қашпасын деп,

                 Найзаға үкі таққан елміз,- деген екен рухы мәңгі өлмейтін Қазыбек би.

Біздің Отанымыз –Тәуелсіз Қазақстан! Қазақстан дегенде көз алдымызға кең байтақ дала, шексіз жазира дала елестейді.Яғни дала бейнесі көз алдыңа келеді. Бұл кең дала  - қазаққа қымбат дала.

Қазақ даласы шежіреге бай дала. Олай болса

                 Ауылыма саяхат  атты тәрбие сағатын  ашық деп жариялаймын.

«Ой қозғау»:

 «Ауыл» дегенді, «алтын бесік» дегенді, «туған жер» дегенді қалай түсінесіңдер? «Ауыл кімдердің мекені?» осы ой төңірегінде сөз қозғасақ..

(Оқушы ойлары тыңдалады)

1 оқушы : Менің ойымша ауыл әр адамның ата-тегінің  бесігі, арқа сүйері, балалық шақтың мекені. Атамекенге деген махаббат , атамекенге деген сағыныш ауылдан басталса керек.

2 оқушы : Қазақтың хандары мен батырлары, ғалымдары, ғылымдары мен қаламгерлері осы ауыл даласынан қанат қағып қияға ұшқан.

3 оқушы : Қазақтың ұлы ақыны Абай, ұлы жазушы Мұхтар ауылдан шықса,  батыр Бауыржан Момышұлы ауыл баласы.

4 оқушы : Осы кең даладан тұңғыш ғарышкер ұшырылды, Қаһарман батыр Қасым Қайсенов, тіпті Елбасымыз Нұраға да  ауыл перзенттері.

Мұғалім: Жақсы, олай болса, ауыл - әр адамның құтты, киелі мекені.

    Сен де кеттің, мен де кеттім, ол да кетті ауылдан,

    Ұят болды, ұят болды-ау ауылдағы қауымнан,- деген өлең шумағында Мұқағали ағамыз не айтпақ болды?

1оқушы : Осы бір өлең жолдарында Мұқағали ағамыз бәрімізге ой салып, ауыл жағдайын жырласа, Елбасы жолдауымен «Ауыл жылдары» жарияланғанын білеміз. Бұл тарих беттерінде қала береді.

2 оқушы : Ауыл десем, мал елестер көзіме,

                   Ауыл десем, дән елестер көзіме

                   Ауыл десем ер саламын құр  атқа

                   Ауыл десем, ән естілер құлаққа,- дегендей, «Ауылым» әні орындалады.

Мұғалім: Міне, ауыл жайлы бірер сөз қозғасақ, «Көкжайық – алтын бесігім» тәрбие сағатында өз ауылымызға тоқтасақ....

    Айхой, шіркін Көкжайықтай  ауылым,

    Ата – ана, құрбылар мен бауырым,

    Қиындыққа мойымаған әр уақыт

    Қайран менің өсіп-өнген ауылым!

Оқушы:  Көкейде қайда ойласаң дана тұрақ,

               Сыры мол шежірелі дара тұрақ

               Атыңнан айналайын туған жерім,

              Аяулы мекеніміз Көкжайығым !

1оқушы: Ұлан байтақ даламыз Қазақстанның бір бөлігі - Көкжайық ауылы.                     

    Алыста жүрсем аңсарым менің

    Шөліркей қалсам кәусарым менің

    Кеудемде жүрек сағына жаздап,

    Сүйемін сені, ауылым  менің!

Ән «Туған жер

Оқушы: Иә, ауыл өмірі мектеп өмірімен тығыз байланысты. Мектеп тарихын ауызша журнал арқылы таныстырып өтсек...

 

Білім

ордасы

Көкжайық

орта мектебі

 

Мектеп

тарихы

 

Топырағың-

нан айналайын,

туған жер!

Позэия

Мектебім,

менің

мектебім!

 

 

 

Журналымыздың 1ші беті бойынша..

Мектеп тарихы

Оқушы: Өнерліге өріс кең. Бұл білім ордасынан сан мыңдаған түлектер әр саланың мамандарын игерген.

Киелі шаңырақта шәкірт зердесіне  ғылым мен білімнің ізгілікті нұрын құйған, мектептен көптеген аға апаларымыз шыққан.

.

Журналымыздың ІІ беті :«Мектебім, менің, мектебім». Поэзиялық жырларға арналады. 

Оқушы: Ауылымыздан шыққан мектеп түлектері, алтын ұя мектебіміздің атын ауданға ғана емес, бүкіл Қазақстанға паш еткен, әр жерде жұмыс атқарып жатқан азаматтарымыз да бар.

Мұғалім: Иә, мектеп пен ауыл өмірі  бір – бірімен тығыз байланысты. Сабағымызды шығармашылық жұмыспен байланыстыра кетсек:

І топ: «Ақындар» тобы. (Ауыл жайлы эссе оқу)

ІІ  топ. «Жасыл ел» тобы.

Елбасының «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша мектеп маңындағы ағаштар санының көрсеткіші (кесте бойынша) және алдағы уакыттағы көгалдандыру жұмысы.

Топ жұмыстары. «Болашақ жастардың қолында» айдарымен жүргізілді.

Қорытынды. Мұғалім: Бүгінгі сабағымызда ойымызға не түйдік.(Оқушылардың ойлары сұралады). Қазіргі мектепте отырған жоғарғы сынып оқушылары -  ертең ауыл діңгегін нық ұстайтын  азаматтар. Олар ауыл тарихын, мектеп тарихын естен шығармастай өз ауылына адал еңбек етіп, ауылды көркейтетін -  2050 жылдың жастары.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения