Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
24.09.2014
0
859
0

Ашық сабақ - Стиль

Казахстан,Кызылординская область,г.Байконур
ГБОУ СОШ №6
Преподаватель технологии
Искакова Асемкул Мырзабековна

Сабақтың тақырыбы: Стиль, сән және костюм туралы түсінік.

Сабақтың мақсаты: стиль,сән, костюм туралы оқушыларға толық түсінік беру.

- білімділік:  оқушының теориялық білімдерін жетілдіру ;

-дамытушылық: эстетикалық талғамы мен шығармашылық қабілетін дамыту ;

-тәрбиелік;  оқушыларды іскерлікке, әсемдікке, ұқыптылыққа,жарасымды және сәнді киіне білуге .

Сабақтың типі:  аралас сабақ .

Сабақтың түрі:  дәстүрлі .

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, интерактивті тақтамен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі:  слайдтар.

Пәнаралық байланыс: сызу,сурет.

                                     Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі 

 

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

Тігіс түрлері. Сұрақ-жауап.

 

ІІІ.Үй тапсырмасын қортындылау

Сыр сандықтан шыққан тігіс түрлері .

 

ІV.Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

 

      Жоспар :

  1.       Сән-киім кию мәдениеті.Сәннің түрлері.
  2.       Костюм-белгілі бір ұлттың,тұрақты киім үлгісі.
  3.       Стиль-мәнер,сипат,ерекшелік.
  4.       Киімдегі бірнеше-классикалық,спорттық,романтикалық,фольклорлық стильдер туралы түсіндіру.
  5.       Мектептегі сәнгер ұстаздар.
  6.       Қазақстандағы  сәнгерлер.

 

 

V. Сабақты бекіту

Адасқан сөздердің орнын табу.

 

VІ .Сабақты қорытындылау

Манекенге сәнді көйлек кигізу.

 

ҮІІ. Үйге тапсырма беру

Стиль түрлеріне сурет салу.

 

VIІІ. Оқушыларды бағалау                                                                                                                                                                                                                

                                              Сабақтың барысы.

І .Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу,назарларын сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.                                

Тігіс түрлері туралы сұрақ-жауаптар.

1.Қандай тігіс түрлерін білесіңдер?

2.Біріккен тігістерді қандай жерлерде қолданамыз?

3.Шеттік тігістерді не үшін қолданады?

4.Әрлеу тігістерін не үшін қолданады?

5.Тігіс түрлерін тізбектеп жазу.

Т-торлап тігу,тепшу.

І-ірі тігім,ілгекті торлау.

Г-гүл тізбекті.

І-ірі тігім.

С-сырып тігу.

ІІІ.Үй тапсырмасын қорытындылау.

Сыр сандықтан шыққан тігіс түрлері.

Сандықта жасырылған әр түрлі тігіс түрлерін алып,олардың қандай тігіс түрі екенін айтып беру.

ІҮ.Жаңа сабақ. Стиль,сән және костюм туралы түсінік.

Оқушылар сән дегеніміз не? Кім қалай түсінеді.

Сән (франц.мода-өлшем,әрекет тәсілі)-киім кию мәдениеті,өмірдің әр түүрлі сферасында жеке талғамның уақытша үстемдік етуі.

Костюм киім-кешек –белгілі бір ұлттың, дәуірдің тұрақты киім үлгісі.

Стиль-мәнер,сипат,ерекшелік. Сонымен қатар стиль сол дәуірдің мәдениетін,сұлулық туралы түсінігін, қоршаған ортаға қарым-қатынасын көрсететін тұрақты,анық,ерекшеленген дәуір тілі.

   Киімде бірнеше-классикалық,спорттық, романтикалық және фольклорлық стильдер болады.

    Классикалық стиль(қатал, іскер,сәнді киіну) сән әлеміндегі өзгерістерге онша беріле бермейтін барлық киім түрлері кіреді.

Ерлердің классикалық киімдеріне-костюм шалбар,жакет-костюм,ағылшын жакеті, пальтосы,плащ т/

Әйелдердің классикалық киіміне-жеңді көйлек жакетімен,белдемше,блузка немесе жакет,шалбар мен жакет-жейде кіреді.

Классикалық стиль:

Қимылға кедергі келтірмейді,ыңғайлы;

Нәзік реңкті немесе ұсақ суретті жоғары сапалы мата;

Түстері қатты ашық емес және нәзік,тынық;

Аксессуарлар мен әшекейлері ұстамды;

Орташа өкшелі немесе өкшесіз жайпақ аяқ киімдер.

   Спорттық стиль-демалыста,спортпен айналысқанда,саяқатқа шыққанда киюге ыңғайлы киімдер

   Романтикалық стиль ерекшелігі-қатпарлар,желбіршек,шілтерлер,банттар жиынтығынан тұрады.

    Фольклорлық стиль-ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер.Бұл стильде ұлттық ою-өрнектер,кестелер қол жұмыстарының көптеген элементтері кеңінен пайдаланылады.

Оқушылар қазіргі кезде кез келген адамның сәнді киінуіне мүмкіншілігі бар. Тіге білетін және осы іске қызыққан адам өзіне ыңғайлы сәнді бұйым тігіп кие алады.

Осындай сәнді киім тіге алатын біздің мектебімізде көркемдеуші сәнгер, тігінші сәнгер, тоқымашы сәнгер ұстаздар бар.(слайдтан көрсету)

Қазақстандағы сәнгерлерді көрсету.(слайд).

Оқушылар адам тіршілігі үшін аса қасиетті төрт ұғым бар.Музыкасыз-керең,дене тәрбиесінсіз кемтар,суретсіз-соқыр, еңбексіз-мәңгүрт болу.

 Осы төрт ұғымның бірін ғана меңгерген жанды біз білгір,дарынды,қабілетті деп ерекше құрметтейміз.

 Ал,осы төрт бірдей қабілетті меңгерген адамды «он саусағынан өнері тамған»,адам деп ерекше құрметтейміз.

Ү.Сабақты бекіту. Адасқан сөздердің орнын табу.

ҮІ.Сабақты қорытындылау. Манекенге сәнді көйлек кигізу.

ҮІІІ.Оқушыларды бағалау.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения