Maidash Temirzhanova
Должность:учитель казахского языка и литературы
Группа:Посетители
Страна:
Регион:Республика Казахстан Павлодарская область. город Аксу
15.09.2014
0
603
0

Тілдер күніне арналған интеллектуалдық ойын

                                                                 М.Қ.Теміржанова.,З.Б.Қаппасова.,

Г.А. Оразалина

                                                                  Ақсу қаласының  №4 орта  мектебінің                     

                                                                 қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері    

Тілдер күніне арналған интеллектуалдық ойын

 

Мақсаты:Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған ұлт өкілдері арасындағы

достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру.

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар,оқушылар тілдер мерекесіне қош келдіңіздер!

Біздің елімізде 130- дан астам ұлт өкілдері тұрады.Қазақстан экономикасы мықты, тәуелсіз,егеменді ел.Қазақстан әр тілде сөйлейтін халықтардың басын

біріктіріп отырған  мемлекет.Қазақстан біздің достық үйіміз,ал №4 орта

мектеп білім үйіміз.

Енді «Ойлы болсаң , озып көр» сайысын бастайық. Бұл ойын  4 кезеңнен   тұрады.

Алдымен  сіздердің жауаптарыңызды  сараптау үшін әділқазылармен таныстырайық:

1. Абилова А.Н.- оқу ісінің орынбасары.

2.Жұматаева Е.К.- қазақ тілі мұғалімі.

3.Бастемова А.Қ.- әдістеме бірлестігі бастығы.

Топтар  өздерін  таныстырады: І топ  «Шырақ», ІІ топ  «Тапқырлар».

Бірінші кезең «Сөз тапқанға».Қазір сендер әріптер аласыңдар.Әр топқа сұрақ қойылады.Сұрақтың жауабы қолдарыңдағы әріптен басталуы керек.Жауап шапшаң болуы тиіс.

 

І топ сұрақтары.  Ө,Қ,Т.

1. Бүгін қандай күн?

2.Сен қайда тұрасың?

3.Жазда қайда болдың?

4.Нені жақсы көресің?

5.Сыныбыңда қанша оқушы бар?

6.Қай пән ұнайды?

7.Досың көп пе?

8.Сенің сүйікті ақының?

9.Немен саяхат жасайсың?

 

ІІ топ сұрақтары.  Ә,Ғ,С.

1.Сенің калаң  қандай?

2.Кім болғың келеді?

3.Нені ұнатасың?

4.Қандай құсты білесің?

5.Қандай фильм көрдің?

6.Жақсы көретін күнің?

7.Күз мезгілі ұнай ма?

8.Сенің сүйіп оқитын жазушың?

9.Саған қандай тағам  ұнайды?

 

Екінші кезең   «Білімпаздар» сөзі беріледі.Бұл сөзден 1минутта  бірнеше сөз құрау.

Үшінші кезең «Сен білесің бе?»Интербелсенді тақтада  сандар жазылған торкөздердің астында сұрақтар жасырылған.Әр жауап 5 балмен есептеледі.

1. Қазақ тілтану ғылымының атасы кім?

2. «і» қандай дыбыс?

3.«Ұлан-байтақ»  сөзінің синонимін тап.

 

1.Ғ.Айдаров қанша ғылыми еңбектер жазған?

2. «Отан»  сөзінің  синонимін тап.

3. «Ө»қандай дыбыс?

 

Төртінші кезең  «Кім жылдам?»  Әр топ басшысы берілген сөздерді              қимылмен көрсету керек , ал жанкүйерлер бұл сөздерді дұрыс табуы тиіс.

 

І топқа берілген сөздер: жұлдыз, қайық, аю,ұшақ, айна, қоңырау, мысық,

доп, сызғыш,гүл.

ІІ топқа берілген сөздер: кітап, жаңбыр,себет, үзіліс, қоян, сурет,пойыз,

сабақ, маймыл,қолшатыр.

 

Сөз кезегі қазылар алқасына  беріледі.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения