Maidash Temirzhanova
Должность:учитель казахского языка и литературы
Группа:Посетители
Страна:
Регион:Республика Казахстан Павлодарская область. город Аксу
15.09.2014
0
556
0

Жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар

                                                                               М.Қ.Теміржанова.,Г.А Оразалина.,З.Б Каппасова

                                                                        Ақсу қаласының  №4 орта                                                                            мектебінің                     

                                                                       қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері

 

 

Жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар

Мақсаты: Балалардың тіл туралы танымдық деңгейін көтеру,білімді,жанжақты болуға үйрету,бірнеше тіл білуге,үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру,ой-өрісін,ойлау қабілеттерін дамыту,шығармашылыққа,шапшаңдыққа баулу,балаларды озық ойлы оқушы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивтік тақта

Сайыстың жоспары:

І бөлім: Жедел жауап

ІІ бөлім: Тіл өнер

ІІІ бөлім: Бәрін білгім келеді

ІV бөлім: Қызықты ұйқастар

V бөлім: Өлең- сөздің патшасы

Кіріспе сөз

      Тіл- адамзат баласына тән ғажайып құбылыс. Адамзат қағамының аясында халық, ұлт және оның тілі жүздеген,мыңдаған жылдар бойы қалыптасады. Әр ел өз тілі арқылы әлемді,дүниені,өмірдің құнды тағылымдарын таниды да,келешек ұрпақтарына жеткізеді. Тіл-халық тарихы, тіл ұлттық қазына,тілбіздің намысымыз,арымыз,байлығымыз,барымыз.

-Қайырлы күн құрметті көрермендер,қонақтар,сайыскерлер! Бүгінгі біздің «Жүзден-жүйрік,мыңнан-тұлпар» атты сайысымыз гуманитарлық пәндер апталығы аясында өткізіліп отыр. Саысымызға екі топ оқушы қатысып отыр.

І топ: «Білгірлер»

Ұраны: «Білекті бірді жығады,білімді мыңды жығады».

ІІ топ: «Тапқырлар»

Ұраны: «Пайда ойлама ар ойла,талап қыл артық білуге».

-Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

Білім мен тапқырлықтың жарысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты!- демекші,әділқазыларды таныстырып өтейік

1.     Бастемова А.Қ.- ӘБЖ

2.     Альмагамбетова Г.С.- қазақ тілі мұғалімі:

3.     Нұрұмова Б.Б.- қазақ тілі мұғалімі:

-Ал,кәнеки,келіңдер,

Біріңе-бірің  еріңдер.

Біліміңізді тексеріп,

Ойынға қатысып көріңдер- дей келе қатысушыларға сәт сапар тілеймін.

«Білім деген-биік шың

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген – ақылшың

Қиындықтан өткізер», - деп сайысымыздың бірінші бөлімін бастаймыз.

І бөлім. «Жедел жауап»

Шарты: бұл бөлімде әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Оқушы жауап бере алмаған жағдайда келесі ойыншының жауап беруге мүмкіндігі болады.

І топ:

1.     ҚРастанасы қай қала?

2.     Ел басқару саласындағы ең жоғары лауазым?

3.     Кеңес Одағында алғаш ғарышқа ұшқан кім?

4.     Қазақтың атақты күрес шебері.

5.     1 маусым қандай мереке?

6.     Отан соғысына қатысқан батыр қыздар кімдер?

7.     Қазақтың ұлттық аспабында орындалатын шығарма

8.     2012 жылы Лондонда өткен олимпиаданың ауыр атлетикадан женімпазы

9.     ҚР-ның Әнұранының авторлары кімдер?

10.                       Абайдың шын аты кім?

ІІ бөлім. «Тіл-өнер»

І топ:

1.Ең тәтті де тіл,...(Ең ащы да тіл).

2. Оқу- білім бұлағы,...(білім өмір шырағы).

3. Жүз сом ақшан болғанша,...(жүз досың болсын).

4. Білім таппай мақтамба,...(өнер таппай баптанба).

5.Тіл-қылыштаң...(да өткір).

6.Отан...(оттан да ыстық).

ІІ топ:

1.     Шебердің қолы- ортақ,...(шешеннің тілі-ортақ).

2.     Отансыз адам-...(ормансыз бұлбұл).

3.     Ер жігіт елі үшін туады,...(ел үшін өледі).

4.     Мектепкеме,...(білім-теңіз).

5.     Жақсы жолдас-жанға серік,...(жаман жолдас-салға серік).

6.     Өнер алды-(қызыл тіл)

ІІІ бөлім «Бәрін білгім келеді»

Пәндер айдары. 4 пәннен 4 сұрақтан барлығы 16 сұрақ әзірленген. Пәндерді таңдау-оқушының өз еркінде.

Ойынды ұпайы төмен топ бастайды.

Қазақ тілі

10.Фонетика нені зерттейді?

20.Қазақ тілінде неше септік бар? Қандай?

30.Сан есімдер құрамына қарай нешеге бөлінеді? Оларды атап бер.

40.Есім сөздердің орнына қолданылатын сөздер.

Әдебиет

10.Қазақ ауыз  әдебиетінің түрлері

20. «Менің атым-Қожа» повесінің авторы кім?

30.Ақ  киімді,денелі,ақ сақалды,

      Соқыр мылқау,танымас тірі жанды.

      Үсті-басы – ақ қырау,түсі суық,

       Басқан жері сықырлап,келіп қалды...

Бұл өлең қалай аталады және оның авторы кім?

40.Қазақ тілі білімінің атасы,қазақ әліпбиінің негізін салушы,құрастырушы кім?

Математика

10.Төрті төртке қосып,төртке көбейткенде қанша болады? (32)

20.0-ден бастап 9-ға дейінгі сандардың қосындысы нешеге тең. (45)

30.Түлкі әрбір 6 секундта 4 рет секіреді. Ол 10 рет секіру үшін қанша секунд кетеді? (15 секунд)

40. Әлияның жасы қазыр 10-да. Оның шешесі Динаның жасы Әлиядан 4 есе үлкен. Әлияның жасы қазіргіден екі есе үлкен болған кезде,Динаның жасы қаншаға толады?(50)

География

10.Қазақстанда неше облыс орталығы бар?(14)

20.Жердің нақты үлгісі. (Глобус)

30.Көкжиектің неше тұсы бар? (төртеу)

40.Жер бетінің қағазға кішірейтіліп салынған бейнесі. (карта)

ІV бөлім. Қызықты ұйқастар

Әр топтың мүшесі жылдамдықпен сөздердің ұйқасын тауып айтады.

І топ:

1.     Жизнь-өмір,уголь - ...(көмір).

2.     Число-сан,кровь-...(қан)

3.     Молоко-сүт,жди -...(күт)

4.     Человек-адам,шаг-...(қадам)

5.     Таможня-кеден,пол-...(еден)

ІІ топ:

1.     Возьми-ал,мед-...(бал)

2.     Рыба-балық,народ - ...(халық)

3.     Дверь-есік, колыбель - ...(бесік)

4.     Город-қала,ребенок - ...(бала)

5.     Игра-ойын, шея-. ..(мойын)

V. Өлең – сөздің патшасы,сөз сарасы.

Әр топтың жетекшілірі шығын белгілі бір тақырыпта қазақша өлеңдер оқиды. Олар өлеңді мәнерлеп оқып беруі тиіс. Бұл кезеңде мышықтығы,оқудың тазалығы бағаланады.

Қорытынды

Білімнің мініп алып тұлпарына,

Қиналмай шықты білім шындарына.

Бүгінгі сайысымыз аяқталады,

Сөз кезегі әділқазы алқасына.

Бүгінгі сайсымызды өарытындылап,жеңімпаз топты анықтау үшін қазылар алқасына сөз берейік. (жеңімпаздарды марапаттау)

Құрметті ұстаздар,оқұшылар! Осымен сайысымыз аяқталады. Жарыс болған соң,жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді. Жарыста жеңілсек те,өмірде жеңіске жете берулеріңе тілектеспін.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения