Киашова Маржан Жумагалиевна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
03.09.2014
0
2747
4

2-4 лицей сыныптарында «Жас зерттеуші» атты ғылыми шығармашылық жұмысын өткізу үшін әзірленген күнтізбелік жоспар

2-4 лицей сыныптарында «Жас ғалым» атты ғылыми шығармашылық жұмысын өткізу үшін әзірленген күнтізбелік жоспар
Түсініктеме
    Қазіргі кезеңдегі білім беру ісінің негізгі нысаны - жас ұрпақтың біліктілігін қалыптастырып қана қоймай, олардың бойында ақпаратты өздері іздеп табатын және талдай алатын, сондай – ақ ұтымды пайдалана білетін, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеге лайықты өмір сүріп, қызмет жасауға қабілетті тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру болып отыр.
    Елбасының соңғы жолдауындағы алтыншы міндеті де осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлауды, «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыруды, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалануды, инновациялық экономиканы дамытуды қарастырады.
    Жалпы ұлттық деңгейдегі 12 жылдық жалпы орта білім берудің басты мақсаты - еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дайындау. Бәсеккеге қабілетті жеке тұлға деп өмірдің қай саласында болмасын еркін де нақты, жауапкершілікпен ойлайтын, әр түрлі жағдайларға бейімделе білетін, бойында шығармашылық қасиеттері қалыптасқан тұлғаны айтамыз.
    Қазіргі заман талабы бастауыш сынып оқушыларының жан-жақты терең ойлау қабілеттерін арттырып отыр. Сондықтан бәсекеге қабілетті шығармашыл тұлғаны қалыптастыру үшін зерттеу-ізденушілік жұмыстарды бастауыш сыныптан бастау қажет. 12 жылдық білім берудің басты мақсатының бірі – құзіретті тұлғаны дамыту болып табылады. 
   Оқушылардың зерттеу шығармашылығын дамыту қазіргі таңда негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Мектеп оқушыларын, еліміздің болашақ кәсіби мамандарын заман талабына сай тәрбиелеу және оларға жаңаша көзқарас қалыптастырып,  шапшаң шешiм қабылдауға бейiмделудi үйрету - ұстаздар алдында тұрған үлкен міндет. Мектеп қабырғасындағы оқушылардың алған білімдері,  жоғарғы оқу орындарындағы кәсіптік дайындық – маманның өз жұмысына деген шеберлігін қалыптастыруға үлкен ықпалын тигізеді. Педагог ғалым                                         А.Дистервергтің “Нашар мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді“ -  дейтін қанатты сөзі, мүғалімнің негізгі мақсаты оқушының өз бетімен іс-әрекетін дамытуға бағытталуы тиіс екендігіне көз жеткізеді.
   Жоба тақырыптары әр түрлі жағдайға байланысты әр түрлі болу мүмкін. Бір жағдайда тақырып білім ұйымдарының ұсынысымен беріледі, кейбір жағдайда мұғаліммен ұсынады, кейбір жағдайда оқушы тақырыпты өзі таңдауы мүмкін. Көбінесе тақырыптар зерттеулік бағытта тәжірибемен байланысты. Бастауыш сынып оқушыларына тақырыптарды оқулық пәндермен байланыстырып берген ыңғайлы, өйткені олардың зерттеу дағдылары қалыптаспаған. Тақырыптарды қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану бағыттарда тандаған жөн.
    Бұл курс бағдарламасы бастауыштың 2 - 4 лицей сыныптарына арналған. әр сыныпта аптасына 1 сағаттан жылына 34 сағат.

Мақсаты:
     Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын, ғылыми ізденіс пен зерттеу жұмыстарын өз еркімен меңгертуге, интеллектуалдық-шығармашылық қабілеттерін арттыруға мүмкіндік жасау
Міндеттері:
•    Баланың интеллектуалдық-шығармашылық дағдылығын, танымдық қабілетін жетілдіру, қызығушылығын арттыру, зерттеу жұмыстарын бала кезінен қалыптастыру;
•    Баланың ғылыми зерттеу жұмыстарына деген белсенділігін арттыру;
•    Баланың даму сатысын және ғалымда қосымша ізденісін қалыптастыру, ғылым әлемінің сипатымен таныстыру.
Күтілетін нәтиже:
   Оқушы оқу бағдарламасын толық аяқтаған соң
Білу керек:
• Ғылыми жоба деген не?
• Зерттеу жұмысын ғылыми тұрғыда тану, түсіну.
• Зерттеу жұмысының қарапайым түрлерін білу және игеру.
Жасай алу керек:
• Өзін-өзі дамытуды жобалай алу;
• Заңдылықтарды сақтау, дұрыс безендіру;
• Сәтті қорғау, өзінің көзқарасын нақты және деректерге сүйене отырып дәлелдеу;
Негізгі жұмыс формалары:
• Түсінікті дамытуда топта және ауыспалы жұпта жұмыс жасау.
• Мәтінмен, деректермен, каталогтармен, интернетпен жұмыс жасау.
• Эссе, ғылыми жоба жазу, шығармашылық жұмыс жазу, оны жетілдіру, басылымға беру.
• Іс-әрекет өнімдерін, ойларын көпшілік алдында қорғау, тілдерін дамыту және т.б.
Бағдарлама негізгі 3 тараудан тұрады.
І тарау. Ғылыми жұмыс жазуға баулу.
ІІ тарау. Оқушылардың зерттеу әрекетінің моделі.
ІІІ тарау. Ғылыми жұмыстың мазмұнына қойылатын талаптары.
І тарау.
Ғылыми жұмыс жазуға баулу.
   Бұл бөлімде оқушы ғылыми шығармашылық жұмыс туралы кеңінен мәлімет алады. Оқушы тақырыбын өзінің қызығушылығына байланысты
 4 бағыт бойынша таңдайды. Ғылыми жобаның жұмыс түрлерімен танысады.
а) ізденіс және тәжірибелік, зерттеу және эксперименттік тұрғыдағы жұмыстар;
ә) бақылау және қорыту сынды жұмыстар.
   Зерттеудің мақсат-міндеттерін қоя білу. Әдебиеттерді таңдай білу, анықтамаларын, ақпараттық технологиялармен жұмыс істеуге үйрету. Теориямен тәжірибені ұштастыру.
ІІ тарау.
 Оқушылардың зерттеу әрекетінің моделі.
  «Проблема»- бұл шешілмеген мәселе, соған байланысты туындалған сұраққа жауап таба алуы. Проблемалардың түрлерін білу. Түсініксіз сұрақтарды анықтау. Зерттеудің болжамын жасай білу. Мәлімет жинау. Жинақталған материалдарға талдау, жалпылау жасау. Дайын материалды ұсыну.


ІІІ тарау.
Ғылыми жұмыстың мазмұнына қойылатын талаптары.
    Ғылыми жоба жұмысының құрылымын білу. Лауазым парағын толтыра білу. Кіріспе жазу. Негізгі бөлімнің тақырыптарын таңдай білу. Зерттеу нәтижесін талдай білу. Қорытынды жасауға үйрету. Анатация мен сілтеме талаптарын білу. Ғылыми жоба жұмысын қорғаудың түрлерін ажырата білу. а) ғылыми аппаратта;
ә) ауызша қорғау.
   Алған нәтижелерді пайдаланып, жұмысты қорытындылап, ғылыми жобаны қорғай ала білу.
Күнтізбелік жоспар
Барлығы – 34 сағат
№    Тақырыптар    Сағат саны    Мерзімі    Қорытынды
І тарау.
  Ғылыми жұмыс жазуға баулу.
1    Ғылыми шығармашылық жұмысы туралы мәлімет    1       
2    Бір бағыт төңірегінде оқушыларды тақырып таңдауға бағыттау    1       
3    Зерттеу қызметіндегі қоғамдық (жеке және топтық түрлері)    1       
4    Жоба-зерттеу қызметінің формасы    1       
5    Зерттеуші деген кім?    1       
6    Жас зерттеушілер-Қазақстанның болашағы    1       
7    Мен қоршаған ортаны зерттеймін    1       
ІІ тарау.
 Оқушылардың зерттеу әрекетінің моделі.
8    Болашақ жобамның тақырыбын таңдаймын    1       
9-10    Топтық жобаның тақырыбын негіздеу    1       
11    Зерттеу қызметінің мақсаты    1       
12    Топтық жобаның мақсаты    1       
13    Зерттеу жобасының нысаны мен заты    1       
14    Зерттеу жобасының әдістері    1       
15    Топтық жобаның әдістерін іріктеу және негіздеу    1       
16    Зерттеу жобасының терминдері мен дәйек сөздері    2       
17    Топтық жобаның ұғымдар қатары    1       
18    Әдебиетпен жұмыс жасау ережесі    1       
19    Топтық жобаға арналған әдебиеттер (презинтация)    1       
20    Зерттеушінің сұрақтары    1       
21    Сұрақтар картатекасы    1       
22    Зерттеу жобасының алғашқы қорытындылары немесе өз сұрақтарына жауап іздеу    1       
23-24    Біз топтық жобаның бірінші бөлімін ұсынамыз (шағын конференция)    2       
25-26    Зерттеу жобаның тәжірибелік-практикалық бөлімі    2       
27    Тәжірибе іріктеу    1       
28    Топтық жобаның тәжірибелі бөлімін ұсыну    1       


ІІІ тарау.
Ғылыми жұмыстың мазмұнына қойылатын талаптары.

29    Зерттеу жобасының нәтижесін безендіру    1       
30-31    Сыныпта топтық жобаны қорғау    2       
32-33    Паралелль сыныптар арасында жобаны қорғау    2       
34    «Жас ғалым» Жұлдыздар шеруі    1       
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. «Бастауыш сынып оқушыларын оқыту үрдісіндегі құзыреттілік тұрғы» тақырыбындағы курстың жұмыс дәптері. – Павлодар, 2012 ж.
2. Жас зерттеушілер жұмыстары мен шығармашылық жобаларының республикалық «Зерде» байқауының ережесі.- Павлодар, 2010 ж.
4. Бастауыш мектеп журналдары. - №3, №4, № 6. 2011 ж.
5. 12-жылдық білім беру. - №5 , 2006 ж.
6. Дүниетану мен әлемді зерттеймін жұмыс жәптері. – 2-4 сынып. –А. 2010 ж.
7. www.45min.kz

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения