Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
18.08.2014
0
690
0

Шығармашылық жұмыс

Казахстан,Алматинская область,Алакольский район,ст.Достык

Государственное учреждение «Достыкская средняя школа с дошкольным миницентром»

Учитель казахского языка и литературы

Садиева Айнагуль Тезекбаевна

Сабақтың мақсаты :

а)Білімділік мақсаты:сөз мәнін түсіне алуы ,көркем сөйлеудің маңыздылығы, өз ойын түсіндіруі, ойды ашық  айта алуына бағыт беру;

 ә)тәрбиелік мақсаты:оқушы бойына қазақтың бай тілін меңгерту барысында тілдік мәдениетін қалыптастыру ,ойды ашық және көркем айтуға тәрбиелеу ;

 б)дамытушылық мақсаты:топтық жұмыс барысында сөйлеу ,сұрақ қою,сұхбаттаса алу дағдыларын дамыту;

Сабақтың типі:          Қайталау сабағы

Сабақтың түрі :         Топтық жарыс сабағы

Сабақтың ресурстары  ( көрнекілігі)  : Бейне камера,фотоаппарат, флипчарт, постерлер,маркерлер ,үлестірме материалдары ,ағаш суретті смайликтер .

Сабақ әдісі:Топтағы диалог арқылы (диалогтік оқыту әддісінің элементі)

Сабақтың түйінді идеясы : 1)Топпен жұмыс үстінде  материалды қайталауда ұшқыр ойлануы  үшін итоптағы диалог арқылы  оқушының пәнге деген қызығушылығын маңызды деп білу.

2)Александр: «....идеялар екі жақты жүреді  және  осының негізінде  оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды»

Сабақтың табыс критерийі

 Оқушы үшін :Бірлескен сұхбат дегенді түсінеді .

 Өзім үшін :Қызықты өткен сабаққа  оқушының  қызығушылығы артса –үлгерімім алға жылжиды, есте сақтайды .

Сабақтың нәтижесі : 6 «а» сыныбындағы  топтық жұмыстың басталуы, диалогқа түсе алуы, «үндемейтін»оқушыларымның (Үсенқызы, Ержанұлы) белсенділігі байқалады .(Себебі әр оқушы сөйлейді ). Сондай-ақ әр оқушымның сөз байлығының қандай деңгейде екенін түсінемін (тағы  да бұл жерде тақырып бойынша)

Сабақтың эволюациясы :Сабағымды  кез келген уақытта бағалата аламын. Бейнежазба арқылы ,постер арқылы (яғни дәлелденеді)

Сабақтың барысы :

 І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Ой қозғау «Мұғалімнің үмітін ақтай аласың ба?» (смайликпен жауап беру ) ІІІ .Топқа бөлу (4 әр- түрлі  суреттерді 5-ке бөлу ,сурет құрастырған топ бірге  топ құрады )

Таңдаған оқушы «Алма», «Ағаш»,  «Гүл», «Кітап», суреттің басын біріктіріп, бір топ болады.(4 топ құру) көшбасшы тайм –кипер т.б топ ережесімен таныстыру.

ІV. Қайталау  4 топқа  4 өткен материалдан мәтін көрінісі таратылады :

  •   «Менің атым –Қожа»Бердібек Соқпақбаев
  •  «Жауынгер тұлғасы»Бауыржан Момышұлы
  •  «Қылау»Сайын Мұратбеков
  • «Балықшылар»Әбдіжәміл  Нұрпейсов                                                           

V.«Миға шабуыл»-Осы бейнелердегі көрініс қай автордың туындысы, тақырыбы  қандай, көріністе не туралы әңгімеленеді?.

-Оқушы жауабы тыңдалады.(Ынталандыру мақсатында төменгі деңгейдегі жауаптарды да қолдаймын.)

-Дұрыс! ендеше бүгінгі тақырыбымыз өткен материалдарды ұмытпас үшін өткенді қайталауды шығармашылық тұрғыдан өрбітеміз.

«Шығармашылық жұмыс»

Мұғалімнің өткен тақырыптары бойынша жекелеген оқушылармен диалогқа түсуі .  

  • Қожаның анасының аты кім?
  • Еламан неге балықшылардың балығын жинап алды ?
  • Жауынгер кімге қызмет етеді?
  • Сатайға Рабиға қандай сыйлық берді ?
  • Кейіпкерлер арқылы нені ұғынуға болады ?
  • Қандай тәрбие алуға болады?
  • Шығармалардың бізге берері не?
  • Авторлар кімдер ,осы шығарма арқылы нені айтқысы келеді?

 

ІV. Бейнефильм «Менің атым –Қожа» үзіндіден не ұқтым (әңгіме жүргізу)

VІІ.Сабақты бекіту кезеңі:

Өте жақсы .Келесі кезекте топ болып жұмыс жүргіземіз,

- «Осы шығармалардан  не ұқтым,не түйдім,қандай тұлға болуым керек?» тақырыбына филипчарт үлестіріледі (5 минут) постер қорғау

 

 

Сергіту сәті «Австралия жаңбыры»2 минут постерге сұрақтар:

1-    Сұрақ

2-    Сұрақ

3-    Сұрақ

 

VІІІ. Сабақты қорытындылау, топтық жұмыстарды бағалау.(Бағалаушының бағасы )

ІХ. Рефлексия. Кері байланыс стикерлармен жазып жапсыру. «Екі жұлдыз бір тілек»



Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения