Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
16.07.2014
0
1513
1

«Туған жер» Оразақын Асқар

Казахстан,Павлодарская область,г.Аксу

СОШ №1

Учитель начальных классов

Кабулова З.А.

Сабақтың мақсаты: автор туралы мағлұматты толықтыру, өлеңнің мазмұнын ашу, әртүрлі деңгейлік тапсырмаларды орындау.

Сабақтың міндеттері: 1.Білімділік: О. Асқар туралы мағлұмат бере отырып, өлеңнің мазмұнын тереңірек түсіндіру, елдегі тарихи оқиғаларға тоқталу, мәнерлеп әсерлі оқуға дағдыландыру.

2. Дамытушылық: логикалық ойлау дағдысын, таным процестерін, шығармашылық қабілеттерін,дамыту, оппен, жеке жұмыс істеу дағдысын жетілдіру.

3. Тәрбиелік: Отанды сүюге, қастерлеп, аялауға, ел батырларының ерлігін бағалай білуге, татулыққа, ынтымақтастыққа, достыққы баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Пәнараралық байланыс: музыка, қазақ тілі, өзін-өзі тану.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Қызығушылығын ояту.

Музыка қосылады. Оқушылар өлең айтады «Жасыл жайлау»

-         Өлең не туралы? (Атамекен)

-         Атамекен деген не? (Туған жер,Отан, Менің елім)

-         Ол қандай сөздер? (мәндес сөздер,синоним)  

-         Дұрыс мәндес сөздер

Викториналық сұрақтар: 1- топ:

  1. Тұңғыш президент кім?   (Н.Ә.Назарбаев)
  2. «Берекелі болса ел»  өлеңін кім жазды?  (Абай Құнанбаев)
  3. Мақал –мәтелді аяқта: «Отан оттан да ....»   (ыстық)

2- топ:

  1. Қазақстанның астанасы ...... (Астана)
  2. Астанаға бата берген ата кім?    (Дихан әбілаев)
  3. Өз елім – өлең ....(төсегім)

3- топ:

  1. Қазақстан валютасы қандай? Биыл неше жыл толды білесің бе? ( 15 қарашада 20 жасқа толды)
  2. «Жасым тоқсанның тоғызына кеді, басым аман, бауырым бүтін, бала көодім, немере сүйдім» үзінді қай мәтіннен алынған? ( Бақ, Дәулет, Аман)
  3. Туған елім, алтын ..... (бесігім)

4- топ:

  1. Қазақстан жер көлемі жағынан дүние жүзінде нешінші орында? (9)

Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Аустралия, Үндістан, Аргентина, Қазақстан.

  1. Қара жердің өлгені –

Қар астында қалғаны.

Асқар таудың өлгені,

Басын мұнар шалғаны,

Аққан судың өлгені,

Мұз боп тоңып қатқаны. Үзінді қай тақырыптан алынған? (Ғалымның хаты өлмейді)

  1. Отан туралы өлең айтыңдар.

II. Мағынаны тану.

-Бүгінгі өтетін шығарма да тамаша өлең. Ең әуелі «өлең» сөзіне ассоциация құрастырайық. Өлең- шығарманың түрі, авторы болады, ақын жазады, ұйқас болады.

Асқар Оразақын «Туған жер» өлеңі

(қосымша мәлімет беремін)

 Өлеңнің авторы Асқар Оразақын (16.5.1935 жылы туылған,ҚХР, Іле аймағы, Мүкей – Қаратас ауылы) – ақын. Асқар қазақтың қара өлең түрлерін ұзақ жылдар бойы ел ішінен жинап, жиырма мың жолдық екі кітабын жариялады. («Қара өлең» (1989,1997)

Слайдтармен өлеңді балаларға мәнерлеп оқимын.

Сөздік жұмыс жүргізіледі. Бел буу – тәуекел ету.

Сергіту сәті.

Оқулықпен жұмыс.

Балаларға өлеңді тізбектеп, шумақтап , тұтастай оқытамын.

Өлеңнің мазмұнын талдау.

  • Өлең неліктен «Туған жер» деп аталған?
  • 1- шумақта нені күзетемін дейді?
  • 2- шумақта нені армандаймын дейді?
  • 3- шумақтағы баланың ойы не?
  • 1,2 шумақтарын үшінші жақта оқып көріңдер.

III. Ойтолғау.

Автор

 

Тақырыбы

 

Жанр

 

Идеясы

 

Неше шумақ

 

Неше тармақ

 

Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні

 

 

Слайд «Жаса Қазақстан»

Шығармашылық жұмыстар ұсынылады.

  1. Сөйлемдерді аяқта.

1-    Топ: Мен туған жерімді сүйемін, өйткені....

2-    Топ: Мен туған жерімді аялаймын, өйткені....

3-    Топ: Менің туған жерім мен үшін қымбат, өйткені....

4-    Топ: Менің  отанымдай жер жоқ, себебі...

Рефлексия: Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: өлеңді жаттау.

Сабақ аяқталды.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения