Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
05.07.2014
0
1138
0

Кіші мектеп оқушысының үлгермеушілігінің психологиялық мәселелері

Казахстан,Алматинская область,г.Талдыкорган

Средняя школа №8 им. Н.Островского

Педагог-психолог

Мырзахметова Ж.Ж.

Оқушы үлгермеушілігінің негізгі себептеріне қарап отырсақ, оқушылардың үлгермеушілігінің сан-салалы,  негізді және негізсіз себептері көп.

Жеткіншек кезеңдегі оқушылардың пән сабақтарына үлгермеушілігінің басты себептері, негізінен, мына жағдайлар болып табылады:

-         білім беру тәсілдері мен құралдарының жеткіліксіздігі;

-         танымдық  үрдістерінің дамуындағы кемшіліктері;

-         педагогикалық тәрбиенің төмендігі немесе жоқтығы;

-         баланың жекелей – тиологиялық ерекшеліктері;

-         интелектуалдық немқұрайлылық;

-         білім алуға сайма –сай (адекватты)  түрткілердің болмауы;

Жеткіншектік кезеңдегі үлгермеушіліктің нақтылы себептерін анықтау өте күрделі іс, өйткені үлгермеушіліктің түп-тамыры бастауыш сыныптарда жатады, сол уақыттарда оқытудағы қиындықтарды жеңе алмағандық кейінде кездесетін мәселелердің туындауына әкеліп соғады. Одан басқа да, оқытудың нәтижелігіне балалардың жастық ерекшеліктері әсер ететіні анық.

Орта буындағы сыныптарда білімді нашар меңгерудің кең тараған түрі оқуға деген түрткіліктің төмендігі болып табылады. Көптеген оқушылардың оқығысы келмейді.  Мұндай жағдайда оларға берілетін  көмектің көп пайдасы тие де бермейді. Бірқатар мектеп оқушыларының бар ынтасы тек жақсы бағалар алсам деген оймен шектеледі, көбірек білім аласам, кейін осы өзіме қажет болады – ау деген алаңдаушылық оларда болмайды, осдан барып сабаққа қызығушылық, ертеңгі күнге мүдделік төмендейді.

Осы үрдіс мына себептерден болуы әбден ықтимал;

  1. Оқушылар мен ата-аналар өз балаларының мектепте не оқып, не үйренгеніне олардың даму инамикасына аса мән бермей, алынған бағалар бойынша ғана оқыту нәтижесін бағалап, балалардың оқуңа деген осындай көзқарастарының қалыптасуына жағдай жасайды.
  2. Кейде мынадай жағдайлар кездеседі: педагогтардың өздері  5-6 сыныптарда кейбір оқушыларды бәрібір «түк шықпайтындардың » санатына қосып, оларға аз көңіл бөле  бастайды.
  3. Білім алуға деген көзқарас қоғам тарапынан өзгере бастады. Ересектер тұрмысына жақындай келе және сол тірлікке кіруге дайындала жүріп, мектеп оқушылары әлеуметтік ортадағы құндылықты бағдарлардың өзгеруіне мән бере бастады. Әлеуметтік қоғамда баланы мектептегі оқуға ынталандырып отыратын құралдар мен тетіктер болуы тиіс.

Оқу түрткілерінің болмау себептерінің бірі, қажетті – түрткілердің дамуының төменгі деңгейі болып табылады:

-         баланың ұмтылысы мен тілегі, оның осы мақсатқа жұмсайтын ерік-жігер күшіне сәйкес келмейді. Оның ерік күші әлсіз, қанша нәтиже шығарам десе де, олар жігерлілік, табандылық көрсете алмайды.

-         ішкі және сыртқы түрткілердің дамуы біркелкі емес. Мұнда сыртқы түрткілер басым түсіп отырады. Оқушы тек сыртқы себептердің есебінен оқиды: ата- аналардың қысымы, мұғалімдердің ескертпелері, бұл жерде баланың өзіндік түйсігі төмендейді.

-         кейбір оқушылардың тәрбиелік деңгейі төмен болады. Олар өздерін қалай ұстауды біледі, бірақ шынтуайтқа келгенде мұны жасамайды. Өйткені, олардың шынайы қолданыс түрткілері саналы адамгершілік нормаларынан басым болып жатады.

Бұл мектепке  дейінгі білімі және біліктілігі. Кез-келген бала жазып  және санаумен ғана шектеліп  қана қоймай, ең  маңыздысы салыстыра білуді, талдауды, ойлау білуді, өздігінен қорытынды жасай білуі тиіс. Көрнекі-әрекеттік ойлау қабілеттілігі жоғары бала көрнекі үлгімен жұмыс істегенде, заттардың кейпімен, мөлшерін ұйқастырғанда, қойылған міндеттерді шешуде тиімді әрекеттердің барлық түрін орындап шығады.

Сонымен бірге баланың сөйлеу тілінде кемістіктің болмауы және өзіне сөйлеген сөздің мағынасын түсініп, өзінің ойын жеткізе алуы қажет. Бала өз бетімен сөйлем құрастырып, ұқсас дыбыс тіркестерін  анық айта алуы маңызды. Әрбір бала әңгімені құрастырумен қатар бала заттарды, суреттерді, әрекеттерді бейнелеп және оның мазмұнын айтып беруі қажет. Яғни, баланың сөздік қорының мөлшері, таным үрдістерінің даму деңгейі, логикалық операцияларды орындай алуы маңызды.

Мектептегі оқу әрекеті – бұл ағзаның барлық жүйелерінің қатты жұмыс істеуін қажет ететін үрдіс. Баланың ағзасында жаңа ережелер мен іс-орындап, жаңа күн режиміне,

Сабақтарда тәртіп сақтап отыруға дағдылануы қажет. Алайда кез-келген баланың денсаулық жағдайы мұндай өзгерістерге бірден бейімделе алмайды. Сондықтан баланың денсаулық жағдайы (дене салмағы, бойының ұзындығы т.б.) қалыпты 6-7 жасар баланың дене көрсеткіштеріне сәйкес болуы тиіс. Сонымен бірге көру, есту, моторикасының дамуы және жүйке жүйесінің физиологиялық жағдайын жатқызуға болады.

Жеке басының қалыптасуы мен әлеуметтік даярлығы.

Мектепке келген бала оқимын деген ниетпен мектеп табалдырығын аттайды. Бірақ кейде бала оқуға барғым келеді дегенмен, оның мотиві әртүрлі болады. Біреуі мектепте көп бала бар және онда көңілді десе, біреуі партаға отырғысы келгендіктен мектепке баруы мүмкін. Алайда мұндай ықыласпен мектепке келген балалар, біраз уақыттан кейін мектептің қатал тәртібіне және күнделікті оқу сабақтарына  шыдайалмайды. Жалпы, бала оқу үрдісінің өзіне қызығуы қажет. Сонда ғана бұл баланың таным қызығушылықтарының дамуына, жаңа білім алуына мүмкіндік жасайды.

Сонымен бірге бала мұғалімдермен, балалармен қарым-қатынас жасау үшін қажетті қасиеттердің қалыптасуы аса маңызды.  Яғни, оқу әрекеті ұжымдық сипат болғандықтан, әрбір бала құрдастарымен қарым-қатынас жасай алуға, бірге жұмыс істеуге дағдылануы керек. Кейбір балалар жаңа ұжымға тез еніп, балалармен тез тіл табысып кетеді. Ал кейбіреулері көпке дейін құрбыларымен тез тіл табыса алмағандықтан, ұжымнан тыс қалып, жалғыз жүреді. Сондықтан баланың ұжымда өзіне тиісті орын алуы, оның қарым-қатынасына әсер етеді. Сөйтіп берілген құраушылар баланың басқалармен қарым-қатынас арқылы мектепте оқытуға, мектеп оқушысының рөлі арқылы балалар тобымен ойлау дайындығын дамытады.

Ерік сапаларының қалыптасуы мен эмоционалдық даярлығы.

Бұл баланың шешім қабылдай алып, мақсат қоя білуі. Сонымен бірге баланың әрекеттерді жоспарлап, олардың орындалуын жүзеге асыруда күш жұмсай білуі, қиындықтарды жеңуі баланың психолиялық үрдістердің қалыптасуына ықпалын тигізеді.

Егер баланың мектептегі оқуға дайындығы осы бағыттармен ұштасып жатса, баланың оқуға тез бейімделіп,  жақсы оқып кетуіне мүмкіндік туғызады.

Мектепке дейінгілердің негізгі іс-әрекеті ойын болғандықтан, оларға бірден оқу әрекетіне ауысу біршама қиындықтар туғызады. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бала  мұғалімдермен және балалармен  кезіккенде мазаланады, оқу үрдісінің өзіне жағымсыз эмоция сезініп, қорқыныш пайда болады. Сонымен бірге баланың көңіл-күйінің болмай, себепсізден  жиі ауруы мектеп неврозы сипатында көрінеді, яғни мектепті еске алса болғаны жылап, уайымдайды. Сөйтіп, мектеп  бала үшін стрессогендік факторға айналып, денсаулығының нашарлауына әкеліп соғады.

         Австрия  ғалымы Г.Эберлейн өзінің «Дені сау балалардың қорқынышы» атты еңбегінде «Кейбір балалар алдағы болатын жағдайлардан үрейленеді, олар үнемі  мектепте мұғалім берген тапсырманы орындай алмай қаламын ба?»деген қорқынышпен жүреді», - дейді.

Интеллектуалдық немқұрайлылық немесе «ақыл-ой жалқаулығы» оқушының үлгерімділігіне кері әсерін тигізеді. Бұл негізінен оқытумен  тәрбиелеудегі кемшіліктерге  байланысты болып келеді. Мұндай оқушылар жеңіл, көлемі аз тапсырмаларды орындауға  бейім келеді, оларға қиын, күрделі жаттығулар ұнамайды. Бұлар мұғалімдердің, ата-анаалрдың көмегіне көп жүгінеді. Интеллектуалдық сылбырлықтың туындауына негіз болатын жағдайлар көбінесе жан-ұядағы танымдық ахуал болып табылады. 

         Баланың мектептегі оқуға дайындығы біртіндеп қалыптасатын аса күрделі үрдіс және бұл үрдісті жүзеге асырудың бірден бір жолы – ата-ананыі, мұғалімнің, психологтың бірігіп жұмыс істеуі. Бала балалаық шақтан өзіне белгісіз, таныс емес дүниенің есігін ашқаннан кейін, баланың өмір сүру тіршілігін түбегейлі өзгертеді. Яғни, баланың мектеп өміріне еніп және өзінің әлеуметтік  ортада «МЕН» қалыптастыра алып, жоғарыдан көріне алуы, баланың білімді, табысты, нәтижелі игеріп кетуіне ықпал жасайды. Түйіндей келе, бұл баланың  жеке тұлғасының қалыптасуы және ақыл-ойының, таным-үрдістерінің дамуы болып табылады. Демек,  баланы мектепке даярлау мәселесі өзектілігін жоғалтпайтын әлі де зерттеуді қажет ететін міндетті мәселелердің бірі болып қала бермек.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения