Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
30.06.2014
0
1500
1

Бастауыш мектептегі білім сапасын арттыруда Инновациялық технологиялардың маңызы

Казахстан,Западно-Казахстанская область,г.Уральск

Филиал АО «НЦПК «Орлеу» Института повышения квалификации педагогических работников

Старший преподаватель

Умурзакова Рита Галлямовна

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың  2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламасында білім беру «Қазақстан-2030» ұзақ мерзімді стратегиясының маңызды басымдықтарының бірі болып танылды. Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енгізу туралы міндет қойған болатын. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады – деп атап көрсеткен [1].

      Қазіргі таңда сапалы білім беру мәселесі қоғамды толғандырып отыр. Себебі, қарыштап дамып келе жатқан технологиялық прогресс кезеңінде өскелең ұрпақтың білім деңгейі  замануи талапқа сай болуы қажет. «Неге оқыту керек?», «қалай оқыту керек?», «не үшін оқыту керек?», нәтижелі қалай оқыту керек?», - деген сұрақтарға жауап іздеген ғалымдар оқыту үдерісін «технологиялық» жолмен жүруге әрекет жасады. Оқытуды нәтижесінде кепілдемесі бар өндірістік технологиялық процеске айналдыру, осыған байланысты педагогикалық технологиялар бағыты пайда болды. Педагогикалық әдебиеттерде «технология» түсінігі әр түрлі сөз тіркестерінде қолданылады: педагогикалық технология, ақпараттық технология, компютерлік технология, білім беру технологиясы, тәрбиелеу технологиясы, біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асырудың технологиясы, оқытудың дәстүрлі технологиясы және т.б олардың даму динамикасы сол құбылыстың эволюциясында көрініс табады.

      Педагогикалық технология ұғымы ғылымға бірнеше жылдар бойы ене бастады.    

Технология (гректің techne-«өнер», «шеберлік», «икемділік» және logos-ілім) қандайда бір  

процестегі іске асырылатын әдістердің жиынтығы болып табылады.

    Жаңа педагогикалық технологияны пайдалануды көптеген педагог-психологтар оқу үдерісінде баланың өз бетінше ақыл-ойының дамытуы деп қарастырады. Баланың білімді саналы түрде қабылдауына мүмкіндік беретін жол деп қарастырады. Міне, мұндай жағдайда оқушы алға қойған жалпы мақсатқа белсенді араласу, топ пен ынтымақтастықта қызмет ету арқылы белсенді түрде оқу үдерісіне араласады, бір-бірін тексеру, талдау арқылы білім алуға деген ішкі қажеттілік сезім пайда болады.

    Бастауыш сынып оқушыларын дәстүрлі оқыту кезінде өз бетінше шешім қабылдамайды, мәселенің шешу жолдары да іздестірілмейді, білім дайын түрде беріледі. Бұл қазіргі кездегі нарықтық жағдайдағы қажеттілікті қанағаттандырмайды. Сондықтан, педагогикалық технологияның түрлері, оған қойылатын талаптар нақты болуы қажет.

    Қазіргі педагогикалық теорияда «білім беру технологиясы», «педагогикалық технология», «оқыту технологиясы» ұғымдары ғылыми айналымға енуде. Қарастырылып отырған мәселелер Б.Т.Лихачев, В.П.Беспалько, С.Сполдинг, В.В.Сериков, В.М. Монахов, М.В.Кларин, И.Я.Лернер, П.И.Пидкасистый, В.В.Гузеев, Н.Д.Хмель, Н.Н.Хан және т.б. ғалымдар үлес қосуда.

    Ғылыми негіздеудегі В.П.Беспальконың еңбегінде  «Педагогикалық технология ұғымы бұл іс жүзінде іске асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы», - деп есептейді [2]. Ол кез-келген педагогикалық технологияның негізінде жүйелі әдіс жатады, оның қайта жаңғыруымен жоспарланушы нәтижелігі толық күйде өз жүйелілігі мен құрылымдығына байланысты болады деп тұжырымдайды.

     Г.К.Селевканың көзқарасы бойынша «педагогикалық технология» ұғымы үш аспектілі арқылы берілуі мүмкін:

- ғылыми (педагогикалық технологиялар - оқытудың мақсатын, мазмұны мен әдістерін зерттейтін, педагогикалық процесті жобалайтын педагогикалық ғылым саласы);

- процессуалды-суреттемелік (процесті суреттеу, оқытудың жоспарланған нәтижелеріне қол жеткізуге арналған мақсат, мазмұн, әдістер мен құралдардың жиынтығы);

- процессуалды-әрекеттік (педагогикалық технологиялық процесті іске асыру, барлық тұлғалық, аспаптық және әдіснамалық құралдардың қызметі) [3].

     Оқыту әдістерін қолданудағы технологиялық аспектісін Ю.К.Бабанский оқыту әдістерінің жіктемесін талдап, олардың біртұтас технологиясын жетілдірді.

ü  стимулдеу және оқыту мотивациясының әдістері;

ü  әрекет ету мен операцияның жүзеге асыруын ұйымдастыру әдістері;

ü  бақылау және өзін-өзі бақылау әдістері [4].

Оқу-тәрбие үдерісін жандандыруда қазіргі педагогикалық технологияларды жетілдіріп, пән сабақтарын оқытуда тиімді қолдану арқылы білім сапасын жоғарлату үшін басты бағыт-бағдар берілуде.
Қазіргі кезеңде мектептердің оқу-тәрбие үдерісінде инновациялық технологиялар қолданылып жүргені мәлім. Бұл технологиялар бір пән сабағында қамту мүмкін емес. Әрбір пәнді ұтымды меңгеруде оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының әрекеті - технологияны қабылдауы, оған деген ынтасы, құштарлығына мұғалім тарапынан көңіл бөлінуі тиіс. Әдістемеге қарағанда педагогикалық технологияның артықшылықтары көп:

Біріншіден, технологияда түпкі нәтиже дәл анықталады. Дәстүрлі педагогикада мақсатқа жету жолдары анық болмайды. Технологияда мақсат негізгі болғандықтан, оны дәл анықтауға мүмкіндік бар.

Екіншіден, мақсат диагностикаға сүйеніп қойылғандықтан, оған жету үшін атқарылатын жұмыстардың нәтижесі объективтік әдістер арқылы тексеріледі.

Үшіншіден, мұғалім дайындықсыз оқыту үдерісін жүзеге асыра алмайды.

Төртіншіден, әдістемеде сабақ жоспарлары - мұғалімнің жоспары, оқыту үдерісінде жұмыс істейтін мұғалім. Ал, технологияда оқушылардың оқу іс-әрекетінің түрлері мен мазмұны көрсетілген жобада жасалады. Әдістеме бойынша әр мұғалім сабақ жоспарын өзінше жасайды, демек сабақта оқушылардың іс-әрекеті де түрліше ұйымдастырылады.

Педагогикалық технология педагогикалық шеберлікпен өзара қарым-қатынаста. Педагогикалық технологияны өте жақсы меңгеру дегеніміздің өзі – шеберлік. Технология және шеберлік қатынастарына қарағанда меңгеруге болатын педагогикалық технология басқалар сияқты тек қана орталықтанбайды. Педагогтің тұлғалық ерекшеліктерімен анықталатыны байқалады. Инновациялық технология мүғалімдермен іске асуы мүмкін, бірақ оны іске асыру ерекшеліктерінде педагогикалық шеберлігі және кәсіпқорлығы көрінеді. Мұғалім алғаш жаңа педагогикалық технологияларды: оқып үйренеді, екнішіден, меңгереді, үшіншіден, жаңа педагогикалық технологияларды тәжірибеде қолданады, төртіншіден, оны дамытып, нәтижесін тексереді.

Педагогикалық технология бастауыш сынып оқушыларын тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Инновациялық технологиялардың бастауыш мектептігі білім сапасын арттырудағы маңызы:

•          әр сабақта интерактивті әдістер қолдану;

•          оқушының педагогикалы-психологиялық ерекшеліктерін ескеру;

•          міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейлерін ашу;

•          инновациялық технологиялардың тиімділігін арттыру, мектеп жағдайына бейімдеу;

Бастауыш сынып мұғалімдері өз сабақтарында оқушылардың тілін дамытуда, өздік жұмыс жасау, дағдыларын қалыптастыруда өз ойларын еркін жеткізе алуға баулуда. Заман талабына сай технологияларды қолдану ауқымы, түрлері өзгеріп отырады. Бірақ, ең басты технологияларды тиімді, жүйелі қолдану керек. Инновациялық технологиялар:

•          Жобалау технологиясы;

•          Саралап, даралап оқыту технологиясы;

•          Дамыта оқыту технологиясы;

•          Модульдік оқыту технологиясы;

•          Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы;

•          Сатылай комплексті талдау технологиясы;

•          Деңгейлеп оқыту технологиясы;

Инновациялық технология нәтижелері:

1.         Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі.

2.         Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туды.

3.         Олардың әрқайсының деңгейін анықтай аласың.

4.         Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік аласың.

5.         Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді.

6.         Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады.

7.         Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады.

Педагогикалық технология – мұғалімдер мен оқушылар тұлғасының өзіндік дамуын, өзін-өзі іске асыра алуларын қамтамасыз ететін тұтас педагогикалық үрдісті басқарудағы диагностикалық мақсаттарға жетудегі әдіс-тәсілдер кешені. Осының нәтижесінде оқушылардың да, ұжымның да, мұғалімнің де жетілу кезеңдерін өлшеп, даму динамикасын көруге болады.

Өскелең ұрпақты дайындау сапасын көтеру мақсатында қазіргі кезеңдегі педагогикалық технологияларды пайдалану әрекеті көптеген тәжірбиелі мұғалімдер, педагог-психологтар, ғылыми ізденушілер, әдіскерлердің оқыту мен тәрбиелеуді жүйелі де тиімді ұйымдастыру талпынысынан туындады. Оқу-тәрбие үдерісінде жаңа инновациялық технологияларды енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жетелейді. Қазіргі білім беру саласында мұғалімдер жаңа педагогикалық технологияларды меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болуы мүмкін емес деп қорытындыға келеміз.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламасы. Егемен Қазақстан. 7-желтоқсан, 2010 ж.

2. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. – М., 1980.- С.45.

3. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. – Москва: Народное образование, 1998. - С. 5-3.

4. Бабанский Ю.К. Педагогика. – Москва: Просвещение, 1993. – 256с.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения