Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
30.06.2014
0
1849
1

Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы

Казахстан, Актюбинская область, г. Актобе

СШ № 34

Учитель истории

Сагингалиева Б.Т.

Мақсаты:    Оқушыларды Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихымен таныстыру; Қазақстанның

қиын қыстау кезеңіндегі іс-қызметіне тоқтала отырып, соғыс жылдарындағы Кеңес Одағының халықтары сияқты, Қазақстан еңбекшілерінің де жоқшылық пен ауыртпалықтарға қарамастан, Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігін қарақшы жау - фашизмнен ерлікпен қорғағанын және тылда болашақ үшін тамаша еңбек еткені жайлы толық түсінік беру.

Міндеттері:ш

А) білімділік:Қазақстанның соғыс жылдарындағы маңызының артуы туралы білімді тереңдете отырып,

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанның экономикасы, майдандағы қазақстандықтардың ерлігі және олардың соғысқа қосқан үлесі жайлы түсінік беру.

Ә) дамытушылық: Оқушылардың ойлау, сөйлеу дағдысын, өз ойын жан-жақты толық жеткізебілуге,

            ізденуге қалыптастыру; саяси көзқарасын, тарихи танымдылығын, сапалық қасиетін дамыту.

Б) тәрбиелік:қазақстандықтардың жеңіске қосқан еңбекте-тылдағы, майдандағы үлестері туралы мәлімет

бере отырып, елжандылыққа, елін,  жерін сүюге, батырлардың ерлігін мәңгі есте сақтауға, үлгі етугетәрбиелеу.

Сабақ түрі: дәстүрлі                                                                          Сабақ типі: жаңа сабақ 

Әдіс-тәсілдер:ауызша баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой толғау, тест 

Пәнаралық байланыс:география, қазақ әдебиеті, математика

Көрнекілігі:Карта, суреттер, тақырыптық рефераттар, сызба – «Соғыс жылдарындағы Қазақстанның маңызының артуы», тест сұрақтары, үлестірме, кесте-сызбалар

С а б а қ     б а р ы с ы: 

І. Ұйымдастыру

а) оқушылармен амандасып, түгендеу

ә) оқушылардың назарын сабаққа аудару

б) тақырыптың мақсат-міндеттерімен таныстыру 

ІІ. Өткен материалға шолу

«Тарихи тізбек» ойыны (жалдарды байланыстыр):

1914-1918 ж.ж., 1916 ж., 1917 ж., 1919 ж., 1918-1920 ж.ж., 1920 ж., 1921-1922 ж.ж., 1922 ж., 1923 ж., 1924 ж., 1925 ж., 1927-1930 ж.ж., 1927 ж., 1928 ж., 1929-1931 ж.ж., 1930-1932 ж.ж., 1934 ж., 1936 ж., 1939 ж.

ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру.

Жоспар:

  1. Қазақ КСР-інің соғысқа дейінгі дамуы
  2. Қазақстан экономикасын соғысқа бейімдеп қайта құру
  3. Қазақстандықтар Мәскеу, Ленинград үшін ұрыстарда
  4. Қазақстан – Сталинград майданының ең жақын тылы
  5. Майданға және басқыншылықтан азат етілген аудандарға бүкілхалықтық көмек
1939 жыл 23  тамыз «Өзара шабуыл жасаспау» туралы пактіге (10 жыл) (Риббентроп-Молотов пактісі)

КСРО мен Германия қол қойды.

Құпия хаттамалар бойынша: 

-          КСРО ықпал аймағы ретінде Латвия, Финляндия, Эстония, Бессарабия өңірлері алынды;

-          КСРО үкіметі Литваның Германия ықпалындағы аймақ екендігін мойындайды;

-          Екі ел Польшаны бөлуді келісті;

1940 жылы 18 желтоқсанда бекітілген «Барбаросса» жоспары бойынша Гитлер КСРО-ға қарссы «блицкриг» (қауырт соғыс) ашып, 8- 10 аптада (2-3 ай), қыс түспей басып алуды көздеді.

               
     
 
       
     
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Қазақстанға 220 зауыт пен фабрика, цехтар мен артельдер орналастырылды. Олар:

-          Тамақ өнеркәсібінің 54 кәсіпорны

-          Жеңіл және тоқыма өнеркәсібінің 53 кәсіпорны

-          Украинаның 14 қант завуытының жабдықтары

-          Запорожье ферроқорытпа заводының жабдықтары (Ақтөбе ферроқорытпа заводы)

-          Луганский ауыр машина жасау заводы (Алматы машина жөндеу заводы)

Көшіріліп әкелінген зауыттар мен фабрикалар: Алматы, Орал, Шымкент, Семей, Қарағанды, Ақтөбе орналастырылды.

Звено жетекшілері Ш. Берсиевтің., Ы. Жақаевтың, Ким Ман Самның, А. Дацкованың, Б. Сомжүрекованың, С. Оңғарбаеваның еңбектегі даңқы бүкіл елге тарады. Қазақстан колхозшыларының ең үздік табыстарын Кеңес ақпарат бюросы өз хабарларында атап отырды.

 

СОҒЫС ЖЫЛДАРЫ ҚАЗАҚСТАН МАҢЫЗЫНЫҢ АРТУЫ

 
   

 

 

1941 жылы 22 маусым күні таңғы сағат 04-00-те Германия соғыс жарияламастан КСРО-ға басып кірді.

ҰЛЫ   ОТАН   СОҒЫСЫ

Ұлы Отан соғысы 1941 ж. 22 маусым, сағат 4-00 басталды – 1945 ж. 9 мамырда аяқталды.

Мәскеу шайқасы

 (1941 ж. 30.ІХ-1942 ж. 20. ІV)

Ленинград шайқасы

(1941 ж. 20.VІІ-1944 ж.VІІІ)

Сталинград шайқасы

(1942 ж.17.VІІ-1943 ж.2.ІІ)

1075 – атқыштар полкі, 219-атқыштар полкі

316-шы атқыштар

(28 панфиловшылар-1941 ж. қарашада (ком.В.Клочков))

ü  Мәскеу шайқасындағы ерлігі үшін 8-гвардиялық дивизия болып қайта құрылып, Қызыл Ту орденімен марапатталды. 

ü  1942 жылы қаңтар-ақпанда Старая Русса-Холм аралығындағы «қарлы жорықтағы» ерлігі үшін Ленин орденімен марапатталды. 

ü  Шығыс және орталық Латвияны азат еткені үшін құрметті «Ригалық» атағымен марапатталды. 

ü  Риганы азат еткені үшін 2-дәрежелі Суворов орденімен марапатталды. 

Мәлік Ғабдуллин

ü  Ротаның саяси жетекшісі

ü  Ерлігі: ол басқарғанавтоматшылар тобы жау танкісін жойып, бөлімшелерін жау қоршауынан алып шықты

ü  Кеңес Одағының Батыры

Төлеген Тоқтаров

ü  Бородино селосында неміс бөлімінің штабына кіріп, 5 офицердің көзін жойды.

ü  Кеңес Одағының Батыры.

Рамазан Амангелдиев (А.Имановтың баласы)

ü  238-атқыштар дивизиясының автоматшысы.

ü  Ока жағасында, Серпухов түбіндегі Воронино қыстағындағы шайқаста 13 фашистің көзін жойып, өзі де қаза тапты.

И.Капров

ü  Қолбасшылық еткен атқыштар полкі мен аға лейтенант болған.

Е.П.Рыков

ü  Дивизия комиссары.

ü  1941 жылғы қыркүйекте оңтүстік-батыс майдан Әскеи Кеңесінің мүшесі басқарған 800 жауынгер 3 тәулік бойы шайқасып, бәрі қаза тапты.

ü  Киевтегі орталықтағы көшеге және Катонқарағай орта мектебіне Е.П.Рыков есімі берілді.

К.А.Семенченко

ü  Танк әскерлерінің генерал-майоры.

ü  1941 жылы 22 шілдеде соғыс тарихында алғаш ретКеңес Одағы Батыры атағын алған қазақстандық.

Л.А.Владимирский

ü  Қара теңіз флотының контр-адмиралы.

ü  Атыраулық батыр, ерлігімен ерекшеленді.

В.Г.Клочков

ü  Ротаның саяси жетекшісі.

ü  «Ресей кең-байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда Мәскеу» ұранын көтерді.

Бауыржан Момышұлы

ü  Батальон қолбасшысы, жазушы.

ü  Б.Момышұлына 1990 жылы қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

ü  «Халық қаһарманы.» атағы берілді

Бақтыораз Бейсекбаев

ü  А.Масловтың экипажында болған.

ü  Ресей батыры атағы берілді;

ü  1998 ж. ҚР Президент Н.Ә.Назарбаев  өкімімен Халық Қаһарманы атағы берілді.

 

И.Райкин

П.Фирсов

А.Георгиев

Л.Мұхамедияров

П.Гундилевич

Р.Жанқозин

48, 310, 314, 372 – атқыштар дивизиясы

156 қазақстандық

ü  Балтық флотында «Киров» крейсерінде сапта тұрды.

Әлия Молдағұлова

ü  54-атқыштар бригадасының мергені.

Сұлтан Баймағамбетов

ü  Партия ұйымдастырушысы.

ü  Ерлігі: жаудың қорғаныс ұясының оқ жаудырып тұрған аузын кеудесімен жауып қаза тапты.

ü  Кеңес Одағының Батыры.

Дүйсенбай Шыныбеков

ü  48-атқыштар дивизиясының мергені. 

ü  Ориенбаум алғы шебінде шайқасты. 

С.Жылқышев

ü  Артиллериялық бақылау аэростаттарының дивизион командирі батылдығымен ерекше көзге түсті.

Мәншүк Мәметова

ü  100-қазақ ұлттық атқыштар бригадасының пулеметшісі. 

ü  Алматы медицина институтының студенті. 

ü  «Ағам да, апам да жоқ, сондықтан менің өзімді майданға жіберуге өтінем» деп сұранған. 

Г.Зубков

ü  314-дивизияның мергені.

ü  Солтүстік Қазақстан облысынан келген жауынгер ерлік қозғалысын бастаған.

Қойбағаров

ü  372-атқыштар дивизиясының 5-атқыштар ротасының бөлімше командирі. 

ü  Ерлігі: ұрыста неміс траншеяларына бірінші болып кіріп, ержүректілік көрсетті. 

А.Баймулдин

И.Скурудин

В.Синчук

Жәнібек Елеусізов

ü  18 жастағы қазақтар арасындағы ең жас батыр. 

ü  Днепр шайқасында ерлік көрсетті 

 

 

 

17-гвардиялық танк полкі, 19-гвардиялық атты әскер полкі, 27, 29, 38, 72, 73, 116-гвардиялық атқыштар дивизиялары

Қарсыбай Сыпатаев

ü  Миноментші.

ü  Қ.Сыпатаев пен капитан А.А.Бельгин қуатты жарылғыш минамен жау танкісінің астына түсіп, өшпес ерлік жасаған.

ü  Кеңес Одағының Батыры атанды.

Нүркен Әбдіров

ü  Қарағандылық ұшқыш.

ü  1942 жылы 19 желтоқсанда Боковская – Пономаревка ауданындағы әуе шайқасында ұшағын жау танкілері шоғырына құлатып, ерлікпен қаза тапты.

Қасым Аманжолов

ü  Ақын. 

ü  Ерлікпен шайқасқан батыр. 

Толыбай Мырзаев

ü  Оңтүстік Қазақстандық жауынгер.

ü  «Павлов үйін» қорғауда ерлік етті.

М.А.Басқақов

ü  Томск артиллерия училищесінің түлегі. 

ü  Ерлігі: 1942 жылғы 23 тамызда қазақстандық басқарған батареның 43зенитшісі, трактор зауытын қорғап, жаудың 11 танкісін жойып жіберді. 36 зенитші қаза тапты, бірақ бір адым да шегінбеді. 

Алғадай Жамбылұлы (Ж.Жабаевтың ұлы)

ü  19-гвардиялық атты әскер полкінде пулемет расчетын басқарды.

ü  Синельниково қаласы маңында ерлікпен қаза тапты.

Ғани Сафиуллин

ü  73-гвардиялық дивизияның полковнигі

ü  Оның басшылығымен жаудың 120 танкісі мен 800 автомашинасын жойып жіберді.

І.Айтықов

ü  Сталинград қорғанысының батыры

ü  Екі Даңқ орденінің иегері

ü  Кеңес Одағының Батыры

Қойгелді Аухадиев

ü  Фашистердің 5 танкісін, өздігінен жүретін «Фердинанд» зеңбірегін, оқ-дәрі тиеген 3 автомашинасын жойды;

ü  Кеңес Одағы Батыры

А.Ващенко

В.Зайцев

С.Грушевский

Б.Қарымбаев

Ч.Сүйбаев

М. Басқақов

 Я.Павлов

Т.Позолотин

П.Варламов

 

Тарихи маңызы

  • «Блицкриг» сәтсіздікке ұшырады;
  • Гитлерлік армияның жеңілмейтіндігі туралы аңыз күйреді;
  • Кеңесармиясы стратегиялық бастаманы қолға алып, түбегейлі бетбұрыс басталды.  
  • Гитлершіл Германияның ірі жеңілісі
  • Халықтар достығы мен ерлігінің көрінісі
  • Екінші дүниежүзілік соғыстағы түбегейлі бетбұрысқа шешуші үлес қосты.
  • Қызыл армия стратегиялық  инициативаны берік қолға алды.
  • Гитлерлік Германиянң жеңілісі айқындалды.
   

Берлин үшін шайқас

  • Сағадат Нұрмағамбетов (кейін ҚР Халық Қаһарманы атағы берілді)
  • И.Я.Съянов, Х.Қайдауов (Халық Қаһарманы), З.Тұрарбеков, Х.Көбеков, Т.Бигелдинов, А.Еремеев, Н.Шелихов
  • Жас офицер Р.Қошқарбаев пен Г.Булатов бірге Рейхстагқа Жеңіс туын тікті.
  • Оралдық жас офицерлер Қ.Мәденов пен Р.Қараманов 1008-атқыштар полкінің туын Берлин ратушасының төбесіне тікті.
  • «Қазақстан комсомолы» танк тізбегінің 3 танкісі қатысты.
  • 1945 ж. 2 мамырда Берлин қаласы алынды.
  • 1945 ж. 8 мамырда фашистік Германия тізе бүккендігі туралы шартқа қол қойылды.
  • 1945 ж.9 мамырда Ұлы Отан соғысы аяқталды.

Шығыстағы соғыстың аяқталуы

Жапонияға қарсы Квантун армиясымен соғысқан қазақстандықтар ерлігі

 

1945 ж 10 тамызда Тынық мұхиты флоты әскери-әуе күштерінің 12-шабуылдаушы авиация дивизиясының звено командирі, көкшетаулық батыр Михаил Янко ұщағын жау техникасына құлатты. Ақтөбелік 292-атқыштар дивизиясы да шайқасты. 14 адам – «Кореяны азат еткені үшін», 234 адам – «Жапонияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталды.

 

 

 

Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін Кеңес одағының батыры атағын алғандар:

  • Барлығы - 11 600 адам
  • Қазақстандықтар -  497
  • Қазақтар - 97
  • Қазақ қыздары – 2
  • Даңқ солдат ерлігі орденінің толық иегері – 142 қазақстандық
  • Кеңес Одағының орден, медальдарымен марапатталған қазақстандықтар – 96638
  • Қаза тапқан қазақстандықтар – 600 мыңнан астам
  • 2 мәрте Кеңес Одағы Батыры атағын алғандар:

Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов

Леонид Игнатьевич Беда

Иван Фомич Павлов

Сергей Данильевич Луганский (жеке өзі 37 ұшақты және топтасып 6 ұшақты атып түсірді)

  • 3 мәрте Кеңес Одағының батыры атағын алған: И.Н.Кожедуб (Шымкентте орналасқан Чугуев авиация училищесінің түлегі)

ІV. Сабақты бекіту.

  1. Ретке келтір
  1. Майданға кім, қалай көмектесті?

Оқушылар

 

Комсомол жастар

 

Еңбекшілер

 

  1. «Бес жол өлең» құрастыру:

І топ: СОҒЫС

ІІ топ: ҚАЗАҚ

ІІІ топ: ЖЕҢІС

Тест сұрақтары:

1) Матросовтың ерлігін қайталаған қазақ жауынгері?

1) Қ. Сыпатаев                                         2) С. Баймағанбетов                        3) Қ. Қайсенов

2) Генерал-майор Панфилов қай дивизияны басқарды?

1) 316 атқыштар дивизиясы                2) 73 гвардиялық дивизия                              3) 310 атқыштар дивизиясы                                                  3) М.Мәметова қай қала үшін шайқаста ұмытылмас ерлік жасады?

1) Мәскеу                                                  2) Ленинград                                      3) Сталинград             

4) Қанша қазақ жауынгері Кеңес Одағы батыры атағын алды?

1) 300                                                          2) 450                                                   3) 497

5) 1941-42 жылдары Қазақстанға қанша зауыт-фабрикалар көшірілді?             

1) 220                          2) 200                                                                   3) 300                           

6) Ленинград үшін шайқаста кеудесін оққа төсеген қазақ батыры кім?

1) Т. Тоқтаров                                          2) С. Баймағанбетов                                        3) Т. Бигелдинов     

7) Ұлы Отан соғысы қай жылдары болды?

1) 1939-45 ж.ж.                        2) 1941-45 ж.ж.                                  3) 1938-45 ж.ж.           

8) «Ресей кең байтақ, шегінерге жер жоқ артымызда Мәскеу»-сөзінің авторы?

1) В. Ключков                          2) В. Владимирский                                         3) Т. Тоқтаров       

9) Генерал-майор Панфилов басқарған дивизия жасақталған қала?

1) Алматы                                  2) Қостанай                                                       3) Ақмола                              

10) Мәскеу үшін шайқаста Б. Момышұлы қандай әскери отрядты басқарды?

1) взвод                                                      2) рота                                                                 3) батальон

11) Фашистік германия жоспары бойынша Қазақстан қандай отардың құрамына енуі керек еді?

1) Остланд                                                2) Еділ-Орал                       3) Үлкен Түркістан

12) Берлинге ту тіккен қазақ жігіті?

1) Т. Тоқтаров                                          2) Р. Қошқарбаев                                             3) М. Ғабдуллин           

V. Үйге тапсырма.

  1. "Жерлестеріміздің өшпес ерлігі" (Ақтөбе - Ұлы Отан соғысы жылдарында) баяндама, реферат, презентация дайындау

VІ. Бағалау

 

VІІ. Қорытындылау

Қорытынды: «Жеңіс – оңайлықпен келген жоқ»

 

Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы құрамындағы халықтар үшін басына түскен сын кезең болды. Осы сыннан халқымыз мүдірмей өтіп, әлем алдында беделі асқақтап, биік шыңдардан көріне білді.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения