Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
18.06.2014
0
1278
0

Интернет.Интернетте ақпараттар іздеу

Казахстан,Кызылординская область,Аральский район

Средняя школа №61

Учитель информатики

Тулеуова Санимкуль Шалабаевна

Сабақтың  мақсаты:

а)  Білімділік: Оқушыларға  интернет, интернетпен  жұмыс  жасау, интернеттен ақпараттар  іздеу жұмыстарын үйрету.

б) Тәрбиелік: Ақпараттық мәдениетке, өз ойын айтып өзгенің сөзін тыңдай білуге, компьютерлік  сауаттылыққа тәрбиелеу.

в)  Дамытушылық: Оқушылардың ақпараттық – технологиялық ойлау қабілеттерін дамыту, интернетте жұмыс жасай білу қабілетін арттыру.

Сабақтың типі: Жаңа материалды игерту.

Сабақтың түрі: Өзара оқыту сабағы.

Сабақтың  формасы: Топтық және жеке оқушымен жұмыс.

Сабақтың әдісі: Білімді  өздігінен  игерту, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті  тақта.

Сабақтың  барысы:

І. Ұйымдастыру  кезеңі.

     а) сәлемдесу;

     ә) түгендеу;

     б) оқу  құралдарын  тексеру;

     в) сабаққа  назар  аударту.

ІІ. Үйге  берілген  тапсырманы  сұрау. 

«Білімімізді  тексерейік» компьютерде  дайындалған  10 сұраққа  жауап  береді.

ІІІ. «Ақпараттық диктант» оқушылар  көп нүктенің  орнына қажетті сөзді тауып жазады.

Бір немесе бірнеше мемлекеттің аумағында орналасқан желілер….. деп аталады. Интернеттегі ақпарат .... түрінде ұсынылады. Желі қатысушыларының ортақ пайдалануы үшін бөлінген компьютер   .... деп аталады.  Интернет жүйесіне қосылу үшін компьютерге желілік тақша мен  ..... қажет.

ІV. Жаңа сабақты түсіндіру.

      Тор көздерде әріптер берілген, сол әріптерді ретімен косқан жағдайда бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы шығады.

     Алғаш  рет басылымдарда «Интернет» термині пайда болды. «Интернет» - Interconnected Networks — біріктірілген жүйелер. Винтон Серф және Боб Канн «жүйеаралық протокол» атты мақаланы басылымға шығарады. Келешек жүйелік TCP/IP протокол концепциясы туындайды. 1998 наурыздың 20 жұлдызын- да алғаш рет бүкіләлемдік Интернет күні өткізілді. TCP/IP – Интернет желiсiне қосылған компьютерлер арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ететiн, мәлiметтердi бiр жүйеге келтiру ережелерi немесе оларды құрастыру хаттамасы. IP (Internet Protocol) – мәлiметтердi алуының адресi көрсетiлген шағын тақырыптары бар бiрнеше бөлiктерге немесе дестелерге бөлетiн желiаралық хаттама.

     ТСP (Transmisson Control Protocol) – мәлiметтi жөнелту iсiн басқаратын хаттама, ол желiдегi ақпарат дестелерiн дұрыс жеткiзу үшiн жауапты болып саналады.

Сервер  компьютердің  адрестерін  төрт байты бойынша анықтайды, мысалы 198.137.240.100. адрестердің  мұндай  түрде жазылуы IP-адрес деп аталады. Мұндай  адрес  адам  үшін  есте  сақтау  қиын. Сондықтан,  домендер  атауы  жүйесінде  адрес пішінінің басқа түрі бар. Мысалы:

www.microsoft.com  

Жұрнақтардың   кең  тараған түрлері:

         Com – сервердің  коммерциялық  мекеменікі  екенін  білдіреді

         Gov – сервер үкіметтік ұжымға  тиесілі

         Edu – сервердің  оқу  орныныкі  екенін  білдіреді.

Басқа  елдерде  сервердің  типінің  орнына елдің  коды  көрсетіледі. Мысалы: fr – Франция; ru – Ресей; kz – Қазақстан; www.Khabar.kz.

      Компьютерді  Интернетке қосу  үшін,  оны  тұрақты IP адресі бар басқа байланыстыру қажет, осындай  желіге қосу бойынша қызмет атқаратын ұйымдар Интернет қызметін  жеткізушілер  немесе сервис-провайдерлер деп аталады. Мысалы, Алматы қаласында Интернет трейнинг орталығы, Nursat, S&G Communications, Parasang,  Қазақтелеком т.б.  провайдерлер  істейді.

Интернетте ақпарат іздеу жүйелері:

   www.Rambler.ru, www.Google.ru, www.Yandex.ruwww.Tabu.kz, www.Poisk.kz.

Интернетте ақпараттар іздеу  қажет болған  жағдайда осы іздеу  жүйелерін  пайдаланып, қажетті  сайтты білсеңіз болды. 

V. Жаңа  сабақты  бекіту.

1. «Интернетке саяхат» оқушылар көрсетілген сайттарға кіріп, қажет ақпарат алады.

 Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  ресми сайтының мекен жайы:

www. akorda.kz

Электрондық үкімет - халықтың ел үкіметімен тікелей байланысын  қамтамасыз ететін жүйе:  www.e.gov.kz

2. Интернеттен ақпараттар іздеуге арналған компьютердегі тапсырмаларды орындайды.

VІ. «Кім жылдам?» оқушылар жаңа сабақты бекіту мақсатында сұрақтарға жауап береді.

1. Интернет  деген  қандай  желі?

2. Интернетті  қалай  іске  қосуға  болады?

3. Интернетте  ақпаратты  іздеу үшін қандай  әрекеттер орындау керек?

4. Домендік  есім  дегеніміз  не?

VІI.  «Ой тартыс» оқушылар интернет туралы ойларын ортаға салады.

VIІІ.  Оқушыларды  бағалау.

ІХ. Үйге  тапсырма:  Интернет  ауқымды  желісінде  ақпараттар  іздеу.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения