Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:Украина
Регион:Харьков
18.06.2014
0
1089
0

Қазақ тілі сабағында оқушыларды сауаттылыққа үйретудің әдістері

Казахстан, г. Алматы

Общеобразовательная школа №32

Учителя казахского языка

Тогузова Айжан Нышанбайкызы

Тастаганова Гульзагира Сарсенбаевна


Бүгінгі заман талабы бойынша жас мемлекетіміздің буыны бекіп, қабырғасы қатайып, өркениетті елдер қатарына қосылу, даму – алдымыздағы ең үлкен мақсат. Ал сол өркениетті елдер қатарына қосылу үшін сауатты да, жан-жақты ұрпақ тәрбиелеп, білім нәрін тереңнен сіңдіре еңбек ету қажет.

Қазіргі таңда, жан-жақты жаңалықтары көп уақытта алдымыздағы шәкірттерімізді ана тілімізбен әдебиетімізді сауатты меңгеруге, олардың осы пәндерге деген қызығушылығын арттыру мұғалім үшін өте жауапкершілік пен ізденімпаздықты талап етері сөзсіз. Сондықтан шәкірттерімізді, қазақ мектебінде болсын, орыс мектебінде болсын қазақ тілі сабағында оқушыларды сауаттылыққа үйрету, дағдыландыру – ең басты міндетіміз екенін әрқашан есте ұстаған дұрыс. Әрбір баланың пәнге деген қызығушылығын ояту үшін, жүрегіне жол табу – қазіргі таңдағы өзекті мәселе. Ол үшін мұғалімнің әдіс-тәсілі, оқыту тәжірибелері жан-жақты болу керек.

Шәкірттердің ой-өрісін дамытуға мектепке оқылатын барлық пән өз шамасында үлес қосады. Бірақ бұл істі жүзеге асыруда тіл пәнінің алатын орны ерекше. Өйткені тіл – ойдың жемісі, ақиқатты танытудың басты құралы саналады.

Қазақ тілі пәні мен оның оқыту әдістемесінің негізін қалаған - Ахмет Байтұрсынов. Ол алғаш ағартушылық жұмысты қолға алған  кезден-ақ ұлтжандылық жасап, қазақ балаларын ана тілінде оқытып, жедел сауаттандыруды нысана тұтты. Ол үшін «Тіл – құрал» атты үш кітаптан тұратын қазақ тілі оқулығын жазды. «Жаңа мектеп» журналында қазақ тілі әдістемесі мәселесі бойынша біраз мақалаларды жариялады. Міне, Ахмет аға бастаған іс-шараның барлығықазіргі таңда әрбір мұғалімнің бойына сіңірілсе артық болмас еді. Себебі, қазіргі таңда көп ізденушілік, жан-жақтылық – өмір талабы. «Жаман оқитын оқушы жоқ, керісінше жаман мұғалім бар» деген пікір тегіннен айтылмаса керек.

Әдістеме педагогика ғылымына сүйенгенде, оның дидактикалық принциптерін тәжірибеде қолданып отыруды көздейді.                          Қазақ тілі пәнәнде оқылатын сабақтар мазмұнына қарай бірнеше түрге бөлінеді:

 1) Грамматиканы зерттеу сабақтарында морфология, синтаксис және фонетика оқытылады.

2)Орфография мен пунктуацияны оқыту сабақтарында оқушыларды дұрыс жазуға және қатесіз жазуға дағдыландырады.

3)Дұрыс сөйлеу, мәнерлеп оқуға үйрету сабағында оқушылардың ауызша, жазбаша тілін байыту,  сөздік қорын молайту, грамматикалық-стильдік шеберліктерін жетілдіру мақсатында түрліше жаттығу жұмыстары жүргізіледі.

4)Практикалық дағдыларға төселдіру сабағында оқушылардың ауызша, жазбаша тілін байыту, сөздік қорын молайту, грамматикалық-стильдік шеберліктерін жетілдіру мақсатында түрліше жаттығу жұмыстары жүргізіледі.

  Сабақтарды қызықты өткізу барысында, оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін бірсарынды сабақтардан аулақ болған. Түрлендіріп, жаңалықтар ендіріп, көрнекіліктер(ТСО) пайдалану керек. Жаңа технологияны пайдаланған сабақтарды көбейту керек. Деңгейлеп оқыту, саралап оқыту, дамыта оқыту ,сын тұрғысымен ойлау сабағы, интегралды сабақ, блокты сабақ, 7 модульды сабақ, т.б. түрлерді жан-жақты дамытсақ, компьютер, т.б. техникаларға қызыққан балалар зейінін өзіміздің ана тіліміздің қыр-сырын меңгеруге жағдай жасарымыз анық. Дискеттерге сұрақтар, тапсырмалар, тест түрлерін, пысықтау, қорыту сабақтарын ендіріп, компьютерді пайдаланып өтсек қызығушылықты күшейтіп, сауаттылықтарын арттырарымыз сөзсіз.

  Ал қазақ тілін оқу барысында оқушылыр тіліміздің дыбыс жүйесі, лексикалық мәні, сөздердің тұлғалануы, тапқа бөлінуі, сөйлемдегі қызметі, сөз тіркесі, сөйлем түрлері жөнінде орасан бай ғылыми материалдардан мағлұмат алады. Осындай өте күрделі мақсаттарды жүзеге асыруға жалаң грамматика пәнінің шамасы жетпейді. Сонымен бірге тіл мәдениеті курсы қатар жүру керек.

1)Оқу жұмысын ұйымдастыру әдістері:

а)Мұғалімнің оқу материалын өзара байланысты түрде баяндау әдісі.

ә)Мұғалімнің оқушымен жүргізетін әңгіме әдісі.

б)Мұғалімнің басшылығымен жүргізілетін оқушының өзіндік жұмыс әдісі.

2)Оқушылардың білімді меңгерудің әдістері.

а)Сөздік әдіс.

ә)Көрнекілік әдісі.

б)Тәжірибелік әдісі.

Осындай оқушы мен мұғалімнің арасындағы жүйелі байланысты жан-жақты жұмыс қазақ тілі сабағында оқушыларды сауаттылыққа үйретудің бірден-бір әдісі болып табылады. Сөз соңында

     Әуездісің әсем тілі елімнің,

     Әуенісің ұлан байтақ жерімнің.

     Парақтасын сөздеріңді бар әлем,

    Шарықтасын шартарапқа өр үнің! –деген  ізгі ниетпен  ана  тіліміздін    мәртебесі   шақты  есім  биіктей берсің. 
Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения