Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
08.06.2014
0
1767
1

Рухани мәдениет

Казахстан, Алматинская область, Карасайский район

КГУ "Средняя школа Алтын Ауыл с дошкольным мини-центром"

Учитель истории

Кенжебаева И.К.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларға Қазақстанның XIV – XV ғасырлардағы рухани мәдениеті жайлы жан-жақты баяндау; қазіргі қазақ халқының мәдениетімен байланыстыра толық түсінік беріп, білімін қалыптастыру
2.Дамытушылық: Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін арттыру, тарихи жағдайларды талдауға және салыстыруға  қорытынды жасауға дағдыландыру
3.Тәрбиелік: Оқушыларды өз халқының  мәдениетінеқұрметпен қарауға,олардың өз елінің мәдениетін толықтыруға үлес қоса алатын азамат етіп тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Сабақтың әдісі: Баяндау, түсіндірмелі,

 Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы, интерактивті тақта слайдтар.
Сабақтың барысы:
 І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылармен амандасу

2. Оқушыларды түгендеу

3. Оқушылардың сабаққа назарын аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  1. Материалдық мәдениет
  2. Материалдық мәдениетке сурет салу
  3. Конспект 

ІІІ. Білімді тексеру.

Хронологиялық диктант

Ақпараттық ұғымдар

хронологиясы

1.Қазақ халқы қай ғасырларда қалыптасты?

 

15-16 ғғ

2.Әбілхайыр ханның билік еткен жылдары?

 

1428-1468 жж

3.Моңғол империясының құрылған жылы?

 

1206 ж

4.Шыңғыс ханның билік еткен жылдары?

 

1206-1227 жж

5.Отырар опаты?

 

1219 ж

6.Батый ханның билік еткен жылдары?

 

1227-1255 жж

7.Құндызша шайқасы

 

1391 ж

8.Батыс Сібір қай жылы Әбілхайыр ханның қарамағына өтті?

 

1428 ж

9.Қай ғасырда жылжымалы киіз үйдің түрі болды?

 

13 ғ соңы

10.Моңғол шапқыншылығы қай ғасырдың басында болды?

13 ғ басында

 

ІҮ. Жаңа сабақтың мақсатын қою

Рухани мәдениет ұғымына, оның 14 – 15 ғасырларыдағы көрінісіне тоқталу. Фольклор, музыка, наным-сенімдері туралы мағлұматтар.


Ү. Жаңа сабақты түсіндіру

  1. Фольклор
  2. Жазба әдебиет
  3. Музыка
  4. Діни-наным сенімдері

Рухани мәдениет – белгілі бір кезеңде өмір сүрген халықтың жан дүниесінің көрінісі. Рухани мәдениетке халықтың әдет-ғұрпы, салт-санасы, ауыз әдебиеті, аңыз, қиял-ғажайып әңгімелері, діни наным-сенімдері жатады.

Рухани мәдениет – ғасырлар тереңінен бастау алған рухани қазына. Мәселен, қазақ халқындағы жаңа түскен келіннің отқа май тамызуы бір кездегі отқа табынушылықтың белгісі. Яғни, б.з.б. қола дәуірінен жалғасып келе жатқан салт-дәстүр.

14 – 15 ғғ Қазақстанда мекендеген ру-тайпалардың әдеби туындылары ауызша таралды, ғылыми тілмен айтқанда, фольклор түрінде дамыды.

Фольклор – халық ауыз әдебиеті

Аңыз – болған оқиға ізімен

Ертегі -  ойдан құрастырылады (қиял-ғажайып, шыншыл, хайуанаттар)

Эпостық жырлар – батырлар жыры

Жыр дастандар – жыраулар толғаулары

Жазба әдебиеті – 14 – 15 ғғ дамиды. Олардың көпшілігі қыпшақ тілінде жазылған.

 

Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең.
(Абай)




Ауыз әдебиеті

Жазба әдебиеті

Музыка өнері

Діни наным-сенімі

 

Аңыздар: «Күннің баяны», «темірқазық пен Жетіқарақшы»

 

Ертегілер: «Құла мерген», «Жоямерген», «Жерден шыққан Желім батыр», «Ер төстік», «Ер Төстік», «Керқұла атты Кендебай»

 

Эпостық жырлар: «Ер тарғын», Орақ-Мамай», «Ер Қосай»

 

Жыр-дастандар: Кетбұға, Қотан, Сыпыра жырау, Асанқайғы жырлары

 

 

«Кодекс Куманикус», Оғызнама», өзбек ақыны Хорезмидің «Мухаббат-намасы», Кутбтың «Хұсрау мен Шырыны», Дурбектің «Жүсіп-Зылиха» шығармалары

1. Күнделікті еңбек етудің барысында туса;

2. Қуаныш, қайғы кезінде дүниеге келіп отырды

Күйлер: «Ескендір», «Қамбар батыр», «Шора батыр», «Жошы ханның жортуы», «Ақсақ құлан», «Ел айырылған», «Сағыныш»

Ислам дінінің суффизм тармағының таралуы ислам дінінің тез дамуына әсер етті. Ислам мен шаманизмнің діни наным сенімдері қатар өмір сүрді

«Тасаттық» - қуаңшылық жылдары тәңірге сиынып

 

 

VІ. Жаңа материалдың алынғанын тексеру.  Сұраққа жауап.

  1. Материалдық мәдениет дегеніміз не? «Қ»
  2. Ауыз әдебиетінің қандай жанрларын білесің? «О»
  3. Тасаттық дегеніміз не? «Р»
  4. Суффизм дегеніміз не? «Ж»
  5. Киіз үйдің құрылысы? «Ы»
  6. Фольклор дегеніміз не? «Н»
  7. Ауыз әдебиетінің қандай ертегілерін білесің? «Т»
  8. Қыпшақ тідіндегі сөздік қалай аталады? «О»
  9. Қазақстанның байырғы тұрғындары аспан әлемін  қалай атаған? «Й»

 Жасырын сөз - «Қоржын той»

VІІ.Жаңа материалды бекіту.

1.      Мәдениет дегеніміз не?(Қазақ сөзінің мағынасы?)

2.      Материалдық мәдениет дегеніміз не?

3.      Материалдық игіліктер қандай шикізат көзіне негізделді?

4.      Киіз үйдің құрылысын ата?

5.      Тұрақты үй-жайларда қандай шаруашылықпен айналысатын тұрғындар өмір сүрген?

6.      Киім-кешектер неден жасалған?

Қорытынды

Қорытындылай келгенде, халқымыздың мәдениеті ғасырлар бойы жалғасып, қоғамның дамуына байланысты біртіндеп дамып, жетіліп отырған. Әрине бүгінгі таңдағы өскелең өмірімізге сай келмейтін кейбір ескілікті салт-дәстүрлер қоғамның дамуына ілісе алмауы мүмкін. Бірақ біз оларды білуіміз керек. Олар тарихымыздың рухани ескерткіштері ретінде сақталуы тиіс.

 

VІІІ. Үй тапсырмасы

§ 33 оқу мазмұндау

Тест сұрақтары

Конспект

Бағалау

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения