Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
26.05.2014
0
1686
1

Бисермен жұмыс

Казахстан,Северо-Казахстанская область,Жамбылский район,с. Баян

КГУ«Баянская средняя школа»

Учитель технологии

Сураганова Алия Казымаевна

Сабақтың мақсаты: оқушыларға бисерден гүл тоқуды үйрете отырып, композиялы панно жасау;

Білімділігі: моншақ тоқудағы білімін жүйелендіру, шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету;

Дамытушылығы: жұмысты орындаудағы ептілігін дамыту, алған білімін өз бетінше қолдана білуін қадағалау;

Тәрбиелігі: Оқушылардың эстетикалық талғамын тәрбиелеу, тиянақтылық деңгейін көтеру.

Сабақтың барысы:

Бисердің шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тікелей байланысты. Кейбір деректер бойынша, әйнектің Отаны Ежелгі Египет. Әйнектен жасалған моншақтар, амулет, ыдыс – аяқтар сонау б.з.д. ІV ғасыр ескерткіштерінен табылған.  Әйнекті массаға кобальт, мыс, марганец қосу арқылы көгілдір, жасыл, алақызыл түсті әйнек алған. Әшекейлерді еркектер де, әйелдер де ақ түсті киімдермен таққан екен.

Жұмыс орнын ұйымдастыру.

Бисермен тоқу жұмысы қызықты,  әрі қарқынды жүруі үшін тек құрал – сай сммандардың түгел болуы ғана емес, жұмыс орнынды ыңғайлап алып, бисерді қалай орналастыруды ойластыруды қажет. Кей жағдайда өте терең емес (5 – 10 мм) тәрелкелерге салған жөн, не болмаса жақтаулары өте биік емес қорапшалар пайдалануға болады.

Бисермен жұмыс істегенде, жұмыс істегенін орын жарықпен жақсы қамтамасыз етілу керек. Болмаса, көзді ауыртып, жиі шаршауға әкеліп соғады. Көзге демалыс беру үшін әр сағат сайын 10 – 15 минут үзіліс  жасау қажет.

 Сарамандық жұмыс.

Бисермен тоқудың ең кең тараған техникасы – параллельді тоқу. Яғни, сым бисердің қуысынан параллель өтеді. Берілген тоқудың негізгі әдісін қарап көрейік.

Қарапайым жапырақ немесе гүлдің жапырағы келесі түрде орындалады.

Ұзындығы мейлінше 20 – 30 см болатын сым алынады, оған таңдалған үш бисер кигізіледі, кейін сымның келесі ұшымен екі бисерден бір – біріне тығыз орналасып, үш моншақтан тұратын үшбұрыш құралады. Осы жерде сымдардың  екі ұшының ұзындығы тең болуына көңіл аудару қажет. Содан соң сымдардың кез келген басына үш бисер өткізіп, арғы басымен қарсы параллель жүргіземіз.

Жұмыс 1 – негізгі параллель тоқу схемасына  сәйкес жалғасады. Жапырақ шашылып қалмау үшін соңғы қатар  орындалған соң,  сымның ұштарын мықтап бұраймыз.  Осындай  үлгіден 5 – 8 жапырақша тоқып, оны біріктіру арқылы  гүл, не болмаса, бұтақ құрауға болады.

Бұл жұмысқа  қажетті заттар: дөңгелек формадағы ақ түсті бисер 15 – 20 г, дөңгелек  қызғылт  сары бисер 3 г, 3 м жуық мыс немесе темір сым. Гүлдің  дайындау ережесі әдеттегідей жапырақшысынан басталады.

Берілген гүлдің нұсқасы 5  жапырақтан тұрады. Ол үшін әрқайсысы 40 см болатындай алдын ала  5 сым, ақ және қызғылт сары бисер дайындау қажет.

Шалып тоқу техникасы сиреньді тоқуға, параллель тоқу әдісі жапырақ тоқуға қолданылады.

Қорыта келгенде жұмыстың (композицияның) жасалуында біліктілікті, нәзіктікті, әсемдікті, қиял мен шеберлікті талап етілуін қадағалау.

Оқушылардың жұмысын бағалау, үйге тапсырма беру.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения