Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
26.05.2014
0
1568
0

Ө дыбысы мен әрпі

Казахстан,Северо-Казахстанская область,Жамбылский район,с. Баян

КГУ«Баянская средняя школа»

Учитель начальных классов

Ахметжанова Римма Вағизқызы

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға Ө дыбысы мен әрпін таныту. Ол арқылы  берілген сөздерді оқу мен жазуды үйрету. Сөздік қорын байыту, буындап оқуға үйрету.

Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, оны қорғауға тәрбиелеу. «Ө» дыбысына қатысты жаңа сөздерді білдіру арқылы оқушылардың жалпы ой - өрісін, тілін дамыту; дамыта оқуға үйрету. 

Көрнекілігі: «Әліппе», оқу құралдары, ілме таблица мен қима әліппе, тірек сызба.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ – жауап, көрнекілік, түсіндеру.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Әнұранды орындау.

3. Өтілген тақырыпты қайталау.

- Сөздік диктант (би, шие, таза, қозы, әке, әже, ән, Имаш),

4. Жаңа сабақ.

а) Жұмбақ шешу

Қатты

Қаттының іші тәтті (Өрік)

Өрік сөзі қай  дыбыстан басталып тұр?

- Ө дыбысынан

- Сонымен біз бүгін Ө дыбысын өтеміз.

- Ө дыбыс дауысты дыбыс. Бас әріп - Ө, кіші әріп  -ө.(көрсетіледі)

ә) «Өзен»  суреті бойынша әңгіме құрастыру. Өзеннің пайдасы, оны қорғау, таза ұстау туралы түсініктер беру, әңгіме бойынша сөйлем құрастыру.

б) «Өзен» сөзіне дыбыстық талдау жасату.

4 дыбыс

ӨЗЕН - ө,е – дауысты.

З, н – дауыссыз.

в) Өрмекші –3 буынды сөз.

- 7 дыбыс

- 3 дауысты

- 4 дауыссыз

 г) Сергіту минуты.

 д) Өнерлі бала сүйкімді.

Адам өнерлі болу керек.

«Өркеш» мәтінін оқып беру, түсіндіру. (хормен оқыту, жеке оқушыларға оқыту)

Суреттегі нелер?

-         Бота, бұзау. Бота мен бұзаудың әңгімесін тыңдайық. 

ж) Өө- жазба түрімен таныстыру

Өркен өзен жаққа барды (сөйлем төрт сөзден тұрады)

Өзен, өлке, өмір, өрік.

з) Ө дыбысы ауада жазу. Жазу жазғанда түзу отыру, дәптерді қиғаш қою ережелерін ескеру. Әдемі жазуға бейімделу.

и) Ө дыбысының әріп таңбасын жаздыру.

Сұрақ – жауап ойыны.

1) Сиыр қалай мөңірейді? Мөөө- мөөө- мөөө

2) Түйе қалай боздайды?  Бөөө- бөөө- бөөө

Шөре – шөре-  шөрелеп.

Қай төлді мен шақырдым? (лақ)

Сабақты қорыту:

-         Балалар, біз қай дыбысты өттік? - Ө

-         Ө қандай дыбыс? -  дауысты дыбыс.

Ө дыбысына берілген тірек сызбасын қолданып  қорытындылау.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения