Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
26.05.2014
0
645
0

Дыбыс және әріп

Казахстан,Северо-Казахстанская область,Жамбылский район,с. Баян

КГУ«Баянская средняя школа»

Учитель начальных классов

Бекжанова Арайлым Мергенбайқызы

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Дыбыс,буын және әріп, тасымал туралы тақырыптарды еске түсіріп,толықтыру.

Дамытушылығы: ақыл-ойын дамыту,сөздік қорын молайту,сауатты,көркем жазуға дағдыландыру.

Тәрбиелігі:адамгершілікке,кішіпейілділікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап.

Түрі: аралас сабақ.

Көрнекілігі: Оқулық ,үлестірмелі қима қағаздар,плакат.

Психологиялық дайындық:

Ал,кәнекей балалар,

Қазір сабақ оқимыз.

Жақсы оқып сабақты

Санамызға тоқимыз.

Қандай тапсырмаларды

Орындайсың қазір сен.

Тез түсініп меңгерсең

Үй жұмысын тексеру.

71-жаттығу.Сөздерді буынға бөліп көшіріп жаз.

Кө-кек, же-ңіл ,о-йын-шық ,жа-ңа-лық,қа-уын,те-ңіз,қо-ңыз,а-уыл-дас,құ-йын,мү-йіз,да-уыл.

Үй тапсырмасын бекіту.

Жаңа сабақ.

77-жаттығу. Сөздерді көшіріп жаз.

Әке,ұл,ауыл,бұлт,орақ ,әуен,саз,шіл,ине,өріс.

Бұл сөздерді тасымалдауға бола ма? Болмаса себебін түсіндір.

73-жаттығу.Сөздерді оқы.

Адамгершілік,қамқорлық,сыйлық,сыйымды,тыйым,қоңыр,көзілдірік.

Үлгі: Адам-гершілік,адамгер-шілік,адамгерші-лік.

Сөздердің тасымалдану түрлерін көрсетіп жазып,себебін түсіндір.

Сый,тый түбірлерінен тараған тағы қандай сөздерді білесіңдер?

Венн диограммасы:  Дыбыс пен әріпті салыстыру. Ұқсастығы мен айырмашылығын табу.

Сергіту сәті

74-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді жаз.

Қатаң дауыс-дар: ................................

Ұяң дауыс-дар: ...................................

Үнді дауыс-дар: .................................

Қорытынды:

       -Енді балалар,»Әріпті жұмбақтар әлеміне» саяхат жасайық.Мен сендерге  жұмбақ жасырамын,шешуін бәріміз бірге ойланып табайық.

Сайыс түрінде өтеді.

Екі аяғы бар,

Көлденең таяғы бар.(А)

      Бетте бар,

      Есте  жоқ.

      Балада бар,

      Ағада жоқ.(Б)

Жазуда бар,

Сызуда жоқ.

Жылуда бар,

Қызуда жоқ.(Ж)

      Ләзәтта бар,

      Жанатта жоқ.

      Азатта бар,

      Қанатта жоқ.(З)

Шайда бар,

Шәйнекте жоқ.

Сайда бар,

Ләйлекте жоқ.(Д)

      Қолымда шалғы-

    Қарайық,

    Ұқсайды оған қай әріп? (Ғ)

Метаграмма:

 

«Ш»-дан бастап жазғанда,

  Шай қайнатып аласың.

 «Ш»-ны алып тастасаң,

   Терезеге саласың.

                                      (Шәйнек-әйнек)

«К»-ден бастап оқысаң,

  Құс атауы қарашы.

«Е»-ден  бастап оқысаң,

  Жалқау бала бағасы.

                                      (Кекілік-екілік)

 Егер «и»-ден бастасаң,

Хайуанаттың түрімін.

 «И»-діалып тастасаң,

 Әріптердің бірімін.

                                       (Ит-Т)

Егер «М»-дан бастасаң,

Тағамның түрімін,

 «М»-ны алып тастасаң,

Түнгі аспанның  нұрымын.

                                        (Май-ай)

Үй тапсырмасы.

Бағалау: Оқушыларды сабаққа қатысқандарына байланысты бағалау.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения