Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
17.05.2014
0
828
0

Күз сыйы

Казахстан,Жамбылская область,район Т.Рыскулова

Средняя школа  им. Ш. Уалиханова

Учитель начальных классов

Садыралиева Бурыл Мыктыбековна

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, бүгінгі мектепалды даярлық тобының «Күз сыйы» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер. Балалар музыка әуенімен залға кіреді.

Тәрбиеші: құрметті қонақтар! Бүгінгі мектепалды даярлық тобының балалары дайындаған «Күз сыйы» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.

1-бала:

 Армысыздар, халайық,

Бармысыздар халайық!

Күзгі тойды жұп жазбай,

Келіңдер қарсы алайық!

2-бала:

Қуандырып біздерді,

Өлкемізге күз келді.

Қол жэемісті алтын күз,

Кемелденсін халқымыз.

3-бала:

Жетті желмен алтын күз,

Жеміс жинау салтымыз.

Жиып-теріп болған соң,

Той жасайды алтын күз.

 

Күз келді, қол соғып күзді шақыру.

4-бала:

Алтын сары, қызыл, көк...

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

 

Балалар күзді ортаға алып шеңбер құрып тұрады.

Армысыз, асыл күн!

Армысыз, асыл жер!

Армысыз, алтын күз!

Армысыздар, апайлар!

Армысыздар, балалар!

Хор: «Қошақан» әні

Ойын: «Кім жылдам» Жапырақтарды кім көп жинаса сол тақпақ айтады.

5-бала:

Нан атасы бидаймын,

Елге ырыс сыйлаймын

Дәнім толып піскенде,

Қауызыма сыймаймын.

6-бала:

Күнді сүйген күрішпін,

Күллі жұртқа ырыспын

Алсын деп ел мол өнім,

Ала жаздай су іштім.

7-бала:

Иісім жұпар жидемін,

Даладамын, үйдемін.

Күзге қарай құлпырып,

Мен ерекше күйдемін.

«Шалқан»  ертегісінен үзінді көрсету.

Сүйкімді қыздарымыздың орындауында «Қара жорға » биі қабыл алыңыздар.

8-бала:

Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

9-бала:

Пісіп тұрған алмамын,

Тамсандырыр бал дәмім

Жерге сілкіп түсірме,

Ісіп кетер маңдайым.

10-бала:

Тіл үйірген алмұртпын,

Таңсығымын бар жұрттың

Жақсы өсіре алмайды,

Қараса егер салғырт кім?

11-бала:

Көктем келе бүрлеймін

Ең алдымен гүлдеймін

Шілде болмай пісемін

Дастарханға түсемін.

Ойын: «Жеміс жинау»

Ән: «Айгөйлек»

12-бала:

Мен өріктен ірімін

Алма, алмұртқа інімін.

Тәттілердің бірімін,

Дастарханның гүлімін

Сусыныңды қандырар,

Салқын саумал шырынмын.

13-бала:

Мен моншақты шиемін

Құмарсыңдар білемін

Кетіп қалып жүрмесін

Тамағыңа сүйегім.

13-бала:

Жемісі мол теретін,

Күз дос екен екен бізбенен

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген.

Өтілген тақырыптар туралы сұрақтар қойып, жауабын тыңдау.

«Түрік» биі

14-бала:

Тал шыбығым бұралып,

Бақшаларда қызарып

Тұрған ол мен – қызанақ,

Күнге қарап ұялып.

15-бала:

Бақшаларда тізіліп,

Қаперсіз мен жатамын

Қабат-қабат киініп

Қаперсіз мен жатамын.

16-бала:

Мәуе пісіп, балбырап,

Маужыраған қоңыр күз

Алма пісіп, албырап,

Көзді тартқан қоңыр күз.

Күз туралы әңгімелеу, сөз, сөйлем құрау.

Хор: «Атамекен»

Қорытындылап, ертеңгілікті аяқтау.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения