Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:Украина
Регион:Харьков
17.05.2014
0
746
0

Мұхтар Әуезов

Казахстан, Акмолинская область, г.Кокшетау

СШ №17

Учитель казахского языка и литературы

Казыбаева Турсынгуль Даулеткалиевна

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: жазушы Мұхтар Әуезотің өмір жолы мен жазушылық қызметі, шығармашылығынан мағлұмат беру .
  2. Дамытушылық: оқушылардың өзіндік танымын, ойлау, сөйлеу, еске сақтау дағдыларын қалыптастыру, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру, оқушылардың белсенділігін арттыру, сөздік қорын байыту арқылы тілін дамыту.
  3. Тәрбиелік: Қазақ елінің мақтанышына айналған жазушыны құрметтеу, оның өмірін үлгі ету.

 Сабақтың көрнекілігі: слайд, интерактивтік тақта, кеспелер, тест.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ойландыру, интерактивтік әдіс, жаздыру, оқу, әңгімелесу.

ІІІ . Сабақтың құрылымы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Тіл дамыту: (сұрақ-жауап арқылы)

3. Үй тапсырмасын тексеру

4. Жаңа тақырып бойынша

5. Білімдік дағды.

6. Сабақты бекіту

7. Сабақты қорыту

8. Үй тапсырмасын беру

9. Бағалау

 

 Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі (оқушыларды түгендеу)

2. Тіл дамыту (сұрақ-жауап)

3. Үй тапсырмасын тексеру.Абайдың мұражай үйі.

4.Ой қозғау.

1слайд. «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз, Абай әрқашан ұлттық ұранымыз болуы тиіс. »  Н. Назарбаев. 

Абайды бүкіл дүние жүзіне танытқан кім?

(оқушылардың жауаптарын тыңдау)

Мұхтар Әуезов

2слайд. М.Әуезовтің суреті.

 

ІҮ. Жаңа сабақ.

Мұғалімнің кіріспе сөзі. Туған халқын бүкіл әлемге әйгілі еткен ұлы суреткер, жазушы Мұхтар Әуезов жайында толығырақ танысамыз.

            3 слайд.

 1.Сөздік жұмысы:

  

1.Өтетін сөздердің мағынасын түсіндіру .

2.Дұрыс айтуға дағдыландыру.

3.Сөз тіркестерін, сөйлем құрастыру.

«Құрмет белгісі» - «Знак Почета»

«Еңбек Қызыл Ту» - «Трудового Красного Знамени»

дүние жүзі әдебиеті – мировая литература

сауатты – образованный

 

2.Мәтінмен жұмыс.

1.Мәтінді оқып, мазмұнын ашу(слайд арқылы)

І топ.          ІІ топ.          ІІІ топ.

2.Дәптермен жұмыс.

Мәтін бойынша тапсырмалар.

І топ.

1.Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.

2. Мына сөздердің синонимдерін табыңдар.

Қаламгер, шәкірт, қадірлі,сауатты.

3.Сөз құрамына талдау.

Тәрбиесінде, халықтарының,еңбекқор.

ІІ топ.

1.Мәтінге диалог құрастыру.

2 .Мына сөздердің антонимдерін табыңдар.

Қазіргі,дүниеге келген, тұңғыш, еңбекқор, көп.

3.Сатылай кешенді талдау. ата-анасынан

ІІІ топ.

1.Мәтіннің мазмұнын айту.

2. Мына сөздерге синонимдік қатар құру.

Дүниеге келген, әйгілі, тұңғыш, жандар, ата-анасынан

3.Синтаксистік талдау.

Мұхтар Омарханұлы Әуезов Семей облысының Абай ауданында 1897 жылы 28 қыркүйекте дүниеге келген.

Слайд.Мұхтар Әуезов туралы.

Бекіту:Тест  

1.Мұхтар Әуезов кім?

а).ақын

ә).ғалым, ағартушы

б).жазушы,драматург

2.Мұхтар Әуезов қай жерде туған?

а).Семей облысында

ә).Қостанай облысында

б).Алматы облысында

3.Ең үлкен еңбегін ата?

1. «Көксерек»

2. «Абай жолы»

3.    «Еңлік-Кебек »

4).Шетел әдебиетінің қай жазушысын қазақ тіліне аударды?

а).Байронды

ә).Хемингуэйді

б).Шекспирді

5.Әуезовтің алғашқы пьесасы?

а). «Еңлік-Кебек»

ә). « Бәйбіше-Тоқал»

б). «Түнгі сарын»

6. «Абай жолы »көркем әдебиет шығармаларының қандай түріне жатады?

а).поэма

ә).роман-эпопея

б).әңгіме

7.Мұхтар Әуезовтің туған жылы?

а).1897 ж.

ә).1899 ж.

б).1887 ж.

8. «Абай жолы»роман-эпопеясы үшін қандай сыйлық берілді?

а.Лениндік

ә.Мемлекеттік

б. «Еңбек Қызыл Ту» 

Қорыту:Рефлексия

-Мұхтар Әуезов кім?

-Мұхтар Әуезов туралы не білдік?

Үйге тапсырма:

Мәтінді мазмұндап келу.М.Әуезов жайында мәлімет жинап келу.

Бағалау:

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения