Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
16.05.2014
0
770
0

КВН Физика - информатика

Казахстан,Восточно-Казахстанская область,г.Семей

СОШ №34 КГУ

Учитель физики и учитель информатики

Ошакбаева Жаныл Турдыгазыновна

Тлеужан Турсын Тлеужанулы

Мақсаты: осы іс-шаралар оқушылардың физика және информатика пәндерін танып білуге, оның мәнін түсінуге, қызығушылықтарын дәстүрлі және ойын нысандары арқылы дамытуға бағытталған.

 

Міндеттері: 1. білім берушілік – ғылыми білімдердің гуманистік мәнін көрсетіп, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін оятады; дүниеге көз қарасын қалыптастырады; ойлану, салыстыру, талдау, жалпылау дағдыларын үйренеді.

                    2. дамытушылық – дербес әрекет жасауға үйретеді; жағымды көңіл-күй мен сезімдерін туғызады; топ және жеке қатысушылар арасындағы жарыс элементтері, ойын байқағыштық пен заттардың жекелеген қасиеттерін және маңызды белгілерін ажырата білуін дамытады. Осылайша, ойын балалардың логикалық ойлауын, зейінін, шығармашылық қиялын дамытады.

                    3. тәрбиелік – жоғары адамгершілікті жеке басын, жауаптылықты, өзін-өзі қадағалауды, белсенділікті, әлеуметтік ережелерді сақтай білуді, табандылық пен шыдамдылықты  тәрбиелейді.

Барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Ойынның шартымен таныстыру:

1. топ құрамы 15 оқушыдан құралады.

2. дұрыс жауап үшін балл алады, қате жауапқа балл берілмейді.

3. әр топ ойын барысында бір рет залдан көмек ала алады.

4. тәртіп бұзғандығы үшін үшін топтан 1 балл алынып тасталады.

5. жауапқа ойлану уақыты -1 минут.

ІІІ. Оқушыларды топқа бөлу. Оқушылар екі ойын тобына бөлінеді. Әр топтың өз атауы болады. Топқа 8, 9, 10 сыныптар қамтылады. Жүргізуші оқушы 11 сыныптан тағайындалады.

І.    Таныстыру. 1-5 баллмен бағаланады.

ІІ.   Викториналық сұрақтар. Әрбір дұрыс жауап 1 баллға бағаланады.

ІІІ. Үй тапсырмасы. Эксперименттік тәжірибелер жасау. 1-5 баллмен бағаланады.

ІҮ. Топтар атауындағы әріптерді пайдалана отырып сөз құра (физикалық шама, шаманың өлшем бірлігі және т.б.). Әріптер қайталанбайды. Әр сөз 1 баллға  бағаланады.

Ү.  Өнер сайысы (ән, би). 1-5 баллмен бағаланады.

ҮІ. Сурет салу. Физикалық тақырыпқа. 1-5 баллмен бағаланады.

       Музыкалық пауза. Қазымова Еркежан – 9 сынып.

ҮІІ. Әріптерді пайдаланып физикалық формула құрастыру. Уақыты - әр топқа екі минуттан. Әр формула 1 баллмен бағаланады.

                Жанкүйерлерге сұрақ.

ҮІІІ. Пантомима. Әр топқа жеке тапсырмалар беріледі. 1-5 баллмен бағаланады.

ІХ.    Капитандар сайысы. Әрбір дұрыс жауап бір баллға ие болады. Жиыны 16 сұрақ қойылады.

Музыкалық пауза. Оразов Айдос – 7 сынып.

Бағалау және Қорытындысын шығару.

 

Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы

Семей қаласының «№ 34 жалпы білім беретін орта мектеп»

қазынашылық мемлекеттік мекемесі

 

ЗИЯТКЕРЛІК

ОЙЫН

Дайындағандар: «Физика» және «Информатика» пәндерінің

    мұғалімдері Ошақбаева Ж.Т., Тұрсын Тілеужанұлы

 

2013-2014 оқу жылы

Викториналық сұрақтар: «Кім көп біледі?»

І-топқа

1-сұрақ: Атмосфералық қысымды өлшеу үшін қандай металл барометр қолданылады? – анероид.

2- сұрақ: Сұйық немесе газдағы дененің кері итеруші күші не деп аталады? – Архимед күші.

3-сұрақ: Ағылшын физигі және матиматигі. Ол денелер қозғалысының негізгі заңдарын және тартылыс заңын ашқан – Исаак Ньютон.

4-сұрақ: Сұйықтың ішіндегі өте ұсақ қатты бөлшектердің қозғалысын не деп атайды? Мысал айту – Броундық қозғалыс.

5-сұрақ: Заттың қатты күйден сұйық күйге ауысуы – балқу.

6-сұрақ: Компьютер миы ақылшысы (процессор)

7-сұрақ: Ақпараттық ең кіші өлшем бірлігі (бит)

8-сұрақ: . Зиянкесті программа (вирус)

9-сұрақ: Компьютердің беті (монитор)

10-сұрақ: 6. Компьютер бұл мамансыз жұмыс істемейді (программист)

ІІ-топқа

1-сұрақ: Ток көзін ойлап тапқан ғалым – Вольта А.

2-сұрақ: Өткізгіштің ұштарындағы токты өлшеуге арналған құрал – вольтметр.

3-сұрақ: Дененің өз пішінін өзгертуі – Деформация.

4-сұрақ: Зат бөлшектерінің ретсіз қозғалысы салдарынан болатын жанасқан заттардың бір-біріне өзара араласуы – Диффузия.

5-сұрақ: Дене өзінің көлемін сақтайды, бірақ пішінін өзгертеді. Сонда бұл дене құралған зат қандай күйде болады? – сұйық.

6-сұрақ: Сандер мен әріптерді енгізу құрылғысы (пернетақта)

7-сұрақ: Компьютерлер жиыны (желі)

8-сұрақ: Файлдар жиыны немесе қоймасы (бума, папка)

9-сұрақ: Стандартты программалар дегеніміз не? (қарапайым программалар)

10-сұрақ: Wort Pad редакторымен Ms Wort редакторының айырмашылығы неде? (Мүмкіндігінде)

Жанкүйерлерге сұрақтар:

1-сұрақ: Итальян физигі, астрономы. Бұл ғалым денелердің құлап түсу заңдарын және маятниктің тербеліс заңдарын ашқан. Ең алғаш телескопты астрономиялық зерттеулер жүргізу үшін пайдаланған – Галилео Галилей.

2-сұрақ: Тапталған топырақты тырмалағанда тырманың үстіне неге ауыр нәрселер қойылады? – Жоғары мәнге ие күш үлкен қысымға ие болады. Қысым тырманың массасына тең болады. Тырманың массасы үлкен болған сайын масса да ұлғаяды. Егер тырманың топыраққа әсер ететін қысымы жеткіліксіз болса, оның үстіне ауыр нәрселер қояды.

3-сұрақ: Автомашинаға жүк тиелді. Автомашинаның доңғалақтарының камерасындағы қысым өзгерді ме? Қысым камераның жоғарғы және төменгі бөліктерінде бірдей ме? – Машинаға тиелген жүк доңғалаққа қысым жасайды. Доңғалақтар сығылады және камерадағы ауаны сығады. Паскаль заңына сәйкес камерадағы қысылған ауа қысымы барлық жаққа да бірдей әсер етеді.

4-сұрақ: Көкеністі, балықты, басқа азық-түлікті тұздау қандай құбылысқа негізделген? – диффузия.

5-сұрақ: Қияр қандай ерітіндіде тез тұздалады: ыстық ерітіндіде неемес суық ерітіндіде? – ыстық ерітіндіде.

 

Капитандар сайысы. Әрбір дұрыс жауап бір баллға ие болады. Жиыны 16 сұрақ қойылады.

 

1-к.  Дене өзінің көлемін сақтайды, бірақ пішінін өзгертеді. Сонда бұл дене құралған зат қандай күйде болады? – сұйық.

2-к.  Дене өзінің көлемін және пішінін сақтайды, сонда бұл дене құралған зат қандай күде болады? – қатты.

1-к.  Будың сұйыққа айналу құбылысы – конденсация.

2-к.  Дененің өз қозғалысы салдарынан болатын энергияны не деп атайды? – кинетикалық энергия.

1-к.  Күш бірлігі не деп аталады? – ньютон.

2-к.  Атом ядросындағы бейтарап бөлшек – нейтрон.

1-к. Спутник немесе планетаның қозғалыс траекториясы, әдетте шеңбер немесе овал түрінде болады – орбита.

 2-к. Массасы 1 кг отын толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін көрсететін физикалық шама –  отынның меншікті жану жылуы

1-к.  Ядро құрамындағы оң зарядты бөлшектер – протондар.

2-к. Атом құрылысы және құрамын зерттеу жөнінде тәжірибелер жасаған ағылшын ғалымы – Резерфорд.

1-к. Тізбектегі ток күшін реттеуге арналған прибор – реостат.

2-к. Термометрдегі сұйықтықты не деп атайды? – сынап.

1-к. Грек тілінен аударғанда жылу және күш деген мағына беретін физика бөлімі қалай аталады? – термодинамика.

2-к. Дене массасының оның көлеміне қатынасына тең физикалық шама – тығыздық.

1-к.  Бір дененің екінші дененің бетімен қозғалған кезде пайда болатын күш не деп аталады? – үйкеліс күші.

2-к. Жанасатын беттердің күйіне және үйкелетін материалдар тегіне байланысты болатын коэффициент қалай аталады? – үйкеліс коэфициенті.

1-к. Сүрінген адам қай жағына қарай құлайды, неліктен? – Жүріп келе жатқан адамның аяғы бір денеге тіреліп, тежелгенде оның кеудесі бұрынғы жылдамдықпен қозғалысын жалғастыра береді. Нәтижесінде адам тепе-теңдігін жоғалтып, адам алдыға қарай құлауы мүмкін.

2-к. Адам тыныш тұрған қайықтан жағаға секіріп түсті, неліктен қайық жағадан шегініп кетеді? – Адам қайықтың қимылына байланысты жылдамдыққа ие болады. Сонымен қатар адам да қайыққа әсер етіп, ол жағадан алыстатын жылдамдыққа ие болады.

1-к.  Дененің жұмыс істеу қабілетін көрсететін физикалық шама  - энергия.

2-к. Еркін электр зарядтарын тасымалдаушылардың реттелген қозғалысы не деп аталады? – электр тогы.

1-к. Мультимедия дегеніміз не? (Ақпараттың бес түрде берілуін

мультимедия деп атайды.)

2-к. Слайд дегеніміз нені білдіреді. (1 кадр)

1-к.  Компьютердің негізгі құрылғыларын ата. (жүйелік қорап, монитор, пернетақта)

2-к. «Информатика» термині қандай екі сөзден құралған? (информация, автоматика)

1-к.  Қандай санау жүйелерін білесін? (екілік, сегіздік, ондық, он алтылық)

2-к. Қандай операциялық жүйелерді білесің? (Windows XP, Windows 7, Windows 8, Vista, Mac OS)

 

«Физиканың заңдарын дұрыс шеш» 1-к.                           «Физиканың заңдарын дұрыс шеш» 2-к.

«Физиканың заңдарын дұрыс шеш» 1-к.                   «Физиканың заңдарын дұрыс шеш» 2-к.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения