Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:Украина
Регион:Харьков
13.05.2014
0
954
1

Ұстаз, Ана, Бойжеткен

Казахстан, Мангистауская область, Бейнеуский район

КГУ «Школа-садик им. А.Махутова»

Учитель русского языка и литературы

Нсанбекова Гулмира Казбеккызы

Мақсаты:       

1)Ұстаз, ата-ана және оқушылар арасындағы педогогикалық ынтымақтастықты дамыту.

2)Оқушы қыз балалардың бойында ата-анаға  және ұстазына құрметін арттыру. Сайыс барысында өз бойларыңдағы икемділіктерін, қабілеттерін орынды пайдаланулары арқылы өз күштеріне, білімдеріне сенімділіктерін қалыптастыру.

3)Қыз балаларды инабаттылыққа, ізеттілікке және үлкенгн құрмет көрсетуге тәрбиелеу.

 Сахнаға 2 жүргізуші шығады.

 1-жүргізуші: Құрметті көрермендер! Ақыл-ой, білім мен ептілігімізді сынауға арналған «Ұстаз, Ана және бойжеткен» тақырыбымен өтетін сайысқа қош келдіңіздер. Сайысқа төрелік ететін әділқазы алқаларымен таныс болайық. 

Бүгін біздің сайысымызға 3 топ қатысып отыр.

Ұстаздар тобы;

Аналар тобы;

Арулар тобы

1-жүргізуші: «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» - дегендей, әр шаңырақтың үміт күткен ұл-қыздары сіздердің білімдеріңіз бен біліктеріңізге жүгініп, сеніп келеді. Ел ертеңі болып табылатын ұландардың  бойына білім мен өнерді, адамгершілік пен адалдықты, туралық пен шыншылдықты, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіріп, оларды тұлғалы азамат етіп қалыптастыруда сіздердің үлестеріңіз орасан мол.

2-жүргізуші: Армысыздар, құрметті де аяулы ұстаздар!

Ұстаз деген-жарық күні ғаламның,

Ұстаз деген-анасы ол адамның.

Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,

Сен де одан адам болып жаралдың.

1-жүргізуші: Ұстаз сөзін айтып жүрміз ән қылып,

Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.

Ұстаз деген-ұлылардың ұлысы,

Қасиетіне бас иелік мәңгілік.

2-жүргізуші:Мерекелеріңіз құтты болсын дей отырып , білім саласында қажымай еңбек етіп, тер төккен аяулы да, абыройлы ұстаздарымыздың көңілдерін  бір сәтте болса көтеріп, қуантайық деген ізгі ниетпен  ортаға шақырамыз.

 1-жүргізуші:Құрметті бойжеткен арулар, бүлдіршін қыздар! Сіздерді көктемнің ең алғашқы мерекесі 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймын! Қазақ қызы десе ашық, бірақ жүзінде ұяңдық бар, әдепті, инабатты жан жан елестейді. Бүгінде сол әдепті де әдемі, инабатты да мейірімді ару қыздарымыз сынға түскелі тұр.

 Мың бұралған арулар аңдап басып,

Келеді міне ортаға толқып тасып

Аруларын сыйлаған, халқым менін,

Көңілді қошеметпен қарсы алайық!

(Арулар ортаға шығады.)

І кезең: Викториналық сұрақтар.

ІІ кезең: Даналық сөздердің мағынасын ашу.

1.Қыз өссе – елдің көркі,

Гүл өссе жердің көркі.

2.Қызға қырық үйден тиым.

3.Шеше көрген – тон пішер.

 ІІІ кезең. Мақал – мәтелдердің жалғасын табу.

 1.Батыр туса – ел ырысы... (жаңбыр жауса-жер ырысы).

2. Ат айналып қазығын табар... (Ер айналып елін табар).

3.Байлықтың атасы- еңбек (анасы - жер).

4.Рахаттың түбі-еңбек ...( түбі-жеңіс).

5. Жердің сәні – егін ...(ердің сәні-білім).

6. Еңбек ердің көркі ... (ер елдің көркі).

ІV кезең. Кездейсоқ жағдайлардан шығу.

ІІІ топқа 3 түрлі сұрақ қойылады. Ойланбастан жауап беріп, кездейсоқ жағдайлар шығу керек.

V кезең: Ойын:

Аналар мен арулар арасында ойналады. Аналар оқушылардың ішінен өз баласының исінен иіскеп табу керек. Көзі байлаулы болады.

Ал, арулар  көзі байлаулы қалыпта аналардың ішінен анасының аялы алақанынан өз анасын  табу керек.

VІкезең: Өз өнерін көрсету.Оқушылар өздерінің аналарына, аяулы ұстаздарына  арнап өз өнерін көрсетеді.

Жеңімпазды  марапаттау.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения