Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
13.05.2014
0
863
0

Көңілді старт

Казахстан, Восточно-Казахстанская область, Уланский район, пос. Касыма Кайсенова

КГП " Средняя школа им. Райымжана Марсекова" 

Учитель математики

Чамакаева Асем Хамитовна

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың ой қабілетін, тапқырлығын, жылдамдығын, таным белсенділігін және  пәнге деген қызығушылығын арттыру. Жай бөлшектер тарауы бойынша алған білімдерін жүйелеу.  Балалардың дене бітімінің дұрыс жетілуі үшін спорттың, дене шынықтырудың маңызын арттыра отырып, төзімділік күш сапалық қасиетттерін дамыту.

Тәрбиелілік: Лондон қаласында өткен жаздық Олимпиада жүлдегерлерінің жетістіктерін насихаттай отырып, Еліміздің жеткен мәртебесі және Сочи қаласында өтіп жатқан қысқы «Ақ олимпиада» ойындарына да қатысушы спортсмендерге тоқатала отырып оларды қолдау, оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортпен айналысуға ықпал жасауға тәрбиелеу. Шапшаңдыққа, ұшқыр ойлылыққа, бәсекелестікке  тәрбиелеу,  бір-біріне өзара іс-әрекеттерінде қолдау көрсетуге тәрбиелеу, оқушылардың денсаулығын арттыру және салауатты өмір салтын қалыптастыруға баулу.

 Дамытушылық: Ұйымшылдықпен жұмыс істеу қабілетін арттыру, белсенділікпен және өз бетімен жұмыс істеуге баулу, оқушылардың дүниетанымдылығын кеңейту, оқушылардың іс-қимыл және қозғалыс  әрекеттерін жандандыру, кеңістікте бейімделуге  машықтау.

Түрі: жарыс түрінде. Өтілетін орын: Спортзал.Өтілетін сынып: 5 «А»,5 «Б»

Керекті құрал — жабдықтар: проектор, экран, спортинвентарь

Барысы:   I. Ұйымдастыру кезеңі: Техникалық қауіпсіздік ережелеріне мән беру. Керекті жабдықтармен керекті заттардын дұрыстығын тексеру. Оқушылардың спорттық киіміне, сабаққа қатысуына мән беру.

Қатысатын командалар: сынып оқушылары, капитан командалары

ІІ. Негізгі бөлім. Кіріспе сөз

Құрметті оқушылар!  ХХХ жазғы Олимпиада ойында­рын­да­ғы жеңістеріміз еліміздің абыройын одан әрі шарықтатты. Көк байрақты жас мем­ле­ке­тіміздің беделінің артуына зор ықпалын тигізді. Олимпиадада 7 алтын, 1 күміс, 5 қола медаль жүлделеріне И. Ильин, А. Винокуров, М. Манеза, З.Чиншанло, С. Сапиев, О. Рыпакова,С. Подобедова  ие болып Еліміздің туын көкке желбіретіп, абыройымызды әлемге марқайтты.  (Слайдта олимпиада жүлдегерлерінің суреттерін көрсету).  Салауатты өмір салтын ұстану осы іс-шараның алғашқы баспалдағы. Сондықтан  Еліміздің әрбір азаматы кәрі әже - аталарымыздан бастап, бесіктегі балаға дейін салауатты өмір сүруге талпынып, соған қоғам да, өмір сүріп отырған ортада, мектепте жағдай жасап денсаулықты сақтауға, спорт пен айналысуға талпыну қажет. Сонымен қатар биылғы жылы Сочи қаласында «Қысқы олимпиада ойындары 2014» басталғанын білесіңдер. Біздің Қазақстан Республикасынан да бірнеше спортшылар сол тартысқа қатысуда, сол спортшыларымызға «Ақ жол» және сәттілік тілеп қолдау шарасы ретінде бүгінгі сайсымызды біздің елдің спортшылары жетістіктерге жетсін деп қолдау іс-шарасы ретінде өткізгелі отырмыз. Ендеше оқушылар біздің спортшыларға «Тек қана алға!» деп тілеп ойынымызды бастайық. ( слайдта Сочи 2014 ойынына қатысатын спортшылар суретін көрсету). Жарысты бастамас бұрын, ойынға әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныстыра кетейік. Сіздерге жеңіс тілейік, — дей отырып, ортаға сайыскер тобымызды шақырамыз. Қарсы алыңыздар! (5 «А», 5 «Б» сынып оқушылары 2-топқа бөлініп сапқа тұрады).

Эстафета түрлері:

  1. «Топты таныстыру»
  2. Қосаяқ
  3. Секіртпемен секіру»
  4. «Формула » ойыны
  5. Теннис
  6. «Мерген» айып сызығынан допты себетке лақтыру
  7. Кім жылдам?  Карточкадағы есептерді  кезекпен келіп шығару.
  8. Капитандар сайысы

1. «Топты таныстыру»  Әр команда топтың ұранын атын айтады.  2. Қосаяқ. Белгі бойынша ойыншылар секіріп барып, секіріп қайтады. Берілген есептерді шығарып қайтады. Әрбір дұрыс есеп үшін 3 ұпай беріледі. 3. «Секіртпемен секіру» 1-ші белгіге дейін секіртпемен секіре барып, секіртпені тастап,  сұраққа жауап беріп, допты ыршытып алып жүру және қайта оралу.  4.«Формула» ойыны. Скейтбордпен екі оқушы барып шеңбер ішінен қиық карточкалардан формула құрастыру керек.  Әр екі ойыншы әрбір баруында бір формула құрайды. Берілген уақыт ішінде құралған  формуланың  санымен есептелінеді. 5. Теннис ойыны.Белгі бойынша бірінші тұрған ойыншы қолындағы теннис  ракеткасымен  шарикті салып, мәрені айналып келіп, өзінен кейінгі ойыншыға береді. Сосын топпен сұраққа жауап береді. Әрбір дұрыс жауап 3 ұпай. 6. «Мерген» Айып сызығынан допты себетке лақтыру.  Есеп таңдап сол есепті шығару. Әрбір допқа 3 ұпай. 7.Кім жылдам? Карточкадағы есептерді шығару. 8.Капитандар сайысы.Команда капитандары жарысы. Логикалық сұрақтарға жауап беру қажет. Жеңгеніне 10 ұпай.

ІІІ. Қорытынды бөлім. Құрметті оқушылар! Сөз кезегі әділқазылар алқасында (әділқазылар сайыстың шарттары бойынша қорытынды шығарып, жеңімпаздарды жариялай отырып, марапаттайды).

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения