Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
13.05.2014
0
1541
3

Жай бөлшектерді және аралас сандарды бөлу

Казахстан,Восточно-Казахстанская область,г.Семей,с.Кумкол

КГУ "Средняя школа им. Сасан би

Учитель математики и информатики

Туганбева Б.Х.

Сабақтың мақсаты: Өзара кері сандар туралы мәлімет алады.  Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлуді  үйренеді. Жай бөлшектерге амалдар қолдану  туралы білімдерін толықтырады.

Міндеттері:

  1. Есеп шығару  дағдысы қалыптасады.
  2. Ойлау қабілеті артады, жаңа білімді  игере алады.
  3. Бірлесіп жұмыс істейді, пікірлеседі,  ортақ пікір шығара алады, тыңдайды, бағалайды.

            Бағалау

  1. Өз ойларын айту арқылы.
  2. Ережені айту, өз ойларын қорғау. Есептер шығару арқылы
  3. Байқау бақылау арқылы.

Стратегиялар:  «Ассоциация»,  «Семантикалық карта»,  «Араласқан есептар»

Құрал – жабдық: ақ бет, дәптер, қалам, маркер

Көрнекілік: Слайдтар

Сабақ барысы:

  І. Ұйымдастыру  

 ІІ. Сергіту сәті.

Иіліп оңға бір,

Иіліп солға бір,

Еңкейіп, шалқайып,

 отырып, тұрайық,

Шапалақ соғайық.

 А) Үй тапсырмасын сұрау. №766 №767

  І. Қызығушылықты ояту

«Ассоциация» стратегиясы арқылы әр топ берілген тақырыптарды ашып, қорғайды.

  1. Жай бөлшектерді қосу,  мысал келтіру.
  2. Жай бөлшектерді азайту, мысал келтіру.
  3. Жай бөлшектерді көбейту,  мысал келтіру.

Жай бөлшекке қолданылатын амалдар  түрлері тақырыптары бойынша  әр топ  өз білгендерін жазып шығып, қорғайды.

ІІ. Мағынаны ашу. 

Орыстың ұлы математигі Л.Ф. Магницкийдің:

                                       Бүтінге келсең жұлынып,

                                       Алдыңа еш жан  салмасаң,

                                       Бөлшекке келсең бұғылып,

                                       Жауабын таба алмасаң,

                                       Есепке мықты демелік,

                                           Бөлшекке  көңіл бөлейік! –деген сөзімен жаңа  сабағымызды бастаймыз. 

Көбейтіндісінің мәні 1-ге тең екі сан өзара кері сандар деп аталады.   

Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлу үшін бөлінгіш бөлшекті бөлгіш бөлшекке кері санға көбейту керек. 

              «Білу тапсырмалары»
1.    Жай бөлшектерді көбейту ережесін есіңе түсір.
2.    Оқулықтан жай бөлшектерді бөлу ережесін тауып оқы.
3.    Мысалға назар аударып, тұжырым жаса.

4.    Мысалға назар аударып, тұжырым жаса.

5.    Натурал санды жай бөлшекке бөлу мысалына назар аудар тұжырым жаса.

ІІІ.  Ой толғаныс кезеңі (Араласып кеткен есептерді орындау)

«Араласып кеткен есептер» стратегиясы арқылы оқушылар  берілген есептердің белгісізін тауып, шығару  жолдарын  түсіндіреді. Әр топ тез, әрі дұрыс жауабын табу керек.

  І топ                                             ІІ топ                                    ІІІ топ 

«Семантикалық карта»

 

Жай бөлшек түрлері

 

 

 

 

Жай бөлшек атауы

 

Өзара  кері сандар жұбы

 

 

 

 

Аралас сандар

 

 

 

 

Дұрыс бөлшек

 

 

 

 

Бұрыс бөлшек

 

 

 

 

VI. Қорытынды бөлім. Төмендегі кесте арқылы сабақты  қорытындылаймыз.

1.2 . 3  .    4.           5.                     Жеңген топты анықтап, Рим жазушысы Цицеронның «Бөлшекті білмейінше, математиканы  білемін деп ешкімде айта алмайды» деген сөзімен  аяқтаймыз, яғни  бүтін  сандарға  амалдар  қолдануды  қанша  жақсы білсең де, бөлшек сандарға  амалдар қолдануды білмесең, онда  математиканы  білемін деп  айтпа дегені.

VII. Өтілген  сабақ бойынша  оқушылардың  білімдерін  бағалау. балл жинау.
«Кері байланыс»  нәтижеге бағытталған  бөлім    І деңгей (5 ұпай)  «сынақтан өтті» 3 деген баға.               №794 — №797
ІІ деңгей  (+4 ұпай) барлығы  9 ұпай «жақсы» деген баға   №808 (1,2) №809 (1,2)
ІІІ деңгей (3 ұпай) барлығы

12 ұпай «Өте жақсы» деген  баға

 №820. (1).
Қорытынды    
VIII. Үйге:  Жай бөлшектер бөлу,  Венн диаграммасы  / Жай бөлшекті көбейту мен бөлудің айырмашылықтары мен ұқсастықтары/ 

№ 798; 802



Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения