Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
12.05.2014
0
715
0

Бастауыш сыныпта аймақтық компоненттерді пайдаланып, экологиялық білім мен тәрбие беру

Казахстан,Восточно-Казахстанская область,Курчумский район,с.Курчум

Курчумская средняя школа №4

Учитель физики и информатики

Кенжебаева Бактыгуль Абдыкаримовна

Аңдатпа: Бұл жұмыста бастауыш сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беру жолында аймақтық компонеттерді қолдану жолы қарастырылған.Оқушы күнделікті сабақта алған білімдерін еңбекпен қалай ұштастырғаны жөнінде айтылып, дәлелді деректер келтіріледі.

                     «Біз ата-бабамыздан табиғатты мұраға,

                       ал болашақ ұрпақтан қарызға алдық»

                                                             Халық даналығы

Табиғатқа қамқорлық керек, өйткені ол менің екінші анам.

Табиғатқа қамқорлық керек, өйткені мен оны сүйемін.

Табиғатқа қамқорлық керек, өйткені ол сұлулық мекені.

Адам өмірі жермен тығыз байланысты.Жерден қасиетті, жерден киелі дүние жоқ. Жер бар жерде ел бар.Ел-ер азаматтың жарық дүниеге көзін ашқаннан тербеткен бесігі.

Адам өзінің туып-өскен жеріне деген шынайы сүйіспеншілігін, сағынышын, құрметті құдіретті сөзбен, ойлы өлеңмен, сазды әуенмен, сырлы суретпен, ерен еңбегімен жеткізеді.

Ол үшін адамға табиғатты тану, сезіну, ерекше екенін терең түсіну қажет.

Мұндай қасиеттер адам бойына бала жастан қалыптасуы керек деп ойлаймын.

Қ.Р.Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа жолдауында айтылған мәселенің қай-қайсысы да ел ертеңіне немкеттілікпен қарамайтын әр азамат үшін айрықша маңызға ие.

Жолдау еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының жариялануымен де құнды бола түспек.

Болашақ тұтқасы жастар болса, олардың саналы да ұлтжанды азаматтық болмысының қалыптасу негізі –мектеп.

Ал ұстаз-мектеп жүрегі.

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дейді дана халқымыз. Білім негізі бастауышта екенін ескерсек, оқытудың жаңа мақсаттарының бірі – жас ерекшеліктерін ескере отырып оқушыларды кішкене кезінен кіші зерттеу жұмыстарына үйрету керек. Яғни әр түрлі тақырыптар бойынша тапсырмалар беріп, жауап іздеуге, дәлелдеуге, ізденуге, шығармашылыққа, еңбек қуанышын сезіне білуге үйрету.

Бұл жұмыс сабақта, сабақтан тыс уақытта, әр түрлі тәрбиелік шаралар кезінде ұйымдастырылуы мүмкін.

Экологиялық білім мен тәрбие беруді дамыту педагогика ғылымының негізгі басты бағыты.

Оқушы бойындағы экологиялық мәдениетті қалыптастыруда «Еңбекке баулу» пәнінің алар орны ерекше. Яғни басқа пәндерден алған экологиялық білімдерін еңбекпен ұштастыруға, табиғатты қорғауға,  көгалдандыру, көшеттер отырғызу, оларды күту, баптау, бақылап зерттеуге үйренеді.

Соның бір мысалы мектебіміздегі әр түрлі бағытта жұмыс істейтін  «Атом» атты оқушылардың ғылыми қоғамы мен  бастауыш сыныптар арасындағы сабақтастық байланысты айтып өтуге болады.

Ол –мектептегі жылда өткізілетін «Жасыл ел» науқанына белсене қатысуымыз.Яғни менің 2 сыныптан бастап өз қолдарымен әрқайсысы өз ыдысына тәтті бұрыш дәндерін сеуіп, өздері күтіп- баптап, уақыты келгенде дайын көшеттерді  мектеп жанында жаратылыстану бағытындағы пән мұғалімдерінің жетекшілігімен ұйымдастырылатын оқу –тәжірибе үлескісіне өткізеді.

Осы жұмыстары арқылы олар еңбек қуанышына бөленіп, еңбекті бағалауға, табиғатты сүюге үйренеді.Бұл жұмысқа ата-анасы да қызығушылықпен ықпал етіп отырады.

Тағы бір дәлел 4 сынып оқушысы Чериязданова Аянур еңбек сабағында өткен «Бөлме өсімдіктерін  өсіру»  тақырыбы негізінде алған білімін дамытуда «Қазтамақтың өзіндік ерекшелігі» атты шағын зерттеу жұмысымен шұғылдануда.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Қазтамақ гүлінің қалемше арқылы қалай көбейтілу жолын, күтімі жеңіл, тез өсетін гүлдерге жататындығын бақылап, көз жеткізу. Сол арқылы оның пайдасы, емдік қасиеті, қызықты деректері туралы оқып, үйрену. Әсемдікті сүю, еңбек қуанышына бөлену.

Ұстанымы: «Айтсаң ұмытамын, көрсетсең есімде қалады, өзіме істет-үйренемін».     Халық даналығы

Барысы:

  А)- қалемшені іздеу;           

  Ә)-Түбінен үзу;                       

 

 б)- үзіп алғаны 

 

 в)-суға салу                                                

  г)-тамырлануы;

Гүлдерді қалемше арқылы отырғызу жұмысы:  

а)- ыдысқа топырақ салу

 ә)- қалемшені топыраққа бекіту; 

б)- отырғызылған гүлдер

Бұл отырғызылған гүлдердің өзіндік  айырмашылықтары бар;

  • 3 ыдысқа тамырланған 3 түрлі гүл ататын қалемше отырғызылды;
  • 3 ыдысқа тамырланбаған 3 түрлі гүл ататын қалемшелер отырғызылды.

Гүлдерді отырғызған күннен бастап оқушы бақылау күнделігін жүргізуде.Жұмыс жалғасуда.

Жұлма,  бала,  гүлдерді.

Табиғат азып, солмасын,

Гүлдер жердің көркі ғой.

Жер көріксіз қалмасын- дей келе бөлмеде гүл өсірудің пайдалы екендігін, олар ауаның тазалығын реттейтіндігін, көмірқышқыл газын жұтып, көп мөлшерде адам денсаулығы үшін оттегі бөлетіндігін бала жадына сақтата білейік.

Үй ішінде әдемі өсімдіктер көп болса, сіздің көңіл-күйіңіз де әрқашан жадыраңқы жүреді.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  • Өзін-өзі тану 4 сынып «Бөбек » Алматы-2010ж
  • Биология 6 сынып Б.Жүнісқызы, Р.Әлімқұлова,    

                 Қ.Жұмағұлов

  • «Тұрмыс сәні» Байжанова №1 2013ж
  • Бастауыш сынып №2-2014ж
  • Қазақстан энциклопедиясы №5
  • «Егемен Қазақстан» 25 қаңтар 2014ж
Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения