Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:Украина
Регион:Харьков
09.05.2014
0
2301
3

Ш.Мұртаза «Тұтқын бала»

Казахстан, Мангистауская область, г. Актау

ГУ «Общеобразовательная средняя школа №5 с гимназическими классами»

Учитель казахского языка

Куспанова Айнур Оразовна

Сабақтың білімділік мақсаты:  аталған әңгіменің тақырыбын,идеясын анықтата отырып кейіпкерлер сипатын сан қырынан жан-жақты ашқызу:оқушыларға әңгіме авторы туралы кеңінен мағлұмат беру,көсемсөз шебері екендігін таныту.

   Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды адамгершілікке, инабаттылыққа, қайсарлыққа, Отанын сүюге, ата-анасын ардақтауға, халқын құрметтеуге баулу,тәрбиелеу.

   Дамытушылық мақсаты: оқушыларды парасаттылыққа,өз ойын еркін жеткізуге, ой ұшқырлығына баулу, ойлау қабілетін арттыру,тіл байлығын байыту.

  Сабақтың түрі: қорыту,жинақтау сабағы.

   Сабақтың әдісі: баяндау,сұрақ-жауап,деңгейлік тапсырма, «Топтастыру» стратегиясы.

   Көрнекілігі: Шерхан Мұртазаның, Тұрар Рысқұловтың портреттері,

шығармалары, олар туралы жазылған сыни мақалалар,қанатты сөздер,сөзжұмбақ..

   Сабақтың пәнаралық байланысы: Қазақстан тарихы,география.

   Кино: «Асуда атылған оқ».(Қырғыз фильмінен жеке фрагменттер),М.Әуезов «Қараш-қараш оқиғасы» хикаяты, «Қараш-қараш оқиғасы» фильмінен жеке фрагменттер.(Ш.Айманов атындағы киностудиясы түсірген).

   Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабақтың тақырыбы мен мақсат-міндеттерімен таныстыру.

    ІІ. Ой қозғау.

1. Шерхан Мұртазаның өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімелеу.

2. Сонымен,балалар, Шерхан Мұртаза туралы не білдік?

«Топтастыру» стратегиясы бойынша жинақтау, дәлелдеу.

Мысалы: Ш.Мұртаза – аудармашы. Ш.Айтматовтың «Қош Гүлсары», «Жанпида» т.б. шығармаларды орыс тілінен аударған.

қоғам қайраткері                                                                 аудармашы

 

        жазушы                     Шерхан      Мұртаза                             ел азаматы

           
           
 

 


      публицист                                                                         көркемсөз шебері

                                                    драматург

  ІІІ. Жадымда әңгіме мазмұны.

  а) «Тұтқын бала» әңгімесінің мазмұны құрылған жоспар бойынша баяндалады.

  б)  Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс. (Өтілген материалдарды қаншалықты меңгергендерін анықтау мақсатында деңгейлік тапсырмалар беремін.)

  1. Тұрардың басынан өткен қиындықтар мәтінде қалай,кімнің сөзі арқылы берілген.

  2. Приходько Рысқұлдың тілегін қабыл алғанда қандай мақсат көздеді,ол ойы орындалады ма?

  3. Тұрар кімді,оның қандай мінездерін өнеге тұтты?

  4.  Тұрардың түрмеде болу себебі не?

  5.  Тұрар қандай жұмыс атқарды?

  6.  Тұрарды надзиратель қалай мұқатты?

  7.  Бронников надзирательге не деп айқайлады,Бронников бала санасына қалай әсер етті?

  8.  Әкесін Сібірге алып бара жатқанда әке мен баланың арасын не жалғастырады?

 9. Рысқұлдың Сәлмен болыстан кетуіне не себеп болды?

 10. Сәлменнен кетіп,Жарасбайды паналағанда Рысқұл не тапты?Қандай қиянат көрді?

11. Сәлменге,Жарасбайға мінездеме бер.

12. Наталияға ,Аркадийге мінездеме бер.

13. Бронниковтың айдалып бара жатқан Рысқұлға берген қоштасу  белгісі бұлардың арасындағы қандай қарым-қатынасты ,сезімді білдіреді?

14. Әке мен бала арасындағы сүйіспеншілікті жазушы қалай суреттеген?

б)  Т.Рысқұловтың өмір жолы мен өсу жолдары жайлы әңгімелеу.

   Туған халқының жер бетінен жойылып кетпеуі үшін бел буып,саяси өмірге араласты.Халқы үшін  адал туған ұл бүкіл ғұмырын ұлт қамқоры болуға арнады.

 

Т.Рысқұловтың өмір жолы мен өсу жолдарын мына кестедегі  жылдар арқылы көрсету.

Жылдар

                Болған оқиғалар

1894.26.12.

Алматы облысының Талғар ауданындағы Бесағашта дүниеге келген.

1907-1910ж

Меркедегі туыстарына барады.Орыс-қазақ бастауыш мектебінде оқып,оны үздік бітіріп шықты.

1910-1914 ж

Бішкектегі І дәрежелі ауыл шаруашылығы мектебін тәмамдайды.

1915 ж

Ташкеттегі мұғалімдер институтына түседі.

1916ж

Ұлт-азаттық көтерілісі басталып,оған қатысады.

1918 ж

21 жаста Түркістан республикасында аштықпен күрес орталық комиссиясының төрағасы болады.

1924ж

Моңғолияға өкіл етіп жібереді.

1932-1933 ж

Қазақ халқының жер бетінен жойылып кетпеуі үшін бел буып күресті.

1943 ж

Өмірден өтеді.

 

в) Сахна төрінде «Ақылды Тұрар» драмасы.

( «Тұтқын бала» әңгімесінен сахналық көрініс)

г) «Венн диаграммасы» бойынша оқушылардың салыстыруы,жинақтауы.

Салыстырмалы мінездеме (интерактивті тақтада)

Бала Тұрар

Ортақ

Тұрар Рысқұлов

Аңғал,қиялшыл,

жасқаншақ,зерек,алғыр.

Сенгіш,ұстамды,әкесін жақсы көреді.Өмір әділетсіздігін сезеді,бірақ күресуге дәрмен жоқ..

1.Білімге деген құштарлығы.

2.Әкеге деген құрмет.

3.Туған елге деген сүйіспеншілігі

Білімді.

Қайраткер.

Төраға.

«Қызыл жебе»

Азаттық үшін күрескер,халық қамқоршысы,адамзаттың ұлы.

 

ІV. Бекіту. Сөзжұмбақ.

 

 

 

 

 

 

 

Т

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұ

 

 

 

 

Т

 

 

 

 

 

 

 

 

Қ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ы

 

 

 

 

 

 

 

 

Н

 

 

 

 

 

 

Б

 

 

 

 

 

 

 

 

А

 

 

 

 

 

 

 

 

Л

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

А

 

 

 

                                                                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Патшалық Ресейде арнаулы бір облыстың бастығы қалай аталған?

2. Тұрардың әкесінің есімі.

3. Айбар мырзаның баласының есімі.

4. Тұрардың бүркеншек ф

амилиясы.

5. Тұрардың нағашы жұртының ауылы қалай аталған?

6. Меркедегі орыс-мұсылман мектебінің меңгерушісінің есімі.

7. Меркедегі мұсылман пәнінің мұғалімі.

8. Революцияға дейінгі Ресейдегі орта дәрежелі оқу орны.

9. Ш.Мұртазаның Т.Рысқұлов өмірімен байланысты драмасы.

10. Кеңсе жұмыстарын жүргізуші.

V. Үйге тапсырма беру.

   «Әке көрген оқ жонар», «Жақсы бала жеткізеді мұратқа» деген тақырыптардың бірін Т.Рысқұлов өмірімен байланыстырып шығарма жазу.

VІ. Оқушыларды бағалау.

VІІ. Қорытынды.

     Шерхан Мұртаза Тұрар бейнесі арқылы қарама-қайшылыққа тұнған қазақ халқының тарихындағы ең ауыр кезеңін баян етті және оны шынайы суреттей білді.Олай болса,Т.Рысқұлов туралы әлі де айтар сөз көп.

  «Атадан асыл ұл туса,

    Елінің қамын жейді.

   Атадан жаман ұл туса,

   Елінің малын жейді» демекші,Тұрар Рысқұловтай адамзаттың ұлы, халықтың қамын ойлайтын қайраткер бола біліңіздер.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения