Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
07.05.2014
0
1146
0

Оқу үрдісін Назарбаев зияткерлік мектептерінің деңгейінде ұйымдастыру - заман талабы

Талдықорған  қаласы 

№9  орта  мектеп

Директордың оқу-әдістемелік орынбасары

Ақшолақова Ғалия Молдағалиқызы

Оқу  үрдісін Назарбаев зияткерлік  мектептерінің деңгейінде ұйымдастыру - заман  талабы

Елбасының «Қазақстан дағдарыстан кейінгі әлемде:болашаққа зияткерлік серпін» тақырыбындағы дәрісінде: «Ұлттық интеллектің діңгегін, Қазақстанның зияткерлік элитасын тәрбиелеудің іргетасы болуға қабілетті мектептер құру қажет» деп атап өтсе, “Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ” атты  Жолдауда”  дамыған елдердегідей сапалы білім беру жүйесін жақсарту қажет екенін атап көрсете келе, жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керектігін айтқан еді.

     Мемлекет басшысы қойған міндеттерді орындау үшін оқушының мүмкіндігін барынша аша алатын, оқушының қызығушылығын, икемділігі мен қабілеттілігін толықтай есепке алуға жағдай құра алатын жаратылыстану-математикалық бағыттағы білім беру бағдарламаларын іске асыратын зияткерлік мектептер жүйесінің  бағытында  жұмыс  жасау  бүгінгі  күннің талабы  болып  отыр.

    Осыған орай, №9 орта мектеп ұжымы 2011-2012 оқу жылының сәуір айынан бастап Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне тірек мектебінің алаңы негізінде, мектептің даму бағдарлмасының ІІІ-кезеңі бойынша электронды оқыту жүйесіне көшу жұмыстарын бастаса, өткен оқу жылының мамыр айынан бастап, Назарбаев Зияткерлік мектебінің тірек мектебінің даму бағдарламасы  аясында  қызмет атқарып келеді. Осы мақсатта біздің мектебіміз, тірек мектебі ретінде Назарбаев зияткерлік мектебінің іс-тәжірбесін зерделеп, оқу үрдісіне енгізіп отыр. Кембридж университетінің оқыту әдістемесі бойынша деңгейлік білім жетідіру курстарынан өткен ұстаздарымыз бүгінде білім берудің жаңаша әдіс-тәсілдерін  іс-тәжиірбеде қолданып отыр.

   Сондай-ақ  Ұлыбританяның астанасы Лондон қаласында халықаралық білім жетілдіру курстарынан өткен әріптестеріміз ағылшын мектептеріндегі жақсы үрдістерді үйреніп, оны оқу үрдісіне енгізіп жатыр. Атап айтқанда, көркем әдебиеттен гөрі ғаламторға көбірек көңіл бөлетін жас жеткіншектерімізді туған халқының, қала берді әлем әдебиеті үлгілерімен таныстыру мақсатында мектебімізде  күн сайын  сабақ арасында 10 минуттық әдеби оқулар ұйымдастырылады.Сонымен бірге оқушылардың функциолналдық сауаттылығын арттыру мен зияткерлік қабілетін арттыру мақсатында «Тәрбие тағылымы» айдарымен 15 минуттық сыныптан тыс тәрбиелік іс-шаралар өткізіледі.

     Елбасымыз өз Жолдауында «Мектеп түлектері қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білуі  тиіс» деген еді. Соған орай «Көптілділік- болашақ кепілі» атты жоба әзірленіп, соған сәйкес оқу үрдісінде үш тілде кіріктірілген сабақтар өткізіліп, оқушыларға тіл мәдениетін  дамыту мен  үштілділік  үйлесімін қалыптастыру мақсатында түрлі іс-шаралар   жүргізілуде.

     Сондай-ақ мемлекет басшысы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көп көңіл бөлу керектігін атап көрсеткен болатын. Біз «Жетімін жылатпаған, жарымжанды жолда тастамаған» текті елдің ұрпағы ретінде «Біз бәріміз біргеміз!»атты жобаны қолға алып, қаламыздағы «Айналайын» балалар үйіндегі аялы алақан мен мейірімге зәру балаларға қолдау білдіру мақсатында білім, спорт, мәдениет бағыттары бойынша бірлескен жұмыстар жүргізіп жатыр.

      Елбасы: «Бабалар ерлігі, бүгінгі ұрпақтың ерен еңбегі мен келер ұрпақтың арасында сабақтасытқ болғанда ғана Мәңгілік Ел боламыз» деген еді. Осы мақсатта облыс әкіміннің қолдауымен жүзеге асып отырған «Ата-баба дәстүрі-ұрпаққа аманат» бағдарламасы бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

   Сонымен бірге, Елбасының еліміздің болашағы, дарынды жастарға үлкен қолдау көрсетіп отырған баршаға белгілі. Біздің мектебімізде де дарынды балаларды қолдау мақсатында «Жас ғалым» ғылыми орталығы  жұмыс істейді.

   Ғылыми орталық 50-ге жуық оқушы мүше. Биылғы жылы 8 оқушымыз халықаралық ғылыми байқауға қатысуға мүмкіндік алса, 4 оқушымыз Мәскеу қаласында өткен халықаралық «Компьютерлік физика» байқауында жүлделі 2-3 орындар иеленді.Қалған 4 оқушымыз Байқоңыр  қаласында өтетін халықаралық байқауға дайындық жасауда.

    Талдықорған  қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебімен қызметтестік мақсатта  тығыз  жұмыс  жасау  барысында зияткерлік  мектептің  іс-тәжірибесін  насихаттау  мақсатында  бүгінгі  күнде 1 республикалық, 2 облыстық және  2 қалалық  семинар  өткізілсе, әріптестік- желілік  қоғамдастық  негізінде қаламыздағы №25, №20,№11, №10 мектептермен,сондай-ақ  Көксу  ауданындағы  қазақ гимназиясының  мұғалімдеріне «Мектептегі оқу үрдісіне «Н.Назарбаев  зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының іс-тәжірибесін енгізе отырып, жаңа көзқарас тұрғысында ұйымдастыру» атты іс-тәжірибе  алмасу семинары және «Lesson Study», «Оқыту және оқыуды бағалау», «Бағалау жүйесіндегі жаңа серпін-критериалды бағалау» атты коучинг-сессиялар  өткізілді.

     Еліміздің білім  беру  жүйесін, әсіресе, жалпы орта  білім беруді әлемдік  деңгейге  жеткізуде Назарбаев  зияткерлік  мектептерінің ролі ерекше. Бүгінгі күннің өзінде аталған зияткерлік мектептің іс-тәжірибесін енгізген мектебімізде білім сапасының артуы, оқушылардың ғылыми ізденіс әрекетінің ілгерлеуі- осының дәлелі. Еліміздің білім көгжиегіндегі Назарбаев зияткерлік мектептерінің жұмысына ұжым атынан табыс тілейміз.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения