Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
07.05.2014
0
1721
1

Сабақ жоспарын жазуда қойылатын талаптар

Талдықорған  қаласы 

№9  орта  мектеп

Директордың оқу-әдістемелік орынбасары

Ақшолақова Ғалия Молдағалиқызы

Сабақ жоспарын жазуда  қойылатын талаптар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Берілетін жаңа тақырыппен таныстыру, қолдануды 

                    үйрету,  мазмұнын білгізу, жатқа айту мәнерін үйрету,  

                    есеп шығару жолдарын меңгерту,  формулаларды  

                    қолдана білуге үйрету, білімін кеңейту, алған білім  

                    жинақтау,  мазмұндауға  үйрету, қызығушылығын  

                    арттыру арқылы дүниетанымын кеңейту, ойын толық  

                    жеткізуге үйрету, ойын жүйелі жеткізуге үйрету, әдемі 

                     жазуға  үйрету, шығармашылыққа баулу.

Дамытушылық: мәнерлеп оқуын дамыту, сауатты жазуын                   

                            дамыту, сөйлеу мәнерін дамыту, оқушылар       

                           алдында сөйлеу қабілетін  дамыту, логикалық 

                           ойлауын дамыту, сөздік қорын дамыту, салыстыра  

                           білу қабілетін дамыту,  терең ойлау қабілетін  

                           дамыту, есте сақтау  қабілетін дамыту, танымдық  

                          белсенділігін дамыту, ауызша есептеу қабілетін 

                           дамыту.

Тәрбиелік : Елжандылыққа (патриоттыққа) тәрбиелеу, адалдыққа,   

                    еңбекқорлыққа, адамгершілікке, тілдік-эстетикалық                 

                    сезімдерін жетілдіруге, жұмыс істеуге                         

                    қабілеттілікке, шыдамдылыққа, ұқыптылыққа, бастаған      

                    ісін аяқтауға, айтқан сөзінде тұруға, ерлікке, ана тілін  

                    құрметтеуге, мемлекеттік тілді құрметтеуге, 

                    ұйымшылдыққа, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.

                           

Сабақтың түрі:   аралас сабақ

 

Көрнекілік: үлестірмелі карточкалар,  перфакарта, электрондық оқулық, сурет, портрет, сызба-нұсқа, естелік, интер-активті тақта, проекциялық аппарат, карта, глобус

 

Пән аралық байланыс: әдебиет, тарих, география, ән-күй, бейнелеу

 

Сабақтың барысы:

 

  1. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындату, сыныпты сабаққа дайындау (2-3 минут)
  2. Үй тапсырмасын тексеру: тікелей үйге берілген тапсырманың орындалуын тексеру. Өтілген тақырып бойынша сұрақ-жауап жүргізу. (Үй тапсырмасын сұрауды түрлендіру мұғалімнің әдістемесіне байланысты)
  3. Білімді жан-жақты тексеру: бұрын өтілген тақырыптардың барлығын жан-жақты қайталап өту. Әдісі: сұрақ-жауап, жазбаша түрде, тест тапсырмаларын ұсыну.
  4. Жаңа білімді меңгертуге дайындық: бүгінгі жаңа сабаққа байланысты оқушылардың бұрынырақ білетіндерін еске түсіру немесе соған ұқсас тақырыптарды еске түсіру.
  5. Жаңа білімді меңгерту: жаңа білім төңірегінде толық мағлұмат беру (сабақтың білімділік мақсаты қамтылу керек).
  6. Жаңа білімді меңгеру деңгейін тексеру: жаңа сабақ бойынша жаттығулар жазғызу, есептер шығарту, оқытып әңгімелету. Қаншалықты түсініп, қолдана алатындығын байқау.
  7. Бекіту, бағалау: жаңа сабақтан алған білімдерін нақтылау, бекіту, бағалау.
  8. Үй тапсырмасын беру: 1 – 8 сыныптарда міндетті түрде үй тапсырмасының   орындалу жолын айтып кеткен жөн. 
Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения