Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:Украина
Регион:Харьков
06.05.2014
0
1776
1

Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының салт-дәстүрлері, тойлары.

Казахстан, г. Астана

Средняя школа №25

Учитель казахского языка

Сулейменова Айтбала Ашимовна

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Қазақ халқының салт-дәстүрлері, тақырыбы бойынша оқушылардің білімдерін пысықтау, сауатты сөйлеуге дағдыландыру, өмірмен байланыстыру.
  2. Дамытушылық: Оқушшылардың танымдық қасиетін дамыту, ауызекі тілде еркін сөйлеуге үйрету, ой-өрініс кеңейту, тілдік қорын байыту.
  3. Тәрбиелік: Оқушыларды қазақ халқының салт-дәстүрі арқылы, адамгершілікке, отбасын құрметтеуге шақыру. Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу.
  4. Көрнекілік: Салт-дәстүрлер көрсетілетін суреттер көрмесі, ойыншық бесік, қуыршақ, дөнгелек үстел, ала жіп.
  5. Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
  6. Сабақтың әдістері: Баяндау, ойландыру, түсіндіру, көрсету, әңгімелеу.

 Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Тұрғызу.

ә) Отырғызу.

б) Кезекшімен әңгіме.

Бүгін кім кезекші?  Сыныпта кім жоқ? Бүгін нешесі? Аптаның қай күні?

  1. Жаңа сабақ.

Мұғалімнің сөзі: Қазақ халқының салт-дәстүрлері бала тәрбиесіне соның ішінде балаға жан-жақты тіл үйрету мен ақыл ойын өсіруге еңбек пен адамгершілікке, ізгілікке жетелеу болып табылады. Сабақты «Бала тәрбиесі бесіктен», «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген қанатты сөздерден бастаймын. Қазақ халқы қонақжай халық. Үйімізге кім келсе де қарсы алып, ылтипат көрсетеміз.  Балалар, сендер осы «қонақжайлылық» деген сөзді қалай түсінесіңдер:

1-оқушы: Қонақжайлылық – қазақ ұлтына тән жақсы қасиеттердің бірі. Ол туралы көптеген аңыздар бар. Қонақты төрге отырғызады. Қыз бала төрге отырса, байлық келеді деп есептеледі. Бұл қыз балаға деген құрметтің белгісі.

Қазақ халқында не көп, той көп. Осы «той» деген сөзді қалай түсінесіңдер ?

2-оқушы: Той - адамдардың басын қосатын қуаныш. Тойға көп адам жиналады. Олар сәнді киім киіп келеді. Тойда тамаша әнгімелер айтылады, көп бата беріледі. Жастар үлкендерден өнеге алады.

Дұрыс айтасың тойға көп адам жиналып, жақсы тілектер айтылады. Қонақтар ән салады, би билейді. Той көңілді өтеді. Тағыда осы «той» туралы кім не біледі ?

3 – оқушы: Тойға өнерпаздарды шақырады. Адамдар олардың өнерін тамашалайды. Той нелері оларға  құрмет көрсетеді. Тойға келген адамдарға мерекелік дастарқан жаяды. Тойда «Құтты болсын!»  деген тілек айтады. Кім қандай тойда болды?

4 – оқушы: Жазда біздің үйде үлкен той болды. Менің ағам үйленді. Тойға көп адам жиналды. Олар жақсы тілектер айтты, өлең айтып, би биледі. Біз қонақтарды жақсы қарсы алдық. Той жақсы өтті.

Қазақ халқы , салт-дәстүрге бай халық. Жас балаларға арналған той-домалақ да өте көп: Шілдехана – жас нәрестенің туған күніне арналған той. Осы той туралы кім айтып береді?

5 – оқушы: Сәби дүниеге келгенде шілдехана тойы жасалады. Оған көп адам жиналады. Олар: «Балаңыздың бауы берік болсын!» - дейді. Қонақтар домбыра тартып, жарысады. Кейде шілдехана үш күнде созылады.

Дұрыс айтасың, сөйтіп шілдехана дегеніміз өмірге адам келгенін және оған қуанудың бір белгісі: Осы баланы, жаңа туған нәрестені қазақтар бесікке салады. Енді осы «бесікке салу» дәстүрін көрсетейік.

Бесік тойы: «Укладывание в колыбель» . Ортада бесіктің қасында әже отырады. Анасы сәбиді әжеге береді. Әже: «Алас, алас деп аластап, баланы бесікке салады». Әже: «Бала бесікке жатса, ұйқысы жақсы, тыныш болады, шошынбайды. Бесік деген киелі. Осы бесіктен талай адамдар өсіп – өнген» - деп бесік жырын айтады.

Бесік жыры:

Әлди, әлди ақ бөпем,

Ақ бесікке жат бөпем.

Тербетейін жата ғой,

Тәтті ұйқыға бата ғой.

 

Баланың анасы әжеге рахмет айтып, сыйлық береді.

Мұғалімнің сөзі: Балалар, біз ананың әлдиін естіп аялы  алақанын сезініп өскен ұрпақпыз. Бойымызға сіңірген әдет – ғұрпымызбен еліміздің саналы ұлы мен қызы болайық.

Осы сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырын бар. Оны не дейді? Кім айтып береді:

6 – оқушы: Тұсау кесер. Перерезание пут.

Жас сәби жүре бастайды. Ата – анасы туыстарын, көршілерін шақырады. Бұл – тұсау кесер немесе тұсау кесу тойы. Тойда тұсаукесер жырын айтады:

Қаз – қаз, балам, қаз, балам,

Қадам бассаң, мәз болам.

Күрмеуіңді шешейін,

Тұсауыңды кесейін.

 

«Тұсау кесу» дәстүрін көрсетеді.

Бала өсіп жеті жасқа толып мектепке баратын болды. Осы кезде ата -анасы қандай той жасайды? Кім айтады?

7 – оқушы: Тілашар. Праздник первоклассника.

Бала жеті жасқа толады. Ата – анасы баланы мектепке береді. Баланың оқуға баруы – үлкен қуаныш. Сондықтан ата – анасы «Тілашар» тойын жасайды. Тойға туыстар, көршілер жиналады. Олар «Құтты болсын!» дейді. Балаға әжелер, аталар бата береді.

Ақылды бол, дана бол,

Адасқанға  пана бол.

Жақсыны мақта,

Нашарды жақта,

Момынды сыйла!

 

Осы тойлардың бәріне жасалатын тағы бір ырым бар.

Оны «шашу» дейді. Осы шашу туралы не білесіңдер?

8 – оқушы: Шашу – қуанышты білдіреді.

Тойда әжелер үлкен табаққа ірімшік, құрт кәмпит, теңге салады. Оларды адамдарға шашады. Осылай жақсылық тілегенін білдіреді. Тойдағы үлкендер мен балалар шашуды теріп алады.

Мұғалімнің сөзі: Балалар қазір қай жыл мезгілі? Көктем. Көктемде қандай мерекелер бар? 8 – наурыз, 22 – наурыз. Наурыз қандай мереке?

9 – оқушы: Наурыз (март) – көктемнің бірінші айы. Бұл ай парсы тілінен аударғанда «жаңа күн» деген сөз. Наурыз – жыл басы. Қазақ халқы бұл күнді «Ұлыстың ұлы күні» дейді. Наурызды жақсы тілекпен тойлайды. Наурыз көже жасайды. Көжеге жеті түрлі дәм салады: бидай, тары, ет, құрт, тұз, су.

Наурыз туралы тағы не білесіңдер?

10 – оқушы: Наурыз – жыл басы. Бұл мереке табиғат пен адамның үндестігін көрсетеді. Наурыз мейрамы – Ұлыстың ұлы күні. 22 Наурызда күн мен түн теңеледі: Халық мерекеге дайындалады. Олар бұлақтарды тазартады, ағаш отырғызады. Әжелер, аналар дәмді тағамдар пісіреді. Дастарқанның басты тағамы – наурызкөже. Мерекеде жастар ән салады, би билейді. Үлкен кісілер бата береді. Наурыз туралы қандай тақпақ білесіңдер?

11 – оқушы: Наурыз.

Көктем басы – Наурыз,

Той – мереке сәніміз.

Көктем келіп,

Мал төлдеп,

Уыз іштік бәріміз.

Ұлы күні ұлыстың,

Күн мен түнді теңеген,

Таттық наурыз көжеден.

 

12 – оқушы: Наурыз.

 

Кел, балалар, ойнайық,

Наурыз тойын тойлайық.

Наурыз келді тамаша,

Ән айтайық таласа.

 

13 – оқушы: Наурыз көже.

Наурыз тойын әдемі,

Әжем еске түсірді.

Біздерге арнап әдейі,

Наурыз көже пісірді.

 

Ашылды да кебеже,

Дәм әзірлеу басталды.

Әжем наурыз көжеге

Жеті түрлі ас салды.

 

Бидай, күріш, тары бар,

Бар сүт ет пен шұжығы.

Ашы құрты тағы бар,

Көже елдің ырзығы.

 

Жаңа сендер айтып кеттіңдер тойдан кейін бата беріледі деп. Батаны кім береді, батада не тілейді? Кім айтады?

14 – оқушы: Бата беру – қазақ халқының ежелгі дәстүрі. Жасы үлкен қадірлі кісілер тойда, қонақта бата береді. Әр тойдың өз батасы болады. Наурыз мерекесіне де бата беріледі. Батада жақсылық, ынтымақ, бірлік, құт-береке тілейді.

 

14 – оқушы. Бата береді.

 

Асқа толсын табағың,

Ашық болсын қабағың!

Ұлысың оң болсын,

Ақ мол болсын

Қайда барсаң, жол болсын!

 

ІІІ. Бекіту. Сөйтіп, балалар, қазақ халқында той көп екен. Қазақтың салт – дәстүрі, әдет – ғұрыптары адамгершілікке, жақсылыққа жетелейді екен. Осы тақырып бойынша мына сұрақтарға түсініп жауап беруге тырысыңдар.

 

1) Сәби дүниеге келгенде қандай той жасалады? (шілдехана).

2) Мына суретке қараңдар, бұл қандай той? (бесік тойы).

3) Тұсау кесер тойы қашан жасалады? (бала бір жасқа толғанда).

4) Бала алғаш мектепке барғанда қандай той жасалады? (тілашар).

5) Тойға не шашады? (шашу).

6) Наурыз қашан тойланады? (көктемде).

7) Тойларда батаны кім береді? (жасы үлкен ер адамдар).

 

VIII. Білімдерін бағалау.

Ән: «Наурыз».

 

IX. Үйге тапсырма:

«Халқымның салт – дәстүрі» тақырыбына шағарма жазып келу.

 

X. Сабақты қорыту.

Осымен балалар, қазақ халқының салт – дәстүрлері тақырыбын аяқтаймыз. Біздің қазақ халқының салт – дәстүрлері адамгершілікке, үлкенді сыйлайтын, елін, халқын. Отанын сүйетін  патриоттарды тәрбиелейді. Еліміз аман, халқымыз тыныш болсын. Салт – дәстүрімізді берік сақтайық.  Отанымыздың адал ұлы мен қызы болайық.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения