Александр
Должность:не указана
Группа:Команда портала
Страна:Харьков
Регион:не указан
06.05.2014
0
1155
0

Ахмет Байтұрсынұлы «Иттің достығы» мысалы

Казахстан, г. Актобе
Средняя школа-лицей №23
Учитель казахского языка и литературы
Танжарыкова  Венера Жумамуратовна

Ахмет Байтұрсынұлы

«Иттің достығы» мысалы

Сабақтың мақсаты: 1. Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығымен танысу.

                                      Шығарманың мазмұнын меңгерту, көркемдік ерекшелігін, идеялық 

                                      мазмұнын  ашу, өзіндік ой қорытуға бағыттау.

                                   2. Балаларды өз ойын еркін айтуға, жазуғадағдыландыру,

                                       шығармашылық қабілетін  дамыту.

                                   3. Мысал арқылы оқушыларды адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сын тұрғасынан ойлау сабағы.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау

Сабақтың көрнекілігі: А. Байтұрсыновтың портреті, слайдтар

 

 

 

Сабақтың барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі

А)Сәлемдесу

ә)Оқушыларды түгендеу

2.Сабақтың тақырыбын және мақсатын қою кезеңі

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлының  «Иттің достығы» мысалы

Сабақтың басты мақсаты:

Мысалдың сюжетімен тереңірек танысып, шығарманың негізгі идеясын ашу.

3. Үй тапсырмасын тексеру

Тест

1.Ж.Аймауытов нешінші жылы дүниеге келген?

   А)1889             ә) 1931           б) 1904

2. Ж.Аймауытов 1924-1926 жылдары қай газеттің бас редакторы болып жұмыс істеді?

а) “Қазақ”  ә) “Абай”       б) “Ақ жол”

3. Жазушы қай қаладағы педагогикалық техникумының  директоры болған?

А)Ақтөбе   ә) Шымкент         б) Алматы

4. “Қартқожа”ромнында неше жастағы жігіттерді солдатқа алмақ болды?

А) 14-28ж.  ә) 19-31ж.    б)17-36ж.

5. Қартқожа нені армандады?

А) солдатқа баруды          ә) үйленуді   б) оқуды

 Жауаптар

  1. Б
  2. Ә
  3. Ә
  4. А
  5. Б

4. Жаңа тақырып

Сабақтың эпиграфы:

                                            Адамдық диқаншысы қырға шықтым

                                            Көл жоқ, көгалы жоқ- қорға шықтым.

                                            Тұқымын адамдықтың шаштым   ектім,                 

                                            Көңілін көгертуге құл халықтың.                                                                            

                              

                                                                                                    А. Байтұрсынов

 

 

 А) Ақынның өмірбаяны

 
   

 

 

 

  • Қазақ халқының осындай біртуар азаматы қазіргі Қостанай облысы, Торғай атырабындағы, Сартүбек деген жерде ел арасында беделді, қайратты кісі Шошақұлы Байтұрсын шаңырағында 1973 жылы 18 қаңтарда дүниеге келген. Қалың қазақ ортасы, қаймағы бұзылмаған сахара тұрмысы табиғатынан дарынды туған баланың  сезім дүниесін, ой әлемін тербеп, толқытады. Әділетсіз өмірдің улы зары бала жүрегін он үшінде жаралайды. Әкесі Байтұрсын мен оның інісі Ақтас аулына келіп кедей шаруаның басына қамшы үйіре берген орыс оязының  озбырлығына  шыдамай, 1885 жылы 12 қазанда ояз бастығы полковник Яковлевтің басын жарып жібереді. Мұның арты – дүние- мүлікті тартып алу, түрме, абақты, Сібірге 15 жылға жер аударылу.
  • Табиғатынан аса дарынды туған талапты бала Ахмет 1882- 84 ж. әуелі  көзі қарақты адамдардан өз үйінде хат танып, артынан жақын жердегі ауыл мектебінен сауат ашады да, 1886- 1891 ж. Орынбордағы мұғалімдік мектепте оқып, білім алады. 1895 ж. 1 маусымнан бастап мұғалім болады. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы атырабында бала оқытады, өмір, тіршілік күресіне араласады, әділет үшін  күреседі, жуандарға, байларға қарсылық білдіреді, патшаның отаршылық саясатын айыптайды. 1901 жылдан бастап қолы бос кездерде өзі ізденіп, сан алуан, кітаптар оқиды, әдебиетпен айналысады, оқу құралдарын жасайды, өлең – жыр тудырады, фольлор нұсқаларын жинайды. Ел ішінде жас, оқыған, еркін мінезді батыл ойшыл бедел- атағы өсе бастайды.

ә) А.Байтұрсынов туралы қосымша мәлімет

 

 

А. Байтұрсынұлы, Ә.Бөкейханов,                      А.Байтұрсынов пен  М. Дулатовқа қойылған М.Дулатов                                                             ескерткіш. Торғай.

 

 

 

“Қазақ”   газеті                                             1913-1918 жылдары А.Байтұрсынов тұрып,        

                                                                         “Қазақ” газетін шығарған үй.

 

 

 

 

    Еңбектерінің негізгілері

  1. “Тіл құралы”
  2. “Әдебиет танытқыш”
  3. “Балалар әліппесі”
  4.  “Қырық мысал” (Крылов мысалдарының  аудармалары)
  5.  “Маса” (өлеңдер  жинағы)
  6. Араб алфавиті негізінде жаңа қазақ жазуын жасады.

 

5. Шығармамен танысу

А)Мысал- сатиралық сипатта, көбіне аң, хайуанат, кейде зат туралы жазылып сол арқылы адам бойындағы мін, әлеуметтік ортадағы кемшілік күлкіге айналған идеясы астарсыз ашық, мазмұны бүкпелі шығарма.

ә)сөздік жұмысы

Әдет - привычка

Жомарттық, мырзалық – щедрость

Сарандық – жадность

Ділмар – оратор

Серт –клятва

б) мысалды  оқу

в) талдау

1.“Иттің достығы” мысалында қандай тақырып көтеріледі?

                                                                                         Татулық пен

                                                                                          Араздық

 

2.Иттердің сөзі мен ісі бір жерден шықты ма?

                                                   Өз сөздерінде

                                                     тұрған жоқ

 

3.“ Сүйектей арасына нәрсе түссе,    

    Иттерден олар артық таласады” деген қорытындының мәнін түсіндіріңдер.

4.

5. Жақсы дос қандай дос?

    Жаман дос қандай дос?

   Достық туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

    *Досы көппен сыйлас

     Досы азбен сырлас

 

   *Жаман дос көлеңке сияқты

    Басыңды күн шалса,

    Қашып құтыла алмайсың

    Басыңа бұлт төнсе,

    Іздеп таба алмайсың.

6. Досыңызға хат жазыңдар. Хатта бүгінгі тақырып қамтылатын болсын.

6.Қорытынды

1.Ахмет Байтұрсынов кім болған?

2.А.Байтұрсыновтың “Қырық мысал” деген кітабы қай жылы және қай жерде

   басылып шықты?

3.А. Байтұрсынов нешінші жылы қамауға алынды?

Ахмет Байтұрсынұлы туралы айшықты ойлар

“Ахмет Байтұрсынұлы- ұлттық тарихымызда ешкіммен салыстыруға болмайтын ерекше тұлға”

                                  Әбіш Кекілбаев

  … өзге оқыған  замандастары өз бастарының пайдасын ғана  іздеп, ар һәм имандарын сатып жүргенде, Ахмет халықтың   арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тіккен.

   Ахмет Байтұрсынұлы ұлтын шын сүйетін шын ұлтшыл.

                                  Сәкен Сейфуллин

7.Үйге тапсырма

Үзіндіні жаттау

 


Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения