Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:Украина
Регион:Харьков
01.05.2014
0
1116
0

«Сыр сандықты ашып қара, ашып қара, сырласым...»

Казахстан, Мангистауская область, г. Актау

ГУ "Общеобразовательная средняя школа №5 с гимназическими классами"

Учитель казахского языка и литературы

Дербисалина Ляззат Рахманбердиевна

Сабақтың мақсаты:

   Білімділік: Ұлы тұлға – Сәкеннің әдеби мұралары, қоғамдағы атқарған қызметтерін, халыққа жасаған игі істерін зерттей отырып, өз беттерімен іздете отырып, оның шығармаларының идеялық тақырыбын ашу, оны бағалай, қадірлей білуге үйрету.

  Дамытушылық: Оқушылардың Сәкен туралы білімдерін  ұштастыра отырып, ой – белсенділігін дамыту, шығармашылық ізденіске бағыттау, ізденімпаздық қасиеттерін арттыру, ой шеберлігін,сөйлеу мәдениетін жетілдіру, ой бөлісе отырып, ой – пікір, сөз еркіндігіне баулу.

  Тәрбиелік: Сәкеннің шығармаларын талдай отырып, оның халыққа істеген жақсылықтарын, қоғамдық қызметтерін айта отырып, ағамыздан үлгі алуға, өз Отанын, туған жерін, өлкесін, табиғатын қорғай білуге, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, адами қасиеттерге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сыныптан тыс сабақ ( пікір сайыс, ойталқы, шығармашылық сабақ).

Сабақтың көрнекілігі: Сәкеннің портреті, Сәкенге арналған көрме,  плакаттар, интерактивті тақта,сандық, қоржын.

Сабақтың әдіс – тәсілдері: сайыс, талдау, сұрақ – жауап, жинақтау, топтастыру.

Сабақтың  интеграциялық мүмкіндігі: Халық педагогикасы, шетел тілі, Қазақстан тарихы, география.

Сабақтың барысы:

1.  Ұйымдастыру кезеңі. ( Сабақтың барысын  түсіндіріп, сарапшылар тобын сайлау)

2.  Кіріспе бөлім:

Ой қозғау. (Оқушыларды алдын – ала психологиялық тұрғыда дайындау. Құрманғазының «Сарарқа»күйі ойналады).

Мұғалім:

-          Балалар, кімнің күйін тыңдадыңдар?

-          Сендерге қандай ой тастады?

-          Көз алдарыңызға не елестеді?

1- Оқушы: Құрманғазының «Сарыарқа» күйі ғой. Көңілімді тебірентіп жіберді. Кең байтақ, ұшы қиыры жоқ сары дала, яғни Сарыарқада үлкен той болып жатыр, сол тойда ат жарысы «Бәйге» өтіп жатыр. Құлағыма аттың дүбірі келгендей болды.

2 - Оқушы: Менің көз алдыма жаздың бір тамаша уақыты, ауылда тамаша үлкен той болып жатыр. Қыз – келіншектер, бала –шаға мәз – мәйрам болып, кезек- кезек киіз үйге кіріп, қуаныштарын бөлісуде. Ал ауыл жігіттері мен ақсақалдар тау етегінде «Көкпар» ойынын қызықтап отыр.

Мұғалім:

- Дұрыс айтасыздар. Бұл күй атасы Құрманғазының күйі «Сарыарқа». Осындай кең байтақ Сарыарқада қазақ халқының сырлы да, сазды, әуезді ақыны Сәкен Сейфуллин дүниеге келген.

   Бүгінгі сабағымыз да осы Сәкен ағамыз жайлы, Сәкен туралы сіздермен сыр шертісіп, ой бөлісеміз. Сәкен – ақын, Сәкен – жазушы, Сәкен – драматург деген тақырыптарға жеке ізденуге, өз беттеріңмен дайындалуға тапсырма бергенмін. Соны ортаға салайық.

 

 3.  Негізгі бөлім. Топтық жұмыс. 

(Әр топ өз аттарын мынадай тірек сызбалар, Венн диаграммалар арқылы қорғады.)

     1937 жылдың қанды қырғынына ұшыраған есіл ердің бірі – ақын және қоғам қайраткері Сәкен (шын аты Сәдуақас) 1894 жылы Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында дүниеге келген.

     Сәкен әкесі Сейфолла өз еңбегімен күн көрген, саятшы, домбырашы, ақ жарқын, әңгімешіл адам болса керек. Шешесі Жамал да ел әдебиетін жақсы білген. Осы орта Сәкеннің халық өміріне деген сезімінің оянуына көмектескен.

    Сәкеннің халық өнерімен танысу жолындағы алғашқы мектебі өзінің әкесі мен анасы болды. Сәкен өз өмірі туралы «Мен қалай жаздым?» деген мақаласында былай деді: «Әкем саятшы, домбырашы, аң аулағыш, ақ жарқын жайдары адам. Шешем әңгімені жақсы айтушы еді. Әкем мен шешемнің үлгісі бойынша  ел аузындағы әңгіме, қызықты ертегілерге мен де бой ұрып, қиялымды жүгіртуші едім.» Өнерлі әже мен ананың үлгісі жас Сәкенге  қатты әсер еткен. «Ұядан ұшарда не көрсең, соны ілесің» дейді халық даналығы. Сәкен де  ұяда, жанұяда халықтың бай мұрасына деген ілтипатқа ерте үйреніп, ақындық әлемге ден қойды. Оның қаламынан туған шығармалары да әр алуан тақырыптарды қамтиды.

 

І топ.     Сәкен – ақын.

 

                                   Әлеуметтік теңсіздік           

                                   (қазақ қыздарының                   Туған жер туралы

                                     теңсіздігі)                                   жырлары     

       
     
   
 

 


Өнер – білімге арналған                                                                                  Табиғат  лирикасы

өлеңдері                   

 

 

 

               Туған – туыс,                                                                                        Революцияға

         ана тілі тақырыбы                                                                                      дейінгі  жырлары

 

                                               Махаббат                               Революциядан кейінгі

                                              тақырыбы                                     жырлары

 

2- топ.    Сәкен – жазушы.

      Сәкен жастайынан ән салып, өлең шығарып, өнерге әуестенумен бірге, саяси тартысқа да ерте араласты. Қазан төңкерісінің  от жалынына өртене жүріп, «Аққудың айрылысуы», «Көкшетау», «Қызыл ат» секілді поэмалар, «Қыр балалары», «Жер қазғандар» атты хикаяттар, «Тар жол, тайғақ кешу» романын жазды. Асқақ та, әсем сазды әндер шығарды. Сәкен өз шығармаларында ерлікті, сұлулықты, адамдықты жырлады.

       
 

«Жемістер» повесінде 1919-1935 жылдары қазақ даласында болған ащы – тұщы өзгерістердің шынайылығы суреттеледі.

 

 
 

«Айша» - қазақ әйелінің күрескерлік жолын  суреттейтін әңгіме. 1935 жылы жазылған. 

 
 

 

 


 

 

 

 

 

 

Сәкен - жазушы

 

 



«Тар жол, тайғақ кешу» романы – кешегі дауылды кезеңнің бейнесін бар бояу – нәрімен кейінгі ұрпаққа жеткізген деректі, мемуарлық кең тынысты шығарма.

 

 
 

«Жер қазғандар» повесі 1937 жылы жазылған қазақ әдебиетінде жұмысшылар өмірін суреттеген алғашқы шығармасы.

 

  

 

 

 

 


3-топ.   Сәкен – драматург

 

       
   

1917

Бақыт жолында

  
 

Жағымды кейіпкерлер                                                Жағымсыз кейіпкерлер

1) Жәмила балаларының бақытын                                 1) Терлікбай мал табуды көздеген

жақтаған ана.                                                                    қатігез әке.

2) Ермек оқыған жігіт,                                                     2) Сәрсен ауыл адамы, Терлікбайдың

Мүслиманың ағасы.                                                         қол шоқпары.

3) Мүслима өз бақыты үшін                                           3) Болыс Нөкербай өз малына

күрескен қазақ қызы.                                                      сенген адам.

4) Біржан орысша оқыған, өз бақыты үшін                  4) Қалпе ақша мал табуды көздеген

күрескен қазақ жігіті.                                                      молла.

5) Жұман және Біржанның жолдастары.                      5) Би – болыстың қол шоқпары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Топтың барлық мұшелері сөз алып, қысқаша өз тақырыптарынан мағлұмат береді.

4) Әуезді әуен жарысы ( музыкалық пауза)

 

 

 

Сәкен – композитор, тамаша сазгер тақырыбы бойынша бір әнді нақышына келтіріп орындап беру.

4.  Бәйге жарысы.

    Қоржын мен асықты, сандықты көрсетіп, не үшін қолданған? Қазір қолдана ма? Асықты  ойнау неге үйретеді? деген сияқты бірнеше сұрақтарға жауап алған соң, топ басшыларын  ортаға шақырып қоржыннан нөмірленген асық алғызып, сол бойынша сандықтан сұрақтарын алғызамын.

1 – сұрақ: Сәкен өндірісті, әр мамандықты тұңғыш жырлаған ақын. Осы тақырыпқа арналған Сәкеннің қандай  өлеңдерін білесіңдер?

Жауабы: «Баспахана» 1927ж, «Тоқу фабрикасы» 1929, «Сырлаушылар жыры»1929, «Қалаушылар жыры»1930.

2- сұрақ: Сәкеннің қандай шығармасы бойынша көркем фильм түсірілді?

Жауабы: «Бандыны қуған Хамит» повесі бойынша «Дала қуғыны» көркем фильмі.

3 – сұрақ: Ақын –жазушылардың ішінде тұңғыш рет Сәкен қай жылы үлкен марапатқа ие болды?

Жауабы: 1936 жылы, Еңбек Қызыл Ту ордені.

4 - сұрақ: Сәкеннің көзі тірісінде әдеби қызметіне неше жылдық мерекесі тойланды? Қай жылы?

Жауабы: 1936 жылы, 20 жылдық мерей тойы.

5 – сұрақ: Сәкен өмірі мен шығармашылығын кімдер зерттеді?

Жауабы: Серік Қирабаев, Сәбит Мұқанов, Тұрсынбек Кәкішев

6 – сұрақ: Сәкеннің туған ауылы қалай аталады?

Жауабы: Қарашілік (Ақадыр кентінің қасында)

 

5. Полиглот.

                                    «Жас қазақ марсельезасы»

1. ... жүнжіме жүрме бос.

(Азамат) (орысша – гражданин. Ағылшынша – comrade)

2. ... ұстап бірігіп, ... қос.

(қол – орысша –рука, ағыл. – hand)

( тізе – орысша – колено, ағыл. –knee)

3. «Сыр сандық»

Шыр айналар Шіркін ... (тауық, орыс – курица, ағылш. – hen)

Жемің болса қолыңда.

4. «Қамаудан»

Тас үйдегі тұтқынды, аяған ... (адам) жоқ болды.( орысша – человек, ағылш. – man)

5. «Тұлпар»

Бұралған өзен, ... (орманмен – орысша – лес, ағылш. – wood)

Зеңгір ... (таумен) белменен (орысша – гора, ағылш. – mountain)

6.  «Жас қазақ марсельезасы»

       ...  ұстап дұшпанға барайық,

   Теңдіктің ұранын салайық. ( ту- флаг -               )

7. «Сыр сандық»

Сыр ... ашып қара.

Ашып қара сырласым.    ( сандықты – сундук -        )

8. «Аққудың айрылуы»

Арқада бір ... бар еді,

Жібек самал саясы:

Саяда бір ... бар еді

Сырлы кесе аясы.   ( жер – земля -               ); (көл – озеро -      )

9. Айна көлді мекен еткен,

Бір –екі  ...  бар еді.

Мақсұтына бірге жеткен,

Екі ғашық жар еді.   (аққу – лебедь -         )

 

6. Суреттеу стратегиясы.

                 «Сұлулықтың  символы – Сәкен ақын.»

Портрет дегеніміз: Көркем әдебиетте адамның сырт бітімін, кескін – кейпін, жүріс – тұрысын суреттеу.

 

Топтастыру

( әр топ өзінше топтастырды)

 

1 – топ.

                   Ұзын бойлы                    Ат жақты                      Бұйра шашты

 

 

    Кең маңдайлы                               Сәкен                                       Кең иықты

 

 

                                Бота көзді                               Оймақ ауыз

 

 

2 – топ

                           Ақ құба                Ойлы көзді                    Жау қабақ 

 


        Кең жауырынды                        Сәкен                          Қыр мұрынды

       
       

                                   Толқын шашты                   Сымбатты денелі  

3- топ

(Біз ауызша суреттеп берейікші)

            Суретіне қарап отырып, сұлулықтың періштесі дегіміз келеді. Оның шығармаларын еске түсіре отырып, сыртқы тұлғасына ішкі жан дүниесі сай, ақ көңіл,кең пейілді, өтірік айтуды білмейтін, айтқан бетінен қайтпайтын қайсар, бір беткей жан екеніне шүбә келтірмейміз. Оқты көзіне қарап, өзі өмір сүріп отырған ортаға риза емес, әлде болса бітпей қалған шаруаларына алаңдауда. Отырған отырысына, көз тартар келбетіне қарап  «біздің қазақтың жігіттері осындай» деп мақтанып, кеуде қағуымызға тұрарлық.

 7.  Поэзия минуты. ( Мәнерлеп оқу жарысы)

                       Сәкеннің «Сыр сандық» өлеңі.

8.   Ой толғау.

1) Бүгінгі сабақ туралы ойларың қандай?

2) не түсіндің?

3) Не білдің?

4) Не білгің келеді?

Әр топ мүшелері өз ойларын ортаға салып, жарыс сөзге шықты.

1-оқушы:  Жерлесіміз, біртуар сырлы да, шерлі Сәкен ақын туралы біз жан – жақты білдік. Әншейінде бармайтын кітапханаларға барып, шығармаларымен  емес, ақынның  жеке тағдырын да білдік. Гүлбаһрам жеңгемізге дейін махаббатта жолы болмапты. Гүлбаһрам жеңгеміздің де Сәкеннің Сәкен болып әдебиетіміздің биік шыңына  көтерілуіне  үлкен көмегі, үлесі тигенін оқып, білдік.

2-Оқушы:  Мен Сәкенді  жан –жақты оқып – танысқаныма өзімді бақытты санаймын. Нағыз қазақ екеніме Абай мен Сәкенді білу жеткілікті сияқты. Менің үлкен арманым – Сәкендей болу, Сәкен сияқты Отанымды, халқымды адал сүйіп, қасық қаным қалғанша қызмет ету.

Сөз кезегі сарапшыларға беріледі. (Әділ бағасын, ақ тілектерін айтты)

 

9. Үйге тапсырма беру.

«Өлімге жан екенсің қия алмайтын...» деген тақырыпқа  шығарма жазу. 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения