Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:Украина
Регион:Харьков
01.05.2014
0
657
0

Тапқыр достар

Казахстан, Мангистауская область, г. Актау

ГУ "Общеобразовательная средняя школа №5 с гимназическими классами"

Учитель казахского языка и литературы

Дербисалина Ляззат Рахманбердиевна

Мақсаты:

- оқушылардың тіл біліміне байланысты білімдерін ұштау, тіл байлық, сөздік қорларын байыту;
- белсенділікке , алғырлыққа, тапқырлыққа баулу

Түрі: сайыс сабақ
Көрнекілігі:
мультимедиа, плакат, әріптер
Барысы :
Мұғалім сөзі: Құрметті мұғалімдер, оқушылар, қонақтар! Сүйікті тілім - ана тілі мерекесіне орай ұйымдастырылған "Тапқыр достар" сайысына қош келдіңіздер.
Сүйсіндірсін сіздерді,
Мына атқан таңымыз .
Біздің сайыс сабаққа
Қош келдіңіз бәріңіз!
Жарыстарда озатын,
Бәрінен алда болатын
Болашаққа бүгіннен
Білімге қол созатын
"Бәйтерек", "Мирас" топтарын
Шақырамыз ортаға
Келді кез қол соғатын.
Сіздердің алдарыңызда тіл білімінен қаруланған шәкірттеріміз. Ендігі сөз кезегін соларға берелік 

"Таныстыру" сәті.
I.   Сайысымыздың бірінші сатысы "Сөз тапқанға қолқа жоқ"
деп аталады.

(Әр топ мүшелеріне әріптер таратылып беріледі.)

Шарт: Қойылған сұраққа сол әріптен басталатын сөзбен жылдам жауап берулері қажет.
1-топ.

Қазақ тілі қандай тіл?

Басқа тілде сөйлей аласың ба?

Тіл сабағы қызықты өтеді ме?

Мектеп пен үйіңнің арасы қанша шақырым?

Қай ақынды үлгі тұтасың?

Өлең шығара аласың ба?

Адам өмірге не үшін келеді?

Кітапты көп оқисың ба?

Қандай газет-журнал оқисың?

Өмірде не өлмейді?

2-топ.

Қазіргі шақта қазақ тілі қалай дамып бара жатыр?

Неше жасыңда тілің шықты?

2030 жылы сен неше жаста боласың?

Астана - бас қаламызда не бар?

Қандай пән қиын?

Тіл не үшін қажет?

Жанұяңда қанша жан бар?

Мектепке немен келесің?

Қай жазушы ұнайды?

Оқушы несімен үлгілі?

(Әділ қазылар алқасы ұтқыр жауапты көп берген топты анықтап, бағасын береді.

 Ең жоғарғы баға - "5")

ІІ.   Сайыстың екінші баспалдағы - "Ойлан, тап!" деп аталады .
Алдарыңызда берілген сөздердегі әріптерді қатыстырып сөздер
қүрастыру. Көбірек сөз құраған топ мүшелері ұтады. Әр сөз бір
ұпайға тең. ҚҰЛЫНШАҚ сөзі берілген.
Құл, құн, құшақ, ұшақ, қақ, лақ, шақ, шал, шана, шақа, қаш, қашақ, қалақ, қан, құлақ, құлқын, шала, ұлық, ұшық, ұшақ, үн, үл, қашқын.

III. Ендігі сайыс "Сен білесің бе?" деп аталады.

Алдарыңызда берілген ұяшықтың әрқайсысында сұрақтар жасырылған. Шешуін тапқан оқушы өз тобының қоржынына сонша ұпай салады. Бірінші кезекті "Бәйтерек" тобына берелік.
Сол жақтағы жоғарғы - "5" Бірде дауысты, бірде дауыссыз дыбыс?
Оң жақтағы жоғарғы - "5" Қазақ тілінде екпін қай буынға түседі?
Сол жақтағы төменгі - "5" Дауыссыз дыбыстар нешеу?
Оң жақтағы төменгі -"5" Қазақ тілі қандай тілдер тобына жатады?
Жоғарғы -"10" Дүние жүзінде қанша тіл бар?
Төменгі-"10" Тосын сұрақ.
Оң жақ ортадағы - "15" Тіл білімінің негізін салған кім ?
Сол жақ ортадағы - "15" Тіл туралы Заң қашан қабылданды? (Ұпай санын шығарады.)

ІҮ. Келесі кезекте "Тапқыр достар" бір-біріне өздері даярлап келген сұрақтарын қойып, жауаптарын алуы тиіс. (Сұрақтар қойылады, жауаптың дұрыс-бұрыстығына көз жеткізу)
Бүгінгі "Тапқыр достар" сайысының барлық баспалдағынан өтіп болдық. Жеңімпаз топты анықтау үшін сөз кезегі әділ қазы ұстаздарға беріледі.

 (Әділ қазы өз бағасын беріп, жеңімпаз топты анықтайды.)

Ү. Қорытынды: Мұғалім сөзі.
Мақтанышым ар намысым -Қасиетті қазақ тілім!
Сенсің менің бар дауысым -Ғаламдағы ғажап тілім !
Тілдің бәрі қымбат маған!
Әр ұлт тілін құндақтаған!
Бәрінен де сен артықсың
-Ана тілім, жыр баптаған ! 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения